Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет НҚА Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 16.10.2012 17:00:12

 

Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 705 Қаулысы

 

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабының 24-12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 31 мамырдағы

№ 705 қаулысымен

бекітілген

Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын

Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру

 қағидалары

1. Жалпы ережелер

 

1. Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабының 24-12) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Осы Қағидалар Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция (бұдан әрі – Конвенция) бойынша әкімшілік органның Конвенцияның 1, 2, 3-қосымшаларына енгізілген жабайы жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелу, одан тысқары жерлерге әкету үшін қажет рұқсат беру тәртібін белгілейді.

3. Қағидаларда мынадай негізі ұғымдар пайдаланылады:

1) үлгі – Конвенцияның 1, 2, 3-қосымшаларына енгізілген кез келген тірі немесе өлі жануар немесе олардың оңай танылатын кез келген бөлігі немесе дериваты;

2) әкімшілік орган – Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындаған ұлттық әкімшілік орган;

3) ғылыми ұйым – Конвенция бойынша ғылыми қорытынды беру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындаған ұйым;

4) тарап – өзі үшін Конвенция күшіне енген мемлекет;

5) өтініш беруші – әкімшілік орган мен ғылыми ұйымға үлгілерді әкелуге және әкетуге өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;

6) рұқсат – әкімшілік органның үлгілерді әкелуге және әкетуге ресми рұқсат құжаты.

2. Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасына

әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру тәртібi

4. Үлгілерді әкелуге, әкетуге ғылыми қорытынды алу үшін өтініш беруші ғылыми ұйымға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жібереді.

5. Ғылыми ұйым өтініш келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны қарап, ғылыми қорытынды береді.

6. Ғылыми қорытынды ғылыми ұйымның фирмалық бланкісінде ресімделеді, оған уәкілетті лауазымды адам қол қояды және ғылыми ұйымның мөрі басылады.

7. Мынадай:

1) өтініш белгіленген нысан бойынша берілмеген;

2) ұсынылған құжаттарда дұрыс емес мәліметтер болған;

3) үлгілерді әкелу және әкету олардың тірі қалуына қатер төндіретін жағдайларда өтініш берушіге ғылыми қорытынды беруден бас тартылады.

Құжаттардың сәйкессіздігі жойылғанда өтініш беруші ғылыми ұйымға қарауға құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімінде құжаттар топтамасымен бірге өтініш бере алады.

8. Үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат алу үшін өтініш беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік органға өтініш жібереді.

9. Әкімшілік орган өтініш келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қарап, ғылыми ұйымның қорытындысы болған жағдайда рұқсатты ресімдеуді жүргізеді.

Үлгілерді әкетуге әкімшілік органға берілетін өтінішке импорттаушы-елдің үлгілерді әкетуге рұқсаты қоса тіркеледі.

10. Мынадай:

1) өтініш белгіленген нысан бойынша берілмеген;

2) ұсынылған құжаттарда дұрыс емес мәліметтер болған жағдайларда өтініш берушіге рұқсат беруден бас тартылады.

Құжаттардың сәйкессіздігі жойылғанда өтініш беруші әкімшілік органға қарауға құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімінде құжаттар топтамасымен бірге өтініш бере алады.

11. Рұқсат осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі бланкіде ресімделеді, оған уәкілетті лауазымды адам қол қояды және әкімшілік органның мөрі басылады.

12. Үш данадағы (түпнұсқа және екі көшірме) рұқсат өтініш берушіге немесе өтініш берушінің сенімхаты бойынша басқа тұлғаға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес рұқсаттар беру журналына қол қойғызып беріледі.

Рұқсат сирек кездесетін және құрып кету қауіпі төнген жануарлар түрлері мен бекіре балықтарын, сондай-ақ олардың бөліктері мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес бюджетке мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат болған жағдайда беріледі, бұл ретте бюджетке мемлекеттік баж тиісті құжат берілгенге дейін төленеді.

13. Рұқсаттың түпнұсқасы үлгімен бірге жүреді, рұқсаттың екінші данасын өтініш беруші кедендік декларациялау органына тапсырады, рұқсаттың үшінші данасы өтініш берушіде қалады.

14. Рұқсат осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген ақпаратты қамтиды және берілген сәтінен бастап алты ай бойы ғана үлгілерді әкелу мен әкету үшін пайдаланылуы мүмкін.

15. Әкімшілік орган берген рұқсаттың барлық көшірмелерінде олардың тек қана көшірме болып табылатыны және құжатта атап өтілген жағдайларды қоспағанда, мұндай көшірменің бірде біреуі түпнұсқаның орнына пайдаланыла алмайтыны анық көрсетілуге тиіс.

Әрбір үлгі үшін жеке рұқсат талап етіледі.

16. Бұл орынды және мүмкін болған кезде әкімшілік орган үлгіні тануды жеңілдету үшін кез келген үлгіге ен сала алады. Осы мақсаттар үшін «ен» кез келген өшпейтін таңбаны, қорғасын пломбаны немесе бөтен адамдардың оны қолдан жасауы барынша қиын болатындай етіп орындалған үлгінің түпнұсқа екенін анықтаудың басқа да лайықты құралын білдіреді.

17. Рұқсатқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

 

Әкімшілік органның құрып кету қаупі

төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктерi

мен дериваттарын Қазақстан Республикасына

әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге

рұқсат беру қағидаларына

1-қосымша

 

Қазақстан Республикасындағы

әкімшілік органның ғылыми ұйымына

______________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы,

______________________________________

жеке тұлғаның (дара кәсіпкердің),

тегі, аты, әкесінің аты,

______________________________________

мекенжайы, телефоны және факс нөмірі)

Үлгілерді әкелуге, әкетуге ғылыми қорытынды алуға

ӨТІНІШ

 

___________________________________________________________ үлгілерін әкелуге және әкетуге ғылыми қорытынды беруді сұраймын.

(қажеттісінің астын сызу керек)

 

1

Әкелу, әкету мақсаты (коммерциялық операциялар, ғылыми зерттеулер, цирк қойылымдары немесе жылжымалы көрмелер, хайуанаттар парктері, ботаникалық бақтар мен мұражайлар арасындағы алыс-беріс, сондай-ақ жекелей тапсыру, аңшылық олжалар және басқалары)  

2

Атауы мемлекеттік, орыс және латын тілдерінде көрсетілген үлгі  

3

Үлгінің сипаттамасы (тірі жануарлар, терілер, тұлыптар, ұшалар, бас сүйектері, мүйіздері азулары, қаны, сондай-ақ бұйымдары және т.б.; тірі жануарлар үшін – жынысы мен жасы, бірдейлендіруші белгілерінің болуы)  

4

Үлгілердің саны немесе салмағы  

5

Үлгінің шығу тегі (табиғаттан алынған, жасанды жағдайларда шығарылған немесе өсірілген, немесе қандай құжаттардың негізінде басқа елден әкелінген, тәркіленген, сатып алынған, сыйға алынған немесе мұраға қалдырылған және басқалары);  

6

Экспорттаушы мен импорттаушының мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі заңды мекенжайы, олардың телефондары немесе факстары (жеке тұлғалар үшін – үйінің мекенжайы, паспорт деректері)  

 

Өтінішке мыналар қоса тіркеледі _____________________________________

(Мыналардың: мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (заңды тұлға үшін); бірдейлендіру нөмірімен мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (дара кәсіпкерлер үшін); жеке басын куәландыратын құжаттың (жеке тұлға үшін); үлгі Конвенцияға 1 және 2-қосымшаларға енгізілген жағдайда импорттаушы – ел рұқсатының көшірмелері).

 

20__ж._____________________ МО _______________________________

(өтініш берілген күн)     (өтініш берушінің Т.А.Ә., қолы)

 

Әкімшілік органның құрып кету қаупі

төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктерi

мен дериваттарын Қазақстан Республикасына

әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге

рұқсат беру қағидаларына

2-қосымша

 

Қазақстан Республикасындағы

әкімшілік органға

______________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы,

______________________________________

жеке тұлғаның (дара кәсіпкердің),

тегі, аты, әкесінің аты,

______________________________________

мекенжайы, телефоны және факс нөмірі)

Үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат алуға

ӨТІНІШ

 

Үлгіні әкелуге және әкетуге рұқсат беруді сұраймын _____________________________________________________________________

(қажеттісінің астын сызу керек)

 

1

Әкелу, әкету мақсаты (коммерциялық операциялар, ғылыми зерттеулер, цирк қойылымдары немесе жылжымалы көрмелер, хайуанаттар парктері, ботаникалық бақтар мен мұражайлар арасындағы алыс-беріс, сондай-ақ жекелей тапсыру, аңшылық олжалар және басқалары)  

2

Атауы мемлекеттік, орыс және латын тілдерінде көрсетілген үлгі  

3

Үлгінің сипаттамасы (тірі жануарлар, терілер, тұлыптар, ұшалар, бас сүйектері, мүйіздері азулары, қаны, сондай-ақ бұйымдары және т.б.; тірі жануарлар үшін – жынысы мен жасы, бірдейлендіруші белгілерінің болуы)  

4

Үлгілердің саны немесе салмағы  

5

Үлгінің шығу тегі (табиғаттан алынған, жасанды жағдайларда шығарылған немесе өсірілген, немесе қандай құжаттардың негізінде басқа елден әкелінген, тәркіленген, сатып алынған, сыйға алынған немесе мұраға қалдырылған және басқалары);  

6

Экспорттаушы мен импорттаушының мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі заңды мекенжайы, олардың телефондары немесе факстары (жеке тұлғалар үшін – үйінің мекенжайы, паспорт деректері)  

 

Өтінішке мыналар қоса тіркеледі _________________________________________________________________________

(мыналардың: құрылтпй құжат және мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (заңды тұлға үшін); бірдейлендіру нөмірімен мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (дара кәсіпкерлер үшін); жеке басын куәландыратын құжаттың (жеке тұлға үшін); жеке мақсаттарда әкетуді жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда, осы әкетуді жүзеге асыру ниетін растайтын экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы келісім-шарт немесе шарт; үлгі Конвенцияға 1 және 2-қосымшаларға енгізілген жағдайда импорттаушы-ел рұқсаты; ғылыми ұйымның қорытындысы; құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлері мен бекіре балықтарын, сондай-ақ олардыңбөліктері мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат беру үшін бюджетке мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжатының көшірмелері).

 

20__ж.________________ МО _______________________________

(өтініш берілген күн)          (өтініш берушінің Т.А.Ә., қолы)

 

Әкімшілік органның құрып кету қаупі

төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктерi

мен дериваттарын Қазақстан Республикасына

әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге

рұқсат беру қағидаларына

3-қосымша

Конвенция о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения (СИТЕС)

ОРИГИНАЛ

Original

Convention on International Trade in Endangered Species of Wild Fauna and Flora (CITES)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан

Ministry of Agriculture of the Republic of Kazakhstan

 

 

Экспорт

Export

Қазақстан Республикасындағы СИТЕС әкімшілік органы

Административный орган СИТЕС в Республике Казахстан

Management Authorities for CITES in the Republic of Kazakhstan

 

010000, Ministry House, Orynbor 8, Astana city, Republic of Kazakhstan Tel.: (+7172) 743325 Fax: (+7172) 743300

 

Импорт

Import

 

Реэкспорт

Re-export

 

Прочие

Other

Экспортер / Реэкспортер:

Exporter / Re-exporter:

Разрешение №:

Permit №:

Защитная марка №:

Security stamp №:

Действительно до:

Valid until:

Импортер:

Importer:

Особые условия:

Special conditions:

Для живых животных данное разрешение действительно только, если условия транспортировки соответствуют рекомендациям СИТЕС, а в случае авиаперевозки правилам ИАТА

For live animals this permit is only valid if the transport conditions conform to the CITES Guidelines for Transport of Live or, in the case of air transport, to the IATA Live Animal Regulations

Русское и латинское название животного или растения

Russian and scientific name of animal or plant

Описание образца, включая метки

Description of specimens, including identifying marks or numbers

Приложение

Appendix

Источник

Source

Цель

Purpose

Количество экземпляров или вес

Quantity: number of specimens or weight

А          

Страна происхождения

Country of origin

Номер разрешения и дата

Permit № and date

В  

 

 

 

 

Страна происхождения

Country of origin

Номер разрешения и дата

Permit № and date

Настоящее разрешение выдано:

This permit was issued on: ______________ ___________________________________________

Дата / Date Защитная марка, подпись и печать

Казахстан / Kazakhstan Security stamp, signature and official seal

Подтверждение экспорта / реэкспорта

Заполняется в пункте пересечения таможенной границы Республики Казахстан

Пункт пропуска: _________________

Дата: ___________________________

Подпись должностного лица и печать: _________________________

Номер коносамента/авианакладной: ___________________________

Название образца

Количество

А  
В  
               
  CITES PERMIT/CERTIFICATE №            
                               

Әкімшілік органның құрып кету қаупі

төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктерi

мен дериваттарын Қазақстан Республикасына

әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге

рұқсат беру қағидаларына

4-қосымша

Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын

Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру журналы

Р/с

Кімге берілді

Үлгінің атауы

Саны

Қайда/қайдан

Рұқсат берілген күн және нөмірі

Алушының Т.А.Ә., сенімхат

Алушының қолы

1

2

3

 

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus