Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет НҚА Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы

Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Элиталық тұқымдарды субсидиялау» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Гербицидтер құнын арзандатуға субсидиялау» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) сатып алуға арналған шығындарды субсидиялау» мемлекеттік қызмет стандарты;
4) «Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық екпелерін егу мен өсіруді субсидиялау» мемлекеттік қызмет стандарты;
5) «Қорғалған топырақ жағдайларында өсірілетін көкөніс дақылдарын субсидиялау» мемлекеттік қызмет стандарты;
6) «Мақта өңдеу ұйымдарына қабылдау кезінде мақта талшығының және шитті мақсатын сапасын сараптауға шығындарды субсидиялау» мемлекеттік қызмет стандарты;
7) «Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын өткізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдарының және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік қызмет стандарты.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов

«Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Қосымша

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus