Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет НҚА Аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидаларын бекіту туралы

Аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидаларын бекіту туралы

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 16.10.2012 17:01:45

 

Аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 725 Қаулысы

 

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабының 24-6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 1 маусымдағы

№ 725 қаулысымен

бекітілген

Аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды

есепке алуды жүргiзу және тiркеу

 қағидалары

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және аңшылықта пайдаланылатын және қолда ұсталатын аушы жыртқыш құстарды есепке алу және тіркеу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстар – аңшылықта пайдаланылатын бүркіт, сұңқар және қырғи;

2) қысқа мерзімді қолда ұстай тұру – аушы жыртқыш құстарды 10 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қолда ұстай тұру;

3) паспорт – аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы (бұдан әрі – қауымдастық) дайындайтын аушы жыртқыш құстардың тұрақты түрде қолда ұсталуының заңдылығы мен оның тіркелуін куәландыратын құжат.

3. Қазақстан Республикасының аумағында қолда ұсталатын, аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстар үш айға дейінгі мерзімге уақытша әкелінген немесе қысқа мерзімді уақытша қолда ұстауда тұрған құстардан басқа, қауымдастықта есепке алынуға және тіркелуге жатады.

2. Аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу тәртібі

 

4. Аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алу мен тіркеу жүргізуді қауымдастық жүзеге асырады.

5. Аушы жыртқыш құсты есепке алу және тіркеу үшін:

1) аушы жыртқыш құстың түрі, оның жынысы, туған жылы, қолда ұсталу мақсаты, қолда ұстаудың болжамды кезеңі, аушы жыртқыш құстың сатып алынған жері және тәсілі, сақиналарының немесе микрочиптерінің болуы, өтініш берушінің паспорттың деректері мен мекенжайы көрсетілген, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке немесе заңды тұлғаның өтініші;

2) аушы жыртқыш құстың сатып алыну заңдылығын растайтын құжаттар (алуға рұқсаттың, сатып алу-сату шартының, түбіртектің және (немесе) төлем құжатының көшірмелері) және бұрынғы иесінің атына ресімделген аушы жыртқыш құстың паспорты;

3) аңшы куәлігінің көшірмесі;

4) жеке тұлғаның жеке куәлігінің немесе паспортының және (немесе) заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі беріледі.

6. Қолда ұсталған және шыққан жерінде тұратын аушы жыртқыш құстардың паспорттарын ресімдеу дүниеге келген күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін, бірақ олармен аң аулау басталудан кешіктірілмей жүргізіледі.

7. Қауымдастық аушы жыртқыш құстар түрінің (жынысының, жасының) сәйкестігін және олардың сипаттамасын, оларға салынған ендерді, аушы жыртқыш құстарды бағып-күту жағдайының болуын тексереді. Аушы жыртқыш құстар тұрақты түрде қолда ұстау үшін алынбайтын сақиналармен немесе микрочиптермен белгіленуі тиіс.

8. Аушы жыртқыш құстарда ен болмаған жағдайда қауымдастық микрочиптермен ен салуды ұйымдастарды.

9. Аушы жыртқыш құсты тіркеу ол заңсыз олжаланған немесе сатып алынған жағдайларда жүргізілмейді.

10. Аушы жыртқыш құстың осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ресімделген паспортын қауымдастық өтініш тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде береді.

11. Әрбір аушы жыртқыш құсқа, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аушы жыртқыш құсты есепке алу карточкасы толтырылады.

12. Аушы жыртқыш құс пен оның иесі туралы мәліметтер осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аушы жыртқыш құстарды тіркеу журналына енгізіледі.

13. Тіркелген аушы жыртқыш құс аңшылық үшін пайдаланылған жағдайда аушы жыртқыш құстың түрі, сақинаның немесе микрочиптің нөмірі, паспортының нөмірі көрсетіліп, аңшы куәлігіне жазба жүзеге асырылады.

14. Аушы жыртқыш құс табиғатқа жіберілген жағдайда жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомстволық уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелері мен қауымдастық өкілдерінің қатысуымен иесінің тұрғылықты жер бойынша аушы жыртқыш құсты босату туралы акт жасалады.

15. Аушы жыртқыш құс жоғалып кеткен және өлген жағдайда оның иесі 3 (үш) жұмыс күнi ішінде өзі тиісті акт ресімдейді және оны қауымдастыққа есептен алу үшін береді.

16. Аушы жыртқыш құс иесінің тұрғылықты жері ауысқан немесе иесі ауысқан жағдайда оның иесі осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес 5 (бес) жұмыс күні ішінде мекенжайды өзгерту және (немесе) паспортты қайта ресімдеу үшін қауымдастыққа құжаттар береді.

17. Осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен ресімделмеген аушы жыртқыш құстар заңсыз олжаланған болып есептеледі.

 

Аңшылықта пайдаланылатын аушы

жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу

және тiркеу қағидаларына

1-қосымша

 

 

Кімге __________________________________________________________________________________________________________

(қауымдастықтың толық атауы)

_______________________________________________________________________________________________________________

(заңды тұлғаның атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (толық),

 

_______________________________________________________________

паспорт деректері

_______________________________________________________________

(мекенжайы, телефон және факс нөмірі)

Аушы жыртқыш құстың паспортын ресімдеуге арналған

 өтініш

___________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________ аушы жыртқыш құсының паспортын ресімдеуді сұраймын

Аушы жыртқыш құстың түрі, жынысы, туған жылы _______________________________________________________________________

Ұстау мақсаты және орны ____________________________________________________________________________________________

Ие болу тәсілі _______________________________________________________________________________________________________

Сақиналары немесе микрочиптерінің болуы туралы мәліметтер _____________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________

 

20 __ жылғы _________ ________________________________

(өтінім берілген күн) (қолы, Т.А.Ә.,)

 

МО (заңды тұлғалар үшін)

 

Аңшылықта пайдаланылатын аушы

жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу

және тiркеу қағидаларына

2-қосымша

Аушы жыртқыш құстың паспорты

(НӨМІР)

Түрдің атауы ______________(қазақша)

___________________________(ғылыми)

Жынысы ________ Туған жылы _______

Сақинасы (алынбайтын) ______________

Микрочипі _________________________

Айырықша белгілері _________________

Аушы жыртқыш кұстың шығу тегі ______

Иесі _______________________________

Иесінің құжаты _____________________

нөмірі _____________________ берілді

Аушы жыртқыш құстың тіркелу күні мен нөмірі ____________________________

«Аушы жыртқыш құстың паспортын» берген ұйым _________________

________________________ (қолы)

 

МО

(НОМЕР)

Название вида ________________(русское)

______________________________(научное)

Пол __________ Год рождения ___________

Кольцо (несъемное) ____________________

Микрочип ____________________________

Особые приметы_______________________

Происхождение хищной ловчей птицы ______________________________________

Владелец ______________________________

Документ владельца ____________________

номер _____________ выдан _____________

Дата и номер регистрации хищной птицы ______________________________________

Организация, выдавшая «Паспорт хищной птицы»_______________________________

_____________________________ (подпись)

 

МП

 

(НОМЕР)

Name of species __________ (English)

________________________(scientific)

Sex __________ Birth date _____________

Ring __________ Microchip ____________

Special marks _______________________

Origin of the bird _____________________

Name of owner ______________________

Document of owner ___________________

number __________ issued ____________

Date of registration of the bird ___________

Authorized agency ____________________

___________________ (signature)

(S.P.)

Мекенжайы Адрес Address

______________________________________

______________________________________

______________________________________

______________________________________

______________________________________

Паспорттың мұқабасы

АУШЫ ЖЫРТҚЫШ ҚҰСТЫҢ ПАСПОРТЫ

 

ПАСПОРТ ЛОВЧЕЙ ХИЩНОЙ ПТИЦЫ

 

PASSPORT OF BIRD OF PREY

 

Аңшылықта пайдаланылатын аушы

жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу

және тiркеу қағидаларына

3-қосымша

№ _____________ АУШЫ ЖЫРТҚЫШ ҚҰСТЫ ЕСЕПКЕ АЛУ

КАРТОЧКАСЫ

Түрдің атауы ______________________________________________________________________________________________

(қазақша, орысша)

(ғылыми)
Жынысы ________________________________________ Туған жылы _______________________________________________
Сақинасы (алынбайтын) _____________________________________________________________________________________
Микрочипі ________________________________________________________________________________________________
Айрықша белгілері _________________________________________________________________________________________
Аушы жыртқыш құстың шығу тегі _____________________________________________________________________________
Аушы жыртқыш кұс алынған рұқсаттың нөмірі _________________________________________________________________
Иесі ______________________________________________________________________________________________________
Иесінің құжаты ____________________________________________________________________________________________
нөмірі _____________________ _______________ ______________________ берілді
Иесінің мекенжайы _________________________________________________________________________________________
Аушы жыртқыш құстың тіркелу күні мен нөмірі ______________________________________\___________________________
«Аушы жыртқыш құстың паспорты» нөмірі _____________________________________________________________________
Паспортты алдым. Иесі _____________________________________

(қолы)

Карточканы толтырған адамның қолы _________________________________________________________________________

Аңшылықта пайдаланылатын аушы

жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу

және тiркеу қағидаларына

4-қосымша

Аушы жыртқыш құстарды

тіркеу журналы

Жазба №

Аушы жыртқыш құстарды есепке алу карточкасының №

Аушы жыртқыш құс паспортының №

Құстың түрі

Сақина, микрочип №

Иесі (Т.А.Ә.), заңды тұлғаның атауы

Иесінің мекен-жайы

Тіркелген күні

1

2

3

4

5

6

7

8

1

2

3

4

 

 

 

 

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus