Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет НҚА Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 16.10.2012 17:03:42

 

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 маусымдағы № 734 Қаулысы

 

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1330 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 631-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 2 маусымдағы

№ 734 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу

қағидалары

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу тәртібін айқындайды.

2. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы (бұдан әрі – Қызыл кітап) Қазақстан Республикасының аумағындағы өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің жай-күйі туралы мәліметтер жиынтығын, оларды зерттеу, қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі қажетті шараларды қамтитын сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлар түрлері тізбелерінің түрлі-түсті суреттермен безендірілген басылымы болып табылады.

3. Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтағы қайраңында және айырықша экономикалық аймағында құрлықта, суда, атмосферада және топырақта тұрақты немесе уақытша табиғи еркіндік жағдайында мекендейтін өсімдіктер (сабақты және аласа) мен жануарлардың (омыртқалы және омыртқасыз) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері (қосымша түрлері, таралымдары) (бұдан әрі – өсімдіктер мен жануарлар түрлері (қосымша түрлері, таралымдары) осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен Қызыл кітапқа енгізіледі.

4. Саны және орнықты өмір сүру жағдайлары олардың өсімін молайтуға және табиғи еркіндік жағдайында тектік қорын сақтауға қатер төндірмейтін шекке дейін қалпына келтірілген өсімдіктер мен жануарлардың түрлері (қосымша түрлері, таралымдары) осы Қағиадаларда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қызыл кітабынан алып тастауға жатады.

2. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу тәртібі

 

5. Қызыл кітап екі томнан тұрады: жануарлар (1-том) және өсімдіктер (2-том). Әрбір том бір кітап немесе бірнеше бөлік (бөлімдер топтары немесе жеке бөлімдер бойынша) түрінде шығарылады.

6. Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер мен жануарлардың әрбір түрі (қосымша түрлері, таралымдары) үшін мынадай негізгі мәліметтер келтіріледі:

1) түрдің (қосымша түрдің, таралымның) мемлекеттік, орыс және латын тілдеріндегі атауы;

2) мәртебесі;

3) сыртқы түрінің бейнесі;

4) картаға түсірілген Қазақстан Республикасында бұдан бұрын және қазіргі таралуы;

5) саны және оның өзгеру үрдісі;

6) мекендеу орындары, лимиттеудің негізгі факторлары және саны мен таралу аймағының өзгеру себептері;

7) биологиясының ерекшеліктері, қолда өсіру мүмкіндігі туралы мәліметтер;

8) қабылданған және қажетті қорғау шаралары;

9) зерттеу бойынша ұсыныстар;

10) ақпарат көздері.

Қажет болған жағдайларда, сондай-ақ ағзасының дамуына тән жас және маусымдық ерекшеліктерінің бейнесі (құрт, жұмыртқа салу, қуыршақ, өсімдік бөліктері) және басқа да деректер келтіріледі.

7. Өсімдіктер мен жануарлар түрлерін Қызыл кітапқа енгізу және одан шығару жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін ведомствоаралық ботаникалық және зоологиялық комиссиялар (бұдан әрі – комиссиялар) құрылады.

8. Комиссиялардың құрамы мен ережелерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекітеді.

9. Өсімдіктер мен жануарлардың таралуы, мекендеу орындары, тіршілік ету салты, биологиясы, саны, лимиттеу факторлары туралы, мекендеу жағдайларының өзгеруі туралы, сондай-ақ өлім-жітімге ұшырау, ауру жағдайлары туралы мәліметтерді жинау мен талдауды өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілері жай-күйінің ғылыми зерттеулері мен мониторингінің нәтижелері бойынша уәкілетті органның ведомствосы қамтамасыз етеді.

10. Өсімдіктер мен жануарлар түрлері туралы мәліметтер жинауды ғылым саласындағы уәкілетті органның мамандандырылған ғылыми ұйымдары, өздерінің қызмет түрі бойынша өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің түрлерін зерттеумен және қорғаумен байланысты жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

Бұл орайда анықталған өсімдіктер мен жануарлар түрлері (қосымша түрлері, таралымдары) санының қысқаруы, олардың таралу аймағының азаюы, оларды қорғау жөнінде шаралар қолдану қажеттігіне айғақ болатын тіршілік ету жағдайларының жайсыз өзгерістері туралы деректер уәкілетті органның ведомствосына жіберіледі.

11. Уәкілетті органның ведомствосы алынған деректерді комиссиялардың өсімдіктер мен жануарлар түрлерін (қосымша түрлерін, таралымдарын) Қызыл кітапқа енгізу немесе одан алып тастау туралы ұсыныстар әзірлеуі үшін олардың қарауына жіберу туралы бір ай мерзім ішінде шешім қабылдайды.

12. Комиссиялар уәкілетті органға өсімдіктер мен жануарлардың белгілі бір түрлерін (қосымша түрлерін, таралымдарын) Қызыл кітапқа енгізу немесе одан алып тастау туралы ұсыныстар енгізеді.

13. Уәкілетті орган комиссиялардың ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына өсімдіктер мен жануарлар түрлерін (қосымша түрлерін, таралымдарын) өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесіне енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын енгізеді.

14. Қызыл кітапты жүргізуді уәкілетті орган бюджет қаражатының және Қазақстан Республикасының заңнамасы тыйым салмаған көздер есебінен жүзеге асырады.

15. Қызыл кітап мемлекеттік және орыс тілдерінде шығарылады, сондай-ақ кез келген басқа тілде шығарылуы мүмкін.

16. Қызыл кітап түпнұсқасының күші бірдей үш данада дайындалады, бұл ретте: екі данасы – уәкілетті органның ведомствосында, үшіншісі – ғылым саласындағы уәкілетті органда болады.

Қызыл кітапқа толықтырулар мен өзгерістер бір мезгілде үш данаға енгізіледі. Қалған даналардың барлығы Қызыл кітаптың телнұсқалары болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар қайта басып шығаруы мүмкін.

Қызыл кітап он жылда бір рет кезеңділікпен қайта басылады.

17. Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің түрлі-түсті суреттері берілген тізбелері ресми жарияланады, сондай-ақ уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

 

 

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus