Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет НҚА Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 16.10.2012 17:05:56

 

Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 маусымдағы № 773 Қаулысы

 

«Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидалары бекiтiлсiн.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2012 жылғы 9 маусымдағы

№ 773 қаулысымен

бекiтiлген

Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу

қағидалары

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу тәртібін реттейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) мақта иесі – меншік құқығында шитті мақта және (немесе) мақта талшығы және (немесе) мақта тұқымы бар жеке немесе заңды тұлға;

2) кондициялық масса – стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда айқындалған ластану мен ылғалдылықтың бірыңғай нормаларына келтірілген мақтаның салмағы;

3) мақтаның сандық-сапалық есебі – шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу кезіндегі мақтамен жасалатын барлық операцияларды есепке алу және тіркеу жүйесі;

4) мақта партиясы – мақтаның сапасы туралы деректері бар құжаттармен ресімделген, селекциялық және өнеркәсіптік сорты бір, сапасы бойынша біртекті мақтаның оқшау өлшемі;

5) нақты салмағы – таразыларда өлшеу жолымен айқындалған мақта массасы;

6) шитті мақтаның есептік салмағы – стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда айқындалған ластану нормасына келтірілген шитті мақтаның салмағы;

7) мақта қабылдау пункті – шитті мақтаны қабылдауға, сақтауға және босатуға арналған мамандандырылған құрылыс.

2. Мақта қабылдау пунктінде мақтаның сандық-сапалық

есебін жүргізу

 

3. Мақтамен жасалатын барлық операцияларды, сандық-сапалық есепті және тиісті құжаттарды ресімдеуді 1 килограмға дейінгі дәлдікпен нақты, есептік салмақта және кондициялық массада мақта тазалау зауыты (мақта қабылдау пункті) жүргізеді.

4. Мақта қабылдауды тиісті әкімшілік аумақтағы мақта қабылдау пункттері және мақта тазалау зауытының жанындағы жұмыс істейтін мақта қабылдау пункті жүзеге асырады.

5. Мақта қабылдау пункті шитті мақтаны қабылдауды мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

1) мақта қабылдау пунктінде шитті мақтаны қабылдауды ресімдеу;

2) шитті мақтаның кондициялық массасын айқындау;

3) шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен тиеп жөнелтуді ресімдеу.

6. Мақта қабылдау пунктіне түсетін шитті мақтаны, қабылданатын шитті мақтаның сорты мен сапасын сыртқы түрі бойынша айқындайтын мақта қабылдау пунктінің меңгерушісі сапасы бойынша, мақтаны белгіленген тәртіппен тексеруден өткен таразыларда өлшенгеннен кейін ІІ-аймақтың тауартанушысы саны бойынша қабылдайды.

7. Өлшеу нәтижелері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мақта қабылдау пунктінде шитті мақтаны қабылдаудың таразы журналына енгізіледі.

8. Шитті мақтаны қабылдау тауарлық-көліктік жүкқұжаттар негізінде партиялармен жүргізіледі. Күні бойы әрбір тауарлық-көліктік жүкқұжат бойынша қабылданған шитті мақтаның нақты массасын жазу өнеркәсіптік сорттар бойынша бөлек жүргізіледі.

9. Шитті мақтаның сынамаларын іріктеу шитті мақтаны түсіру орындарында оны өлшегенге дейін жүргізіледі.

10. Қабылданған шитті мақтаның сапа көрсеткіштерін айқындауды мақта қабылдау пунктінің зертханасы жүргізеді.

11. Шитті мақтаның сынамасын талдау нәтижелерін мақта қабылдау пункті зертханасының зертханашысы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес шитті мақтаны талдау карточкасына және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес шитті мақтаның ылғалдылығы мен ластануын талдау нәтижелерін тіркеу журналына енгізеді.

12. Тауарлық-көліктік жүкқұжаттар мен шитті мақтаны талдау карточкалары негізінде мақта қабылдау пунктінің бухгалтері бір күнде қабылданған селекциялық сорты бір, жинау түрі мен мақсаты (тұқымдық, техникалық) бір шитті мақтаға және соңынан жиналғанға бөлек осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес шитті мақтаны қабылдау туралы квитанцияны үш данада ресімдейді, оның біреуі мақта иесіне беріледі.

Шитті мақтаны қабылдау туралы квитанцияда ластану мен ылғалдылықтың нақты пайызы зертханалық талдау негізінде әрбір өнеркәсіптік сорт бойынша бөлек жазылады.

13. Бір күндік жиынтық деректер қабылданған шитті мақтаның әрбір партиясы бойынша шитті мақтаны қабылдау туралы квитанциялардан күн сайын осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес шитті мақтаның сандық-сапалық есеп кітабына шитті мақтаның кірісіне жазылады.

14. Шитті мақтаның сандық-сапалық есебі кітабында шитті мақтаның есебін мақта қабылдау пунктінің меңгерушісі нақты, есептік салмағы және кондициялық массасы бойынша жүргізеді.

15. Күн соңында шитті мақтаны қабылдау туралы квитанцияның екі данасы тауарлық-көліктік жүкқұжаттармен бірге мақта қабылдау пунктінің бухгалтериясына ластану мен ылғалдылықтың орташа өлшенген көрсеткіштерін есептеу үшін беріледі.

16. Мұнымен қатар мақта қабылдау пунктінің бухгалтериясына қабылданған партиялар бөлінісінде шитті мақтаны талдау карточкалары беріледі.

17. Шитті мақтаның кондициялық массасын есептеу қабылданған күні айқындалған ластану мен ылғалдылық көрсеткіштері бойынша жүргізіледі және түпкілікті болып табылады.

Жинақталған партиялардан іріктелген шитті мақтаның сынамалары бойынша қабылдаудан кейін жүргізілген сорт, ылғалдылық және ластану бойынша талдау нәтижелері қабылдау кезінде анықталған шитті мақтаның сапа көрсеткіштері мен қабылдау күні белгіленген шитті мақтаның кондициялық массасын өзгертуге негіз бола алмайды.

3. Шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен тиеп

жөнелтуді ресімдеу

18. Шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына тиеп жөнелту селекциялық және өнеркәсіптік сорттар, жинау түрлері бойынша біртекті партиялармен жүзеге асырылады және тауарлық-көліктік жүкқұжаттармен (үш данада) ресімделеді. Мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына тиеп жөнелтілетін шитті мақта міндетті түрде өлшеуге жатады.

19. Мақта қабылдау пунктінің зертханасы тиеп жөнелтілетін шитті мақтаға барлық жағдайларда ластануы мен ылғалдылығына талдау жүргізеді. Жауын-шашын немесе ауа температурасы жоғары болған жағдайда сынамаларды іріктеу партияны жөнелтуге дейін бір сағат бұрын жүргізіледі.

20. Шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына тиеп жөнелту кезінде тауарлық-көліктік жүкқұжат бланкінде шитті мақтаның салмағы (брутто, ыдыс, нетто), сорты көрсетілуі және лауазымды тұлғалардың қолдары қойылуы тиіс. Шитті мақтаның тиеп жөнелтілетін партиясының ластану мен ылғалдылық көрсеткіштері тиеп жөнелтілетін күнгі соңғы тауарлық-көліктік жүкқұжатқа жазылады.

21. Шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына тиеп жөнелту кезінде мақта қабылдау пунктінің зертханашысы біріктірілген сынаманы қалыптастырады. Барлық бір күндік партияның деректері күн сайын шитті мақтамен соңғы машинаны жөнелту кезінде соңғы жүкқұжатқа жазылады.

22. Тауарлық-көліктік жүкқұжаттарда сорт көрсеткішін мақта қабылдау пункті шитті мақтаның сандық-сапалық есебі кітабының деректері бойынша, ал ластану мен ылғалдылық көрсеткіштерін – шитті мақтаның партиясын мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына жөнелтуге дейінгі талдау деректері бойынша көрсетеді.

23. Шитті мақтаның басталған партиясын әкетуді тоқтатуға немесе алдыңғы партияны әкету аяқталғанға дейін басқа партияны тиеуді бастауға жол берілмейді.

24. Мақта тазалау зауыты орналасқан жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктінен шығарылған шитті мақтаның әрбір партиясы бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес шитті мақтаны қабылдау мен мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына жөнелтуді салыстырып тексеру актісі жасалады.

25. Шитті мақтаны қабылдау мен мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына жөнелтуді салыстырып тексеру актісін мақта қабылдау пунктінің меңгерушісі, II аймақтың тауартанушысы, мақта қабылдау пункті зертханасының меңгерушісі мен бухгалтер құрамындағы комиссия осы партияны әкеткеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жасайды.

26. Шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына қабылдау мен жөнелтуді салыстырып тексеру актісі шитті мақтаның сандық-сапалық есебі кітабының деректері негізінде үш данада жасалады, оның екеуі қарауға және ол бойынша шешім шығару үшін әкету аяқталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мақта тазалау зауытына жіберіледі.

27. Мақта қабылдау пунктінде сақтау кезінде шитті мақта бір партиядан екінші партияға ауыстыру болған жағдайда, бұл ауыстыру құжатты расталуы және шитті мақтаның сандық-сапалық есебі кітабына енгізілуі тиіс (бір партияда кіріске алынады, екінші партияда шығысқа шығарылады). Шитті мақтаны қабылдау мен мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына жөнелтуді салыстырып тексеру актісінде шитті мақтаның массасы осы ауыстыруды ескере отырып көрсетілуі тиіс.

28. Шитті мақтаны бір материалды жауапты тұлғадан екіншісіне өлшеусіз және актімен ресімдеусіз беруге жол берілмейді.

29. Шитті мақтаның нақты салмағы, кондициялық массасы есептеліп, өткізілген қабылдау нәтижелерімен мақта қолхаттары ресімделеді.

4. Шитті мақтаны мақта тазалау зауытында қабылдау

30. Шитті мақтаны мақта тазалау зауытында қабылдау:

1) шитті мақтаны мақта тазалау зауытында қабылдауды ресімдеуді;

2) шитті мақтаны тазалауды ресімдеуді;

3) шитті мақтаны бастапқы қайта өңдеу өнімдерін тиеп жөнелтуді ресімдеуді;

4) шитті мақтаны қабылдау мен тиеп жөнелту нәтижелерін салыстырып тексеруді жүргізуді;

5) түгендеуді қамтиды.

31. Мақта қабылдау пункттерінен мақта тазалау зауытына түсетін барлық шитті мақта қабылдау кезінде қайта өлшеуге жатады.

32. Егер мақта тазалау зауытында мақта қабылдау пункттерінен шитті мақтаны қабылдау кезінде мақта талшығының төменгі сорттарға ауысуы орын алса, мақта тазалау зауытының басшысы әрбір жағдай бойынша себептерін анықтайды (партияны жинақтау кезінде сапаны жеткіліксіз бақылау, шитті мақтаны бүлдіру).

33. Мақта қабылдау пункттерінен шитті мақта түсу процесінде мақта тазалау зауытында сорты бір, бірақ мақта талшығының күтулі сорты бойынша бағалауы әртүрлі шитті мақтаны бір партияға жинақтауға жол берілмейді.

34. Мақта тазалау зауытында мақта қабылдау пункттерінен шитті мақтаны қабылдау мынадай параметрлерді ескере отырып жүзеге асырылады:

1) мақта қабылдау пункттерінің деректері бойынша шитті мақтаның сорты;

2) өлшеу жолымен шитті мақтаның нақты массасы;

3) мақта тазалау зауытының зертханасы айқындаған ластану мен ылғалдылық көрсеткіштері бойынша есептелетін шитті мақтаның есептік салмағы мен кондициялық массасы.

Ластану мен ылғалдылық көрсеткіштері бойынша мақта қабылдау пункті мен мақта тазалау зауыты арасындағы алшақтық стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда айқындалған белгіленген рұқсат шегінен аспаған жағдайларда, кондициялық массаны есептеу үшін мақта қабылдау пунктінде белгіленген ластану мен ылғалдылық көрсеткіштері қолданылады.

35. Мақта тазалау зауыты мен мақта қабылдау пунктінде талдаулар белгіленген рұқсаттан жоғары алшақтық кезінде мақта қабылдау пунктінің өкілі шақырылып, оның қатысуымен қалған сынамаға талдау жүргізіледі. Егер алшақтық жол беретін ауытқулардан жоғары болса, мақта қабылдау пунктінен бір күнде түскен шитті мақтаның кондициялық массасын белгілеу үшін талдаулар нәтижелері түпкілікті болып табылады. Басқа жағдайда есептеулер үшін мақта қабылдау пунктінің талдау көрсеткіштері қабылданады.

36. Мақта қабылдау пунктінен түсетін шитті мақтаның әрбір партиясы бойынша орташа тәуліктік сынама іріктеу жүргізіледі.

Мақта тазалау зауыты зертханасының талдау нәтижелері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес шитті мақтаның ылғалдылығы мен ластануын талдау нәтижелерін тіркеу журналына жазылады. Мақта тазалау зауытының бухгалтериясына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес шитті мақтаны талдау карточкасы беріледі.

37. Мақта тазалау зауытына түсетін шитті мақта өлшеуден кейін ІІ аймақтың тауартанушысы мен мақта тазалау зауытының бухгалтериясы жүргізетін шитті мақтаның сандық-сапалық есебі кітабына кіріске енгізіледі.

Бір күнде қабылданған және шитті мақтаның жалпы жинақталған партиясы бойынша шитті мақтаның ластану мен ылғалдылықтың орташа өлшемді пайыздары стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда айқындалған шитті мақтаның ластану мен ылғалдылығының орташа өлшемді көрсеткіштеріне сәйкес айқындалады.

38. Шитті мақта мақта тазалау зауытының теңгерімі бойынша кондициялық массада, ал шитті мақтаның сандық-сапалық кітаптарында – нақты салмағы, есептік салмағы және кондициялық массасы бойынша есептеледі. Шитті мақтаның партиялары бойынша есептің айлық айналымдары мен өтпелі қалдықтар шитті мақтаның сандық-сапалық кітаптары мен айналым ведомостарындағы жазбалардың негізінде салыстыру жолымен шитті мақтаның сандық-сапалық есебі кітаптары бойынша теңгерімдік талдау есебі деректерімен салыстырылады. Айналым ведомосттарындағы шитті мақтаның кірісі мақта қабылдау пункттерінің бөлінісінде жазылады.

5. Шитті мақтаны тазалауды ресімдеу

39. Мақта тазалау зауытына жинақталған шитті мақтаның партиялары осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес өндірістік тапсырма негізінде өндіріске есептен шығарылады. Бұл ретте шитті мақтаны бастапқы қайта өңдеу өнімдерінің сапа көрсеткіштері шитті мақтаны бастапқы қайта өңдеу өнімдерінің сапа көрсеткіштерін тіркеудің зертханалық журналының деректері бойынша көрсетіледі.

40. Мақта тазалау зауытында ауысым нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес мақта талшығын бумалап өлшеу, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес өндірістен қабылданған мақта талшығы мен қосалқы өнімге рапорт және осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес өндірістен қабылданған мақта тұқымына рапорт ресімделеді, олар жоспарлау бөліміне беріледі.

41. Мақта талшығын бумалап өлшеу, өндірістен қабылданған мақта талшығы мен қосалқы өнімге рапорт және өндірістен қабылданған мақта тұқымына рапорт деректерін дайын өнім тауартанушысы осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес өндіруден түскен қайта өңдеу өнімдерінің есебі журналына енгізеді.

42. Қайта өңделген шитті мақтаны мақта иелері бойынша бөлу осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес қайта өңдеу және дайын өнімнің түсуі туралы есеппен ресімделеді, ол шитті мақтаның партиясын тазалау аяқталғаннан кейін мақта иесіне беріледі.

43. Мақта талшығының, тұқымның шығымын және иістер мөлшерін тексеру үшін мақта тазалау зауытында мақта тазалау зауытының жанындағы мақта қабылдау пункті мен мақта тазалау зауыты тұрған орыннан тыс жерде орналасқан мақта қабылдау пункті бойынша шитті мақтаны бақылаулық іріктеулер жүйелі түрде жүргізіледі.

6. Шитті мақтаның сандық-сапалық есебін тиеп жөнелту

кезінде ресімдеу

44. Шитті мақтаны бастапқы қайта өңдеу өнімдерін тиеп жөнелтуді материалдық жауапты тұлға осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес оны бас бухгалтермен, техникалық бақылау бөлімінің (бұдан әрі – ТББ) басшысымен және дайын өнім тауартанушысымен келісуді ескере отырып, мақта тазалау зауыты басшысының шешімі негізінде жүзеге асырады.

Тиеп жөнелтуге шешім мақта тазалау зауытының есепші жұмыскеріне беріледі, ол тиеп жөнелтуге алынған шешімдердің есебі журналын жүргізеді.

45. Мақта талшығын темір жол көлігімен тиеп жөнелткен кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен берілген темір жол жүкқұжаттары мен мақта талшығы сапасының паспорты негізінде осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес мақта талшығын темір жол көлігімен тиеп жөнелту тізілімі жасалады.

Тиеп жөнелтілген мақта талшығына темір жол жүкқұжаты мен мақта талшығы сапасының паспорты қоса беріледі.

46. Мақта тұқымын, линтті және талшықты қалдықтарды автомобиль көлігімен тиеп жөнелту тауарлық-көліктік жүкқұжаттармен және сапа туралы құжаттармен ресімделеді, олардың негізінде осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес автомобиль көлігімен тиеп жөнелтілген мақта тұқымы, линт және талшықты қалдықтар жүкқұжаттарының тізілімі жасалады.

47. Тиеп жөнелтуге шешім, тауарлық-көліктік жүкқұжаттар, тиеп жөнелту тізілімдері, мақта талшығының сапасы паспорттарының көшірмелері бухгалтерияға беріледі. Осы құжаттар бойынша шитті мақтаны бастапқы қайта өңдеу өнімдері шығынға шығарылады.

48. Әрбір мақта иесіне жіберуге жататын мақтаның мөлшері мақта қолхаттарына сәйкес айқындалады.

7. Шитті мақтаны қабылдау мен тиеп жөнелту нәтижелерін

салыстырып тексеруді жүргізу тәртібі

 

49. Мақта қабылдау пунктілерінен келіп түскен шитті мақтаны қабылдау мен мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына жөнелтуді салыстырып тексеру актілерін мақта тазалау зауытының басшысы олар мақта тазалау зауытына келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей мерзімде қарайды. Әрбір акті бойынша басшы кемдіктерді өтеу және артылғанды кіріске алу туралы жазбаша шешім ресімдейді.

50. Шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына жөнелтуді салыстырып тексеру актінің бірінші данасы мақта тазалау зауытында қалады, актінің екінші данасы мақта тазалау зауыты басшысының шешімімен бірге мақта қабылдау пунктіне жіберіледі және шитті мақтаның кемдіктерін өтеу мен артылғанын кіріске алу үшін негіз болады.

51. Егер салыстырып тексеру кезінде шитті мақтаның артылғаны анықталса, бұл артылғанды мақта қабылдау пунктінің бухгалтериясы шитті мақтаның сақталуда болған және сақталудағы көлеміне пропорционал көлемде мақта иелерінің жеке шоттарына кіріске енгізуі тиіс.

52. Егер салыстырып тексеру кезінде кемдік анықталса, мақта қабылдау пунктінің материалдық жауапты тұлғалары оны шитті мақтаның сақталуда болған және сақталудағы көлеміне пропорционал көлемде мақта иелерінің жеке шоттарына оны өтеуді жүргізеді.

8. Түгендеу

 

53. Қабылданған шитті мақтаны қабылдаудың, сақтаудың және қайта өңдеудің соңғы нәтижелерін анықтау үшін мақта қабылдау пунктілері мен мақта тазалау зауыты жыл сайын 1 тамызға дейін шитті мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнімдерінің бар болуын түгендеуді жүргізеді.

54. Түгендеуге:

1) барлық мақта қабылдау пунктілерінің қоймаларындағы және мақта тазалау зауытының дайын өнім қоймаларындағы;

2) «тиеп жөнелтілген тауарлар» шоттарындағы шитті мақта, мақта талшығы, мақта тұқымы, линт және талшықты қалдықтар жатады.

55. Түгендеуді жүргізу үшін:

1) мақта қабылдау пункті бойынша – мақта қабылдау пунктінің меңгерушісі, зертхана меңгерушісі (аға зертханашы), аға бухгалтер;

2) мақта тазалау зауыты бойынша – басшы, бөлім басшылары және бас бухгалтер құрамындағы түгендеу комиссиялары құрылады.

56. Шитті мақтаның, мақта талшығының, мақта тұқымының, линттің және талшықты қалдықтардың бар болуын түгендеу сақтауға жауапты тұлғалардың міндетті түрде қатысуымен және мынадай талаптарды сақтаумен әрбір партия бойынша заттай қалдықтарды натурада алу жолымен жүргізіледі:

1) шитті мақта бойынша мақта қабылдау пунктілерінен әкетілмей немесе мақта тазалау зауытында қайта өңделмей қалған партиялардағы шитті мақтаның нақты болуы 1 тамыздағы жай-күй бойынша өлшеу жолымен белгіленеді;

2) мақта талшығы, линт және талшықты қалдықтар бойынша 1 тамызға партияларда мақта талшығының, линт және талшықты қалдықтардың бар болуы әрбір партияның барлық бумаларының кемінде 10 %-дын іріктеп қайта өлшей отырып, әрбір партияда өндірістен қабылданған мақта талшығы мен қосалқы өнім рапортында көрсетілген бумалар санын тексеру жолымен белгіленеді. Бумалардың дұрыс емес массасы анықталған жағдайда партияның барлық бумалары қайта өлшеуге жатады.

Босатылған мақта талшығының, линттің және талшықты қалдықтардың 1 тамызға нақты болуы алдын-ала сорттаумен және шеті мен шірігін іріктеумен қайта өлшеу жолымен анықталады;

3) мақта тұқымы бойынша техникалық және егістік тұқымның нақты қалдықтары оларды 1 тамыздағы жай-күй бойынша өлшеу жолымен белгіленеді.

57. Шитті мақтаның, мақта талшығының, мақта тұқымының, линттің және талшықты қалдықтардың нақты болуын өлшеу жолымен белгілеген кезде түгендеу комиссиялары әрбір партиядағы шитті мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнімдерінің сапасын бір уақытта айқындайды; сорттылығының сәйкессіздігі немесе сақтау кезінде бүлдіру салдарларынан сапасының нашарлауы анықталған кезде шығын мөлшері, себептері және оған жауапты тұлғалар белгіленеді.

58. Мақта қабылдау пунктілері қабылдайтын шитті мақта, өндірістен 31 шілдеден кейін түскен оны бастапқы қайта өңдеу өнімдері осы түгендеуге енгізілмейді және бөлек қоймалау мен есептеуге жатады.

59. Түгендеу басталғанға дейін мақта қабылдау пунктілерінің және мақта тазалау зауытының бухгалтериясы:

1) шитті мақта, тұқым, линт және талшықты қалдықтар жауапты сақтауында тұрған тұлғалардан 1 тамызға дейінгі барлық кіріс-шығыс құжаттарын алады;

2) осы құжаттарды тексеруді, өңдеуді, таратуды және талдамалық есептің бухгалтерлік карточкалары бойынша да, сандық-сапалық есебі кітаптары бойынша да 1 тамызға қалдықтар шығаруды жүргізеді;

3) сандық қалдықтарды талдамалық есептің бухгалтерлік карточкаларының деректері бойынша және сандық-сапалық есебі кітаптары бойынша салыстырады;

4) барлық жауапты сақтаушылардан құндылықтардың кірісі мен шығысы жөніндегі барлық құжаттар бухгалтерияға тапсырылғаны, есепте көрсетілгені және оларда кіріске алынбаған немесе шығысқа шығарылмаған ешқандай құндылықтардың жоқ екендігі туралы жазбаша растаулар алады.

60. Түгендеу кезінде:

1) мақта қабылдау пунктілерінің барлық тиеп жөнелтулері бойынша мақта тазалау зауытына 1 қаңтардан 1 тамызға дейін түскен шитті мақтаның кіріске алынуы;

2) түскен, алайда бір себептермен олардан алынуға тиісті басқа шоттарда көрсетілген сомалар «жөнелтілген тауарлар» есебі бойынша жатқызылмағаны;

3) шитті мақтаны бастапқы қайта өңдеу өнімдерін, атап айтқанда, май зауыттарына мақта тұқымын, тиеп жөнелту бойынша сатып алушылармен барлық шағымдық есеп айырысулар мұқият тексеріледі.

Түгендеу деректері қолданыстағы нысандар бойынша: қоймалардағы қалдықтар бойынша және жөнелтілген тауарлар есебі бойынша түгендеу тізімдемелеріне енгізіледі.

61. Түгендеу тізімдемелерінде шитті мақтаның, оны бастапқы қайта өңдеу өнімдерінің қоймалардағы қалдықтары әрбір партия бойынша деректерді келтіру әрбір мақта қабылдау пункті және жауапты сақтаушы бойынша жолымен бөлек көрсетіледі.

62. Тиеп жөнелтілген және төленбеген тауарлардың түгендеу тізімдемелерінде әрбір тиеп жөнелту бойынша:

сатып алушының, тиеп жөнелтілген тауардың және межелі станцияның атауы, тиеп жөнелтілген күн, теміржол жүкқұжатының нөмірі, шот нөмірі мен берілген күні, шот бойынша саны, сомасы көрсетіледі.

63. Түгендеу тізімдемелеріне түгендеуді жүргізген түгендеу комиссиясының мүшелері қол қояды, олар сондай-ақ түзету түзетілгендеріне қол қояды.

64. Заттай белгіленген шитті мақтаның, оны бастапқы қайта өңдеу өнімдерінің қалдықтарын түгендеу комиссиясы түгендеу-салыстыру ведомостарын жасай отырып және әрбір жауапты сақтаушы бойынша және шитті мақтаның, оны бастапқы қайта өңдеу өнімдерінің әрбір партиясы бойынша түгендеу нәтижелерін: кемдіктерді, артылғандарды және сақтау кезінде бүлдіру салдарларынан сапасын жоғалтуды анықтай отырып, есептеу деректері бойынша қалдықтармен салыстырады.

65. Материалдық жауапты тұлғалар салыстыру ведомостарына қол қою кезінде кемдіктер, артылғандар және шығындар себептері туралы жазбаша түсіндірме, ал түгендеу комиссиясы – түгендеу нәтижелері бойынша немесе материалды жауапты тұлғалардың түсіндірмелері бойынша қорытынды берулері тиіс.

66. Мақта тазалау зауытының басшысы үш күндік мерзімде барлық түгендеу-салыстыру ведомостарын, түгендеу комиссиясының қорытындыларын, жауапты сақтаушылардың түсіндірмелерін қарастырады және түгендеу нәтижелері бойынша шешім қабылдайды.

67. Барлық сандық-сапалық есебі журналдары мен кітаптары нөмірленуі, жіппен байлануы және басшының қолымен және мақта өңдеу ұйымының мөрімен бекітілуі тиіс.

9. Сақтауға жататын құжаттар және оларды сақтау мерзімдері

 

68. Мақта өндеу ұйымы сақтауға тиісті құжаттар тізбесі, оларды сақтау мерзімдері:

1) мақта қабылдау пунктінде шитті мақтаны қабылдаудың таразы журналы – 25 жыл;

2) шитті мақтаны талдау карточкасы – 25 жыл;

3) шитті мақтаның ылғалдылығы мен ластануын талдау нәтижелерін тіркеу журналы – 10 жыл;

4) шитті мақтаны қабылдау туралы квитанция – 25 жыл;

5) шитті мақтаның сандық-сапалық есебі кітабы – 25 жыл;

6) шитті мақтаны қабылдау мен мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына жөнелтуді салыстырып тексеру актісі – 5 жыл;

7) шитті мақтаны қайта өңдеуге жіберуге, шитті мақтаны пайдалануға өндірістік тапсырма, нақты иістер теңгерімі – 10-15 жыл;

8) өндіріске қабылданған мақта тұқымына рапорт – 5-10 жыл;

9) өндіруінен түскен қайта өңдеу өнімдері есебінің журналы – 5-10 жыл;

10) қайта өңдеу және дайын өнімнің түсуі туралы есеп – 10-15 жыл;

11) шитті мақтаны бастапқы қайта өңдеу өнімдерін тиеп жөнелтуге бұйрық – 5-10 жыл;

12) мақта талшығын теміржол көлігімен тиеп жөнелту тізілімі – 5-10 жыл;

13) автомобиль көлігімен тиеп жөнелтілген мақта тұқымы, линт және талшықты қалдықтар жүкқұжаттарының тізілімі – 5-10 жыл.

 

Мақтаның сандық-сапалық

есебін жүргізу қағидаларына

1-қосымша

_____________________________ мақта қабылдау пунктінде

шитті мақтаны қабылдау журналы

Р/с №

Күні

Шитті мақта иесінің атауы

Шитті мақта  иесінің Т.А.Ә.

Автомобиль(трактор)

Жинау түрі

Сорты

Көмбе нөмірі

Партия нөмірі

Брутто салмағы

Ыдыс салмағы

Неттосалмағы

Тауартанушының қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

                         
                         
                         
                         

Мақтаның сандық-сапалық

есебін жүргізу қағидаларына

2-қосымша

Шитті мақтаны талдау карточкасы

 

20__ жылғы «___» ________________

 

Мақтаны қайта өңдеу ұйымы ______________________________________________________________________________

Мақта қабылдау пункті ____________________________________________________________________________________

Шитті мақтаның иесі _____________________________________________________________________________________

(атауы, орналасқан жері)

Селекциялық сорты _________________ Жинау түрі ______________________

Типі________Сорты __________Көмбе__________ Партия _________________

Ластануы _________________ % Ылғалдылығы __________________________%

Штапелдік ұзындығы ___________ Жетілу коэффициенті ___________________

 

Зертхана меңгерушісі ______________________

 

Мақтаның сандық-сапалық

есебін жүргізу қағидаларына

3-қосымша

Шитті мақтаның ылғалдылығы мен ластануын талдау нәтижелерін

тіркеу журналы

Селекциялық сорт

Сорт

Көмбе

Партия

Шитті мақта иесінің атауы

Ластануы

Ылғалдылығы

Қолы

Шитті мақтаның өлшемі

Сорт

салмағы

Орташа ластану %-ы

Шитті мақтаның

кептіруге дейінгі

өлшемі

Сынаманың жалпы салмағы

Айырмашылық

Абсолюттік құрған салмағы, грамм

Ылғалдылығы

Сынама

Салмағы, грамм

грамм

%

Сынама

%

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

                                 
                                 

Мақтаның сандық-сапалық

есебін жүргізу қағидаларына

4-қосымша

 

 

Мақтаны қайта өңдеу ұйымы ________________________________________________________________

Мақта қабылдау пункті ______________________________________________________________________

Шитті мақтаның иесі _____________________________________________ СТН ______________________

20___ жылғы «___» ______________________________________________________ дейінгі қолданылу мерзімімен

Куәлік (патент) сериясы ____________________________________ № __________

 

Шитті мақтаны қабылдау туралы квитанция

Селекциялық сорт

Сорт

Көмбе №

Партия №

Жинау түрі

Нақты салмағы

Ластануы, %

Есептік салмағы

Ылғалдылығы, %

Кондициялық салмағы

                   
                   

 

Шитті мақтаны тапсырдым ________________ ___________________________________

(қолы)                     (тегі, аты, әкесінің аты)

Мақта қабылдау пунктінің меңгерушісі __________ _________________________________

(қолы)                 (тегі, аты, әкесінің аты)

Зертхана меңгерушісі ________________ ________________________________________

(қолы)                           (тегі, аты, әкесінің аты)

ІІ аймақтың тауартанушысы __________ ________________________________________

(қолы)                    (тегі, аты, әкесінің аты)

Мақта қабылдау пунктінің бухгалтері _______ ____________________________________

(қолы)                         (тегі, аты, әкесінің аты)

Мақтаның сандық-сапалық

есебін жүргізу қағидаларына

5-қосымша

Шитті мақтаның сандық-сапалық есебі кітабы

 

Партия, № ________, көмбе № _______. Селекциялық сорты______________.

Сорты _________________, Орташаөлшемді ластануы __________________ %.

Орташаөлшемді ылғалдылығы ______________________________________ %.

Материалды жауапты тұлға: 2-аймақтың тауартанушысы__________________

 

Кіріс

Шығыс

Қалдық

Р/c№

Күні

Құжаттың №

Жинау түрі

Сорты

Нақты салмағы

Ластануы, %

Есептік салмағы

Ылғалдылығы, %

Кондициялық салмағы

Нақты салмағы

Ластануы, %

Есептік салмағы

Ылғалдылығы, %

Кондициялық салмағы

Нақты салмағы

Ластануы, %

Есептік салмағы

Ылғалдылығы, %

Кондициялық салмағы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

 

Мақтаның сандық-сапалық

есебін жүргізу қағидаларына

6-қосымша

Шитті мақтаны қабылдау мен мақта қабылдау пунктінен мақта

тазалау зауытына жөнелтуді салыстырып тексеру акті

Мақта қабылдау пунктінде қабылдау

Мақта қабылдау пунктінен жөнелту

Мақта тазалау зауытында қабылдау

Р/с №

Сорты

Жинау түрі

Партия №

Нақты салмағы

Ластануы, %

Есептік салмағы, кг

Ылғалдылығы, %

Кондициялық салмағы, кг

Нақты салмағы, кг

Ластануы, кг

Есептік салмағы, кг

Ылғалдылығы, %

Кондициялық салмағы, кг

Нақты салмағы, кг

Ластануы, кг

Есептік салмағы, кг

Ылғалдылығы, %

Кондициялық салмағы,

кг

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

                 

 

Мақта қабылдау пунктінің меңгерушісі _________ ____________________________

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)

Мақта қабылдау пунктінің

зертханасының меңгерушісі ________________ ___________________________

(қолы)      (тегі, аты, әкесінің аты)

Мақта қабылдау пунктінің бухгалтері _________ ___________________________

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)

Мақта қабылдау пунктінің

2 аймағының тауартанушысы __________ ________________________________

(қолы)      (тегі, аты, әкесінің аты)

 

Мақтаның сандық-сапалық

есебін жүргізу қағидаларына

7-қосымша

__________________________________________________________________

(мақта тазалау зауытының атауы)

№ ______ өндірістік тапсырма

 

20___ жылғы «____»_____________

I-бөлім. Шитті мақтаны қайта өңдеуге жіберу

 

1. ІІ аймақтың тауартанушысы ___________________________ сақталудағы, мақта тазалау зауытында жинақтау кезінде анықталған:

а) саны: нақты массасы бойынша ____________________________ кг, ластанудың есептік нормасына келтірілген массасы бойынша ________ кг, кондициялық массасы бойынша _____________________________________ кг;

б) сапасы: селекциялық сорты ______________________, өндірістік сорты ______________________, ылғалдылығы ________________________ %, ластануы __________________________ %, үліктенуі _________________ %, жинау түрі _____________________ тұқымдық, техникалық шитті мақтаның № ____ партиясы 20__ жылғы «____»_________________ бастап дайындалсын және қайта өңдеуге жіберілсін.

 

Шитті мақта мынадай мақта қабылдау пункттерінен:

 

Мақта қабылдау пунктінің атауы

Кондициялық массасы, кг

Мақта қабылдау пунктінің атауы

Кондициялық массасы, кг

       
       

 

Барлығы ____________________________________________________________

2. Шитті мақта ағымда мыналар арқылы өткізілсін:

а) кептіру-тазалау цехының кептіру тобы____________________ кг;

б) кептіру-тазалау цехының тазалау тобы ___________________ кг;

в) мақта тазалау зауытының тазалау цехы ___________________ кг;

с) кептірумен _______________ кг, кептірусіз ______________ кг.

3. Шитті мақтаны кептіру-тазалау цехы арқылы өткізгенде иістер норма кезінде ________ % ________ кг құрады.

4. __________ кг шитті мақтаны қайта өңдеуден мынадай мөлшерде дайын өнім алынуы тиіс:

а) шығымы ______________ % кезінде __________ кг мақта талшығы;

б) шығымы ______________ % кезінде ___________________ кг линт;

в) шығымы ___ % кезінде линтерлеуден кейін ___ кг мақта тұқымы;

г) шығымы ______________ % кезінде ___________________ кг үлік;

д) шығымы ______________ % кезінде __________________ кг мамық;

е) иістер ____________________________________________________.

5. Көрсетілген шитті мақтадан алынатын дайын өнім мынадай сапа көрсеткіштеріне сәйкес болуы тиіс:

а) өндірістік сорты ______, ақаулар сомасы мен ластануы ____ % мақта талшығы;

б) джинирлеуден кейін тұқымның қалдық талшықтығы ___________ г;

в) сорты _________________ типі _________________________ линт;

г) линтерлеуден өткен тұқымның толық мамықтығы _____________ %;

д) тұқымның ластануы ___ %-дан артық емес, тұқымның сорты ____.

 

Өндірістік тапсырманы жасағандар:

Бас инженер ____________ __________________________________________

(қолы)               (тегі, аты, әкесінің аты)

Техникалық бақылау бөлімінің бастығы _________ ______________________

(қолы)        (тегі, аты, әкесінің аты)

І-аймақтың тауартанушысы __________ _______________________________

(қолы)                   (тегі, аты, әкесінің аты)

Жоспарлау бөлімінің бастығы __________ ______________________________

(қолы)                (тегі, аты, әкесінің аты)

Бас бухгалтер ____________ ________________________________________

(қолы)                           (тегі, аты, әкесінің аты)

Өндірістік тапсырманы бекітемін:

Басшы ____________ _____________________________________________

(қолы)                       (тегі, аты, әкесінің аты)

20____ жылғы «____» ______________

Өндірістік тапсырманы орындау

II бөлім. Шитті мақтаны пайдалану

1. Шитті мақтаның ағымда мыналар арқылы нақты өткізілгені:

а) кептіру-тазалау цехының кептіру тобы ___________________ кг;

б) кептіру-тазалау цехының тазалау тобы ___________________ кг;

в) мақта тазалау зауытының тазалау цехы ___________________ кг;

с) кептірумен ________________ кг; кептірусіз _____________ кг.

Кептіру-тазалау цехы арқылы өткізілген шитті мақтаның иістері норма бойынша ________% ________кг.

2. Егістік, техникалық шитті мақтаның №__ партиясы қайт өңдеуге 201 __ жылғы «___»__________ _____ сағат _________ минутта жіберіліп, 201 __ жылғы «__»___________ _____ сағат _________ минутта аяқталды.

Шитті мақтаның нақты салмағы бойынша ____ кг, есептік массасы бойынша ___ кг, кондициялық массасы бойынша ____ кг.

Қайта өңдеуді бастау алдында зертханалық талдау бойынша шитті мақтада мынадай сапа көрсеткіштері болды: сорты ________, ылғалдылығы ________ %, үліктенуі _________ %. Қайта өңдеу барлығы ________ сағат ________ минут; үзіліссіз ________ сағат ________ минут; үзіліспен ________ сағат _________ минут жалғасты.

 

Соңынан ______________________________________________________  Бас инженер ____________ _______________________________

(қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты)

І-аймақтың тауартанушысы __________ _________________________________

(қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты)

Техникалық бақылау бөлімінің бастығы ____________ ______________________

(қолы)                (тегі, аты, әкесінің аты)

3. Шитті мақтаның № __________________ партиясын қайта өңдеуден түскен және өлшеулер бойынша қабылданған дайын өнім:

 

Р/с

Өнімнің атауы

Жоспарлы нормалар бойынша өнім

Өндірістен түскені

Нақты массасы

Кондициялық массасы

талдауға алынғаны

қоймаға кіріске алынғаны

кг

шитті мақтаныңмассасына %

кг

шитті мақтаның массасына %

кг

шитті мақтаның

массасына %

кг

шитті мақтаның

массасына %

Мақта талшығы

Линт

Мақта тұқымы

Үлік

Мақта мамығы

Мақта талшығын сұрыптау

Иістер

Жиыны:

 

Бас инженер ____________ _______________________________

(қолы)                (тегі, аты, әкесінің аты)

І-аймақтың тауартанушысы __________ _________________________________

(қолы)                (тегі, аты, әкесінің аты)

Жоспарлау бөлімінің бастығы _________ _______________________________

(қолы)                       (тегі, аты, әкесінің аты)

 

4. Шитті мақтаның көрсетілген мөлшерін қайта өңдеуден сапасы мынадай өнімнің нақты алынды:

а) өндірістік сорты ____, ақаулар сомасы мен ластануы ______ %, ылғалдылығы _________ % мақта талшығы;

б) қалдық талшықтығы _____ г мақта тұқымы;

в) сорты ____________ типі ______________ ластануы ____ % линт;

г) сорты _________, толық мамықтығы _______ %, ластануы ____ %, ылғалдылығы _________ % мақта тұқымы.

Ескертпе: осы партия бойынша жалпы өнімнен алынғаны:

а) ақаулар сомасы мен ластануы 22 %-дан артық мақта талшығы _____ кг;

б) ластануы 40 %-дан артық мақта тұқымы ___________________ кг;

в) қалдық талшықтығы нормалардан артық мақта тұқымы _______ кг.

 

Техникалық бақылау бөлімінің бастығы __________ ___________________________________

(қолы)                  (тегі, аты, әкесінің аты)

III бөлім. Нақты иістер теңгерімі

(талшық шығымы % х

талшықтағы қоқыс %)

1. Қоқыс шығыны (%) = шитті мақтаның ластануы % х ——————

100

(шиттінің ылғалдылығы % – талшықтың

ылғалдылығы %) х талшық шығымы %

2. а) Талшық бойынша = ———————————————-

ылғал шығыны (%)                      100

(шиттінің ылғалдылығы % –

тұқымның ылғалдылығы %) х талшық шығымы %

б) Тұқым бойынша = ———————————————–

ылғал шығыны (%)                         100

Ылғал шығынының жиыны (а + б) ______________________________ %.

3. Шитті мақтаны қайта өңдеу кезіндегі нақты салмақтағы шығындар жиыны салмақпен (1 + 2) _____________ %.

4. Есеп жолымен анықталған нақты иістер шамасы мен шығындар сомасы арасындағы айырма ___________________ % құрайды.

 

Бухгалтер-экономист ________ __________________________________

(қолы)          (тегі, аты, әкесінің аты)

Бас бухгалтер _________ ________________________________________

(қолы)              (тегі, аты, әкесінің аты)

IV-бөлім. Шитті мақтаның партиясын сақтау, жинақтау және қайта

өңдеу нәтижелері бойынша мақта тазалау зауыты басшысының шешімі

________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________

 

Басшы _________ _____________________________

(қолы)               (тегі, аты, әкесінің аты)

 

20____ жылғы «___» _________________

 

Мақтаның сандық-сапалық

есебін жүргізу қағидаларына

8-қосымша

____________________________________________________________________

(мақта тазалау зауытының атауы)

Шитті мақтаның сорты __________ партия № ________ көмбе № ___________

№ ______________ Бригада № _____________ Ауысым

№ __________ маркалы мақта талшығын бумалап өлшеу

салмағы

салмағы

салмағы

           
           
           

 

Бумалар жиыны ________ брутто салмағы _______ ыдыс салмағы __________ нетто салмағы ________

 

Тауартанушы __________ ___________________________________________

(қолы)             (тегі, аты, әкесінің аты)

Салмақ есебін тексердім _________ ___________________________________

(қолы)                   (тегі, аты, әкесінің аты)

Бухгалтер _________ _______________________________________________

(қолы)                  (тегі, аты, әкесінің аты)

 

20___ жылғы «___» ______________________

 

Мақтаның сандық-сапалық

есебін жүргізу қағидаларына

9-қосымша

____________________________________________________________________

(мақта тазалау зауытының атауы)

Өндірістен қабылданған мақта талшығы мен қосалқы өнімге № ______ рапорт

Сорты _______ партия № ______ шитті мақтаны тазалау бойынша

1. Мақта талшығы

 

Марка нөмірі

Селекциялық сорты

Сорты

Бумалар саны

Нақты салмағы

Ақаулар сомасы мен

ластануы

Үстеме

Шегерім

Қалыпты ластануға

келтірілген нақты салмағы

Ылғалдылығы,

%

Кондициялық

массасы

брутто

ыдыс

нетто

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

                         

 

Тығыздалмағанның жиыны __________________________________________________________________

Тығыздалғанның қалғаны ___________________________________________________________________

Басқа партиялардың тығыздалған қалдығы алып тасталады ______________________________________

Осы партия бойынша жиыны ________________________________________________________________

 

2. Талшықты қалдықтар

 

Марка нөмірі

Селекциялық сорты

Сорты

Бумалар саны

Нақты салмағы

Ақаулар сомасы мен ластануы

Үстеме

Шегерім

Қалыпты ластануға келтірілг ен нақты салмағы

Ылғалдылығ ы,

%

Кондициялық

массасы

брутто

ыдыс

нетто

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

1. Линті

Типі

сорты

сыныбы

2. Мақта үлігі

I типті

II топ

3. Мамық қалдықтары

I типті

II топ

4. Басқада қалдықтар

 

Дайын өнім тауартанушысы _________ ____________________________

(қолы)    (тегі, аты, әкесінің аты)

 

20 __ жылғы «___» ___________

Мақтаның сандық-сапалық

есебін жүргізу қағидаларына

10-қосымша

Өндіріске қабылданған мақта тұқымына № ______ рапорт

Шитті мақта партиясының нөмірі __________________________________________________

Мақта тұқымы партиясының нөмірі _________________________________________________

№ _________________________________ өндірістік тапсырма

 

Тұқым сорты

Егістік немесе

техникалық тұқым

Ылғалдылық, %

Мамықтану, %

Минералдық, органикалық қоқыс құрамы, %

Ақаулы тұқым құрамы, %

Нақты массасы, кг

Кондициялық массасы, кг

1

2

3

4

5

6

7

8

               
               
               
               

 

Тауартанушы ________ ______________________________

(қолы)          (тегі, аты, әкесінің аты)

 

Мақтаның сандық-сапалық

есебін жүргізу қағидаларына

11-қосымша

Қайта өңдеу өнімдерінің өндірістен түсу есебі журналы

Р/с №

Күні

Бригада

Ауысым

Мақта талшығы

Линт

Үлік

Қолы

маркасы

бумалар саны

брутто салмағы

ыдыс салмағы

нетто салмағы

маркасы

бумаларсаны

бруттосалмағы

ыдыс салмағы

нетто салмағы

маркасы

бумалар

саны

брутто

салмағы

ыдыс салмағы

нетто салмағы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

Мақтаның сандық-сапалық

есебін жүргізу қағидаларына

12-қосымша

Қайта өңдеу және дайын өнімнің түсуі туралы есеп

Р/c

Өндірістік тапсырманың № мен күні

Сорт

Партия №

Шитті мақтаның кондициялық массасы, кг

Кептіру-тазалау цехының иістері, %

Кондициялық

массада қайта өңдеуге жіберілгені, кг

Алынған қайта өңдеу өнімдері

Негізгі өндіріс

иістері

мақта талшығы

тұқым

Линт

үлік

мамық

нетто салмағы

кондициялық массасы

Нетто салмағы

кондициялық массасы

нетто салмағы

кондициялық массасы

нетто салмағы

кондициялық массасы

нетто салмағы

кондициялық массасы

нетто салмағы

%

шитті мақтаның салмағына %

%

шитті мақтаның салмағына %

%

шитті мақтаның салмағына %

%

шитті мақтаның салмағына %

%

шитті мақтаның салмағына %

%

шитті мақтаның салмағына %

%

шитті мақтаның салмағына %

%

шитті мақтаның салмағына %

%

шитті мақтаның салмағына %

%

шитті мақтаның салмағына %

%

шитті мақтаның салмағына %

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

                                                         

 

Мақта иесі ________ _____________________________

(қолы)              (тегі, аты, әкесінің аты)

Бас бухгалтер ________ __________________________

(қолы)              (тегі, аты, әкесінің аты)

 

Мақтаның сандық-сапалық

есебін жүргізу қағидаларына

13-қосымша

____________________________________________________________________

(мақта тазалау зауытының атауы)

20 ____ жылғы «___» _____________

№_______ бұйрық

 

Бұйрық мерзімі ________________________________________________________________

Материалдық жауапты тұлға _____________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

______________________________________________________________________________

(мақта иесінің атауы)

20__ жылғы «____»___________________________________________ № ________________ сенімхат

бойынша __________________________________________________________ арқылы № ____________ наряд бойынша тиеп жөнелтіңіз:

(тегі, аты, әкесінің аты)

 

Өнім түрі

Қойма №

Нетто салмағы, кг

Мақта қолхатына сәйкес сапа көрсеткіштері

Мақта қолхатына сәйкес сапа көрсеткіштері

Өнім түрі

Қойма №

Нетто салмағы, кг

микронейр

ылғалдылығы

ластануы

залалдануы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

                     

 

Тиеп жөнелтілетін шитті мақтаны бастапқы қайта өңдеу өнімінің салмағы ______ кг (жазбаша) _______________________

 

Басшы ____________ __________________________________________________

(қолы)                               (тегі, аты, әкесінің аты)

Бухгалтер __________ _________________________________________________

(қолы)                             (тегі, аты, әкесінің аты)

Техникалық бақылау бөлімінің бастығы __________ _________________________

(қолы)             (тегі, аты, әкесінің аты)

Дайын өнімнің тауартанушысы ____________ _______________________________

(қолы)                  (тегі,аты,әкесінің аты)

 

М.О.

 

Мақтаның сандық-сапалық

есебін жүргізу қағидаларына

14-қосымша

___________________________________________________________________

(мақта тазалау зауытының атауы)

20___ жылғы «___» _______________

 

Тиеп жөнелту бұйрығының күні мен нөмірі ________________________________________________

Масса, кг бұйрық бойынша ______________________________________________________________

Мақта талшығын темір жол көлігімен тиеп жөнелту тізілімі

 

Жіберу станциясы _______________________________________ Мақта иесі ___________________________

 

Р/с

Жүкқұжат №

Вагон №

Нетто массасы, кг

Кондициялық

массасы, кг

Партия №

Мақта талшығы сапасының паспорттарының нөмірлері

1

2

3

4

5

6

7

             
             

 

Техникалық бақылау бөлімінің бастығы ____________ ___________________________

(қолы)              (тегі,аты,әкесінің аты)

Бухгалтер _________ __________________________

(қолы)     (тегі,аты,әкесінің аты)

Дайын өнімнің тауартанушысы _________ _______________________________

(қолы)       (тегі,аты,әкесінің аты)

 

Мақтаның сандық-сапалық

есебін жүргізу қағидаларына

15-қосымша

____________________________________________________________________

(мақта тазалау зауытының атауы)

20___ жылғы «___» _______________

 

Тиеп жөнелту бұйрығының күні мен нөмірі ___________________________________________

Бұйрық бойынша масса, кг _________________________________________________________

Автомобиль көлігімен тиеп жөнелтілген мақта тұқымы, линт және

талшықты қалдықтар жүкқұжаттарының тізілімі

Жіберу пункті ______________ Мақта иесі __________________

 

Р/с

Жүк құжат №

Автомобилдің мемлекеттік тіркеулік нөмірлік белгісі

Орын саны

Нетто массасы кг

Кондициялық массасы, кг

Ылғалдылығы, %

Ластануы, %

1

2

3

4

5

6

7

8

               
               

 

Техникалық бақылау бөлімінің бастығы ________ _________________________

(қолы)             (тегі,аты,әкесінің аты)

Бухгалтер _________ _________________________________________________

(қолы)                                      (тегі,аты,әкесінің аты)

Дайын өнімнің тауартанушысы _________ _______________________________

(қолы)                  (тегі,аты,әкесінің аты)

 

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus