Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет НҚА Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыруға берілетін 2013 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыруға берілетін 2013 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыруға берілетін     2013 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің пайдалану

қағидаларын бекіту туралы

 

 

«2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 23 қарашадағы Заңының 13-бабының 10-2)-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыруға берілетін 2013 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:

1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомасын уақтылы және мақсатты пайдалануды;

2) есепті жартыжылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша осы қаулының 1және 2-қосымшаларына сәйкесҚазақстан РеспубликасыАуыл шаруашылығы министрлігіне ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінгенсомасын пайдалану туралы есеп беруді қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануғатиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

                  Премьер-Министрі                                                          С. Ахметов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы «       »

№           қаулысымен

бекітілген

 

 

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетінқызметтердің қолжетімділігін арттыруға берілетін 2013 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің пайдалану қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыруға берілетін 2013 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің пайдалану қағидалары 226 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасы 100 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бау-бақша жұмыстарының экономикалық қолжетімділігін арттыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» және 101 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне гербицидтердің экономикалық қолжетімділігін арттыруғаберілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» кіші бағдарламалары бойынша облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін айқындайды.

2. Субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі – АШТӨ) осы Қағидада белгiленген тәртiпке сәйкес жыл сайын мынадай бағыттар бойынша:

1) алманың «Апорт» сортының көпжылдық екпелерiн отырғызу мен өсiруге кететін шығындардың құнын iшiнара (40 % дейiн) өтеуге;

2) тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) мен гербицидтердің құнын арзандатуға (50 % дейiн) бөлiнедi.

3. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Қаржылық жылдарға сәйкес Республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде іс-шараларды іске асыру және қаржыландыру жүргізіледі.

5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына және облыс әкімі мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі арасында қол қойылған ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімге сәйкес ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударады.

6. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары жартыжылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша Министрлікке нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.

7. Министрлік Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде есептілікті береді.

8. Қандай да бір аудан бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда облыстардың әкімдері оларды облыс бойынша бекітілген субсидиялау көлемі шегінде осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша қайта бөлуі мүмкін.

9. АШТӨ-нің осы Қағиданың 2-тармағының белгiленген бағыттар бойынша субсидиялар алуға арналған тiзiмiн айқындау үшiн әрбiр ауданда (облыстық маңызы бар қалада, Астана және Алматы қалаларында) аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана және Алматы қалалары) әкiмiнiң шешiмiмен құрамы аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана және Алматы қалалары) әкiмдiгiнiң, оның ішінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, Астана және Алматы қалаларының) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмдерiнiң немесе басқармаларының, агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық инспекциясының, қоғамдық және ғылыми ұйымдардың өкiлдерiнен тұратын ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi – ВАК) құрылады.

Ауданның ауыл шаруашылығы бөлiмi, ал Астана және Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қала бойынша – қала әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы немесе бөлiмi (бұдан әрi – бөлiм) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.

10. Бөлiм субсидиялар алу үшiн құжаттарды қабылдау мерзiмiн көрсете отырып, ВАК-тың жұмыс iстеу тәртiбiн және басқа да қажеттi мәлiметтердi жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етедi.

11. Аудандар бойынша субсидиялар көлемдері (басым дақылдардың егістік алқабының болжамды құрылымына қарай) облыстың және Астана мен Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен белгіленеді.

12. Облыстың және Астана мен Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісімі бойынша:

1) алманың «Апорт» сортының көп жылдық екпелерiн отырғызуға және өсiруге жұмсалған шығындардың құнын (40 % дейін) iшiнара өтеуге арналған субсидиялар нормалары;

2) субсидияланатын гербицид түрлері гербицид жеткiзушiлерден сатып алынған гербицидтердiң 1 килограмына (литрiне) арналған субсидиялар нормалары белгіленеді.

 

 

2. «Апорт» сортының көпжылдық екпелерін отырғызуға және өсіруге жұмсалған шығындардың құнын ішінара өтеуге арналған субсидияларды төлеу тәртібі

 

1. Субсидияларды төлеу тәртібі

 

13. Субсидиялар АШТӨ-нің мыналарға жұмсаған шығындарын ішінара өтеуге арналады өткен жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде жүргізілген «Апорт» сортының көпжылдық отырғызу және оларды ағымдағы жылы өсіру;

Бұл ретте отырғызу:

5 гектардан кем емес алқапта (жұмыс жобасында көзделген жол, суару желілерінсіз және желден қорғау жолақтарынсыз пайдалы алқап (таза) есептеледі). Жұмыс жобасын әзірлеу кезінде жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін бір алқап шегінде араластырып отырғызуға жол беріледі;

алманың «Апорт» сорттары вирусы жоқ отырғызу материалдарымен дайындалуы және биік бойлы телітушілер Malus Sieversii және Malus Niedzweskiana пайдалану мен алынған көшеттермен отырғызылуы тиіс;

көпжылдық екпелерді отырғызу жүзеге асырылатын АШТӨ-нің нақты жер учаскесіне бақтарды, жидектіктерді және жүзімдіктерді отырғызу үшін бекітілген (бақ отырғызу үшін жарамдылығына топырақтық-мелиоративтік зерттеулердің жүргізілгенін растайтын) жұмыс жобасына (бұдан әрі – жұмыс жобасы) сәйкес. Кезінде жұмыс жобасында АШТӨ-нің жер учаскесінің теңіз деңгейінен биіктігі көрсетіледі;

АШТӨ-нің штатында «агрономия» немесе «жеміс-көкөніс өсіру» мамандығы бойынша кемінде бір білікті маманның болуы шартымен жүзеге асырылуы тиіс.

Алманың «Апорт» сортының көпжылдық екпелерін отырғызу Іле Алатауының және Жоңғар Алатауының тау етектерінің теңіз дегейінен         900-1200 метр биіктіктегі белдеулерінің жағдайында Алматы облысының Текелі қаласы, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ, Сарқант, Ескелді, Панфилов, Ұйғыр, Жамбыл және Ақсу аудандарының аумақтарында жүзеге асырылуы керек.

14. Субсидия көп жылдық екпелердің отырғызу схемасы мен сипаттамасына (түріне), көшеттердің жасына, 1 га отырғызылған санына қарай сараланып және 1 гектарға ғылыми негізделіп ұсынылған шығындардың параметрлеріне сәйкес белгіленеді.

Субсидияларды төлеу кезеңдер бойынша (тоқсанына бір рет) АШТӨ жүргізген жұмыстардың және/немесе сатып алған шығыс материалдарының қорытындысына сәйкес АШТӨ олардың әрқайсысы бойынша растайтын құжаттар ұсынғаннан кейін жүргізіледі.

АШТӨ субсидиялаудың екінші және одан кейінгі кезеңдеріне қатыспаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес субсидиялар міндетті түрде қайтарылуға жатады.

 

 

2. Қажетті құжаттардың тізбесі

 

15. Осы Қағиданың 13-тармағының көрсетілген субсидияларды алу үшін АШТӨ тиісті жылғы 15 сәуірге дейінгі мерзімде бөлімге мынадай құжаттардан:

1) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштен;

2) жер учаскесіне арналған сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілеу құжатының көшірмесінен;

3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесінен (жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың және дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмелерінен);

ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.»;

4) жұмыс жобасының көшірмесінен;

5) агроном (жеміс-көкөніс өсіруші) маманының біліктілігін растайтын куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың көшірмелерінен тұратын өтінім береді.

 

 

3. ВАК-тың жұмыс тәртібі

 

16. ВАК 5 жұмыс күні ішінде АШТӨ жұмыс жобасы бойынша АШТӨ-ні субсидиялар алуға үміткерлер тізбесіне енгізу мүмкіндігі туралы сараптамалық қорытынды жасайды және бөлімге ұсынады.

17. Бөлім тоқсан сайын:

1) он жұмыс күнi iшiнде:

ұсынылған өтiнiмдер мен:

сатып алу-сату және (немесе) қаржы лизингі шарттары;

АШТӨ жұмыс жобасы бойынша қорытынды;

жұмыс жобасын әзірлеуге, топырақты дайындау мен отырғызуға (оның ішінде отырғызу материалын сатып алуға), екпелерді күтуге кеткен шығындарды растайтын бастапқы есеп және төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс және шығыс кассалық ордерлер және/немесе төлем тапсырмалары);

2) 5 жұмыс күні ішінде ағымдағы жылдың өткен тоқсанынан кейінгі айдың 1-күнінен кешіктірмей, ал төртінші тоқсанда – 1 қарашадан кешіктірмей осы Қағиданың 13-тармағының көрсетiлген субсидияларды алуға АШТӨ тiзбесiн (бұдан әрi – аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша тiзбе) қалыптастырады және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiне бекiтуге жiбередi.

Жұмыс жобасы бойынша ВАК теріс қорытынды шығарған жағдайда субсидиялар алуға үміткер АШТӨ аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша тізбеге енгізілмейді.

18. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi бекiткен аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша тiзбе бөлім ұсынған сәттен бастап үш жұмыс күнi iшiнде басқармаға жiберіледi.

19. Басқарма:

1) бес жұмыс күнi iшiнде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бойынша тiзбелердi қарайды;

2) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияларды алуға облыс бойынша АШТӨ-нiң алдынала тiзбесiн жасайды және оны облыс әкiмiне бекiтуге ұсынады.

20. ВАК:

1) ағымдағы жылдың өткен тоқсанынан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірілмейтін, ал төртінші тоқсанда – тиісті жылдың 10 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімде жергiлiктi жерге барып:

осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Апорт» сортының көпжылдық екпелерін отырғызу, сондай-ақ отырғызылған бақтың және/немесе жүзімдіктің жұмыс жобасына сәйкестігі актісін (бұдан әрi – отырғызу актiсi);

осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Апорт» сортының көпжылдық екпелерін отырғызу тексеру актiсiн (бұдан әрi – тексеру актiсi) жасайды;

2) тоқсан сайын ағымдағы жылдың өткен тоқсанынан кейінгі айдың       15-күніне дейінгі, бірақ 15 қарашадан кеш емес мерзiмде субсидия алуға үмiткер АШТӨ-нің түпкiлiктi тiзбелерiн (бұдан әрi – аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша түпкiлiктi тiзбелер) бөлiнген қаражат шегiнде қалыптастырады және оны өтiнiмдермен бiрге аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiне бекiтуге ұсынады.

21. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi бекiткен аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша түпкiлiктi тiзбелер, өтiнiмдер, әрбiр АШТӨ бойынша отырғызу актiлерi және әрбiр АШТӨ бойынша тексеру актiлерi бөлім ұсынған сәттен бастап үш жұмыс күнi iшiнде басқармаға жiберіледi.

 

 

4. Субсидиялар төлеу тәртібі

 

22. Басқарма бөлiм ұсынған АШТӨ өтiнiмдерiн алғаннан кейiн оларды он бес жұмыс күнi iшiнде қарайды.

23. Басқарма АШТӨ өтiнiмдерiн қарағаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде:

1) осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыс бойынша АШТӨ-нiң субсидия алуға түпкiлiктi тiзбесiн жасайды және оны облыс әкiмiне бекiтуге ұсынады;

2) өтiнiмдер берген АШТӨ-ге қабылданған шешiм туралы жазбаша хабарламаны:

терiс шешiм болған жағдайда өтiнiмдi қайтару себептерiн көрсетiп;

мәлімделген алаңдарды тең бөлген жағдайда отырғызғаннан кейiн субсидиялауға жататын алаңның көлемiн көрсете отырып жiбередi;

3) АШТӨ ұсынған растаушы құжаттардың негiзiнде осы Қағидаға           6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия төлеуге арналған ведомості қалыптастырады.

24. Басқарма облыс бойынша субсидиялар алуға АШТӨ түпкілікті тізілімін облыс әкімі бекіткеннен кейін үш жұмыс күнi iшiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшесіне екi данада төлем шоттарының тiзiлiмiн және төлем шоттарын ұсынады.

25. Тиесілі субсидияларды АШТӨ-нің банк шоттарына аударуды басқарма тиісті жылғы 5 желтоқсанға дейін жүзеге асырады.

26. Субсидиялар алған АШТӨ тиісті жылғы 5 желтоқсанға дейінгі мерзімде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөліміне уәкілетті орган бекiткен нысан бойынша алынған субсидиялардың мақсатты және тиiмдi пайдаланылғаны туралы есеп бередi.

27. Басқарма тиiстi жылғы 25 желтоқсанға дейінгі мерзімде уәкілетті органға субсидия алушыларды, алаңдарды,  нормативтерді, шығынның түрлерін және жалпы төленген субсидиялар сомасын көрсете отырып, көп жылдық екпелердi отырғызу мен өсiруге арналған субсидияларды пайдалану туралы жиынтық ақпаратты ұсынады.

28. АШТӨ, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі, басқарма субсидиялар төлеу үшін ұсынылатын құжаттардың дұрыстығына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне жауапты болады.

 

 

3. Гербицидтердің құнын арзандатуға арналған субсидияларды

төлеу тәртiбi

 

1. Субсидия төлеу шарттары

 

29. Гербицидтердің құнын арзандатуға арналған субсидиялар гербицидтерді ағымдағы жылы және өткен жылғы 4-тоқсанда сатып алған АШТӨ шығындарын iшiнара өтеуге арналады.

30. Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiрудi (формуляциялауды) және (немесе) сатуды жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар гербицид жеткiзушiлер болып табылады.

31. Гербицидтердiң құнына қосымша құн салығы, қаптау, таңбалау құны, республиканың тиiстi өңiрiндегi жеткiзу (жiберу) пунктiне дейiнгi көлiк шығыстары кiредi.

32. Бюджеттік субсидиялар сатып алынған гербицидтердің 1 тоннасына (литрiне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларына сәйкес мына мөлшерде беріледі:

1) отандық өндірістің гербицидтерін сатып алған кезде – субсидиялар сатылған гербицид құнының 50 %-ына дейінгі мөлшерде АШТӨ-ге төленеді;

2) шетелдік өндірістің тыңайтқыштарын және (немесе) гербицидтерін сатып алған кезде – субсидиялар сатып алынған тыңайтқыштар және (немесе) гербицид құнының 30 %-ына дейінгі мөлшерде АШТӨ-ге төленеді.

Бұл ретте осы Қағиданың 12-тармағының 2) тармақшасында көзделген тыңайтқыштар мен гербицидтер түрлеріне арналған субсидия нормаларын белгілеген кезде отандық және шетелдік өндірістік тыңайтқыштары мен гербицидтеріне арналған субсидия мөлшер арасындағы айырмашылық осы Қағиданың 32-тармағында белгіленген айырмашылыққа бара-бар сәйкес болуы тиіс.

33. Өндіруші мен АШТӨ-нің жоғарыда көрсетілген шарттарды сақтамауы басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен төленген субсидияларды өтеп алуына негіз болып табылады.

 

 

2. Қажетті құжаттар тізбесі

 

34. АШТӨ жұмыс органы белгiлеген мерзiмде ВАК-тың жұмыс органына осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия алуға арналған АШТӨ тiзiмiне (бұдан әрi – АШТӨ тiзiмi) енгiзу үшiн өтiнiмдi және мынадай құжаттарды:

1) заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу) туралы не дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң* немесе анықтаманың көшiрмесiн;

ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.»;

2) клиенттi салық есебiне қою фактiсiн растайтын салық қызметiнiң органы берген құжаттың көшiрмесiн;

3) жер учаскесiне сәйкестендiру және (немесе) құқық белгiлейтiн құжатының көшiрмесiн;

4) нөмiрi көрсетiлген ағымдағы шоттың бар екендiгi туралы банктiң анықтамасын;

5) тыңайтқыш сатушы берген шот-фактуралардың, тауар-көлiктiк жүкқұжаттың түпнұсқаларын (тыңайтқыштарды өндiрушiден және (немесе) тыңайтқыш жеткiзушiден алдыңғы жылғы 4-тоқсанда және тыңайтқыш жеткiзушiден ағымдағы жылы сатып алған АШТӨ үшiн);

6) кедендiк жүк декларациясының, тауар-көлiктiк жүкқұжаттың, шот-фактураның (инвойс) көшiрмелерiн (телнұсқаларын) (тыңайтқыштарды және (немесе) гербицидтерді шетелдiк тыңайтқыш және (немесе) гербицид өндiрушiлерден сатып алған АШТӨ үшiн);

7) гербицид жеткiзушi берген шот-фактуралардың, тауар-көлiктiк жүкқұжаттың түпнұсқаларын;

8) сатып алынған тыңайтқыштар мен гербицидтерге арналған сәйкестік сертификаттарының көшірмелерін;

9) гербицидтер жеткізушілер лицензияларының көшiрмелерiн (гербицид сатып алған АШТӨ үшiн);

10) осы Қағидаға 18-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тыңайтқыштар мен гербицидтерді ғылыми ұсынылған қолдану нормаларына сәйкес тыңайтылған немесе өңделген алқапты көрсете отырып, АШТӨ-нің тыңайтқыштар мен гербицидтерді мақсатты пайдаланғаны туралы анықтама-есепті ұсынады.

АШТӨ ұсынылған құжаттардың дұрыстығы үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

35. Осы Қағиданың 32-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес субсидиялар алатын, тыңайтқыштар мен гербицидтер құнының кемiнде           50 %-ын төлеген АШТӨ бюджеттiк субсидиялар алушылардың тiзiмiне енгiзiледi.

Бұл ретте АШТӨ осы Қағиданың 34 көрсетiлген құжаттарға қосымша ВАК-тың жұмыс органына iшiнара төленгенiн растайтын төлем құжаттарының (кассалық кiрiс ордерi, банктiң төлем тапсырмасы) көшiрмелерiн ұсынады.

АШТӨ қалған сомаға төлем құжаттарының (кассалық кiрiс ордерi, банктiң төлем тапсырмасы) көшiрмелерiн, тыңайтқыштарды және (немесе) гербицидтердi алуға сенiмхаттың түпнұсқасын құнын толық төлегеннен кейiн, бiрақ бюджеттiк субсидияларды алған күннен бастап 15 жұмыс күнiнен кешiктiрмей ВАК-тың жұмыс органына ұсынады. Осы Қағиданың                   35-тармағының талаптары орындалмаған жағдайда, АШТӨ алынған бюджеттiк субсидияларды басқарманың есеп айырысу шотына аудару жолымен қайтарады.

36. Субсидиялар құжаттарды ұсынбаған, осы Қағиданың 34  және          35-тармақтарында көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынбаған немесе осы Қағиданың 34-тармағында айқындалған оларды ұсыну мерзімін бұзған жағдайларда берілмейді.

 

 

3. ВАК-тың жұмыс тәртібі

 

37. ВАК-тың жұмыс органы құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде оларды өңдеудi жүзеге асырады және ВАК-тың қарауына ұсынады. АШТӨ-ге құжаттардың қабылдану күнi толық көлемде қабылданған құжаттар туралы анықтама берiледi.

38. ВАК-тың жұмыс органы ұсынған құжаттарды ВАК бес жұмыс күнi iшiнде қарайды және тиесiлi субсидиялар сомасын көрсете отырып, осы Қағидаға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АШТӨ тiзiмiн қалыптастырады. Бұл ретте субсидиялауға жататын тыңайтқыштардың және (немесе) гербицидтердiң көлемi бөлiнген бюджет қаражаты мен әрбiр АШТӨ-нiң егiс алаңдарының мөлшерi ескерiле отырып, АШТӨ-нiң өтiнiмдерiне тең белгiленедi.

39. ВАК үш жұмыс күнi iшiнде АШТӨ-нiң түпкiлiктi тiзiмiн жасайды және оны аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiне, ал Астана мен Алматы қалалары бойынша – қала әкiмiне бекiтуге жiбередi.

Осы АШТӨ тiзiмiне енгiзуден бас тартылған жағдайда жұмыс органы АШТӨ-ге түпкiлiктi тiзiм жасалған сәттен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей бас тарту себебiн көрсете отырып жазбаша хабарлама бередi.

40. Аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана, Алматы қалалары) әкiмi екi жұмыс күнi iшiнде АШТӨ тiзiмiн бекiтедi.

41. ВАК-тың жұмыс органы тiзiмдi аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана қаласы) әкiмi бекiткеннен кейiн үш жұмыс күнi iшiнде оны басқармаға ұсынады.

42. АШТӨ өтiнiм берiлген тыңайтқыштар және (немесе) гербицидтер көлемiн сатып алудан немесе өтеуден бас тартқан жағдайда ВАК осы тыңайтқыштар және (немесе) гербицидтер көлемiн АШТӨ тiзiмiне енгiзiлген басқа АШТӨ арасында қайта бөледi.

 

 

4. Субсидия төлеу тәртібі

 

43. Басқарма осы Қағидаға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша: ағымдағы жылы және өткен жылғы 4-тоқсанда гербицидтер жеткізушіден сатып алынған гербицидтер шығындарын өтеуге арналған АШТӨ-нiң жиынтық тiзiлiмiн жасайды.

44. Субсидиялар алу үшiн гербицид жеткiзушiлерден сатып алынған гербицидтерге субсидиялар алу үшiн басқарма АШТӨ-нiң жиынтық тiзiлiмдерi негiзiнде осы Қағидаға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АШТӨ-ге субсидиялар төлеуге арналған ведомость қалыптастырады.

45. Тиесілі субсидияларды АШТӨ-нің және өндірушілердің банк шоттарына аударуды басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес ай сайын, ағымдағы айдың 30-күніне дейін аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екi данада төлем шоттарымен қоса төлем шоттарының тiзiлiмiн ұсыну арқылы жүзеге асырады.

Бұл ретте тиесілі субсидияларды АШТӨ-нің және өндірушілердің банк шоттарына желтоқсан айында аударуды басқарма тиісті жылғы 20 желтоқсанға дейін жүзеге асырады.

46. Басқарма тиiстi жылдың 5 шiлдесiне және 25 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде уәкiлеттi органға субсидияларды пайдалану туралы жиынтық ақпарат бередi.

_________________________

 

 

 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

          2013 жылғы «      »

№            қаулысына

1-қосымша

 

 

 

Нәтижелер көрсеткішітеріне қол жеткізу туралы аралық есеп

 

«____» ______________20___ ж.

 

Мемлекеттік органның атауы ___________________________________________

Нысаналы трансферттің атауы __________________________________________

Есепті кезең ________________________________________________________

Жоғарыда тұрған бюджеттен алынған қаражаттың сомасы __________________

____________________________________________________________________

(бюджеттік бағдарлама атауы)

____________________________________________________________________

(бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) коды)

 

р/с

 

Тікелей нәтиже

Көрсеткіштер

атауы

(жоспарланған

іс-шаралар)

Іс-шараның

іс-жүзінде орындалуы,

нәтижеге қол

жеткізу сатысы

Нәтижеге қол жеткізбеушіліктің себептері

Жоспар

мың теңге

Ңақты мың

теңге

Ауытқу мың теңге

1

2

3

4

5

6

7

             
             
             

 

 

МО

 

Әкім ________________________________________________ _______________

                                                   (Т.А.Ә.)                                                              (қолы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚазақстанРеспубликасы

Үкіметінің

2013жылғы «       »  

№           қаулысына

2-қосымша

 

 

Нәтижелер көрсеткішітеріне қолжеткізу қорытынды туралы есеп

 

«____» ______________20___ ж.

 

Мемлекеттік органның атауы ___________________________________________

Нысаналы трансферттің атауы _________________________________________

Есепті кезең _________________________________________________________

Жоғарыда тұрған бюджеттен алынған қаражаттың сомасы _________________

____________________________________________________________________

(бюджеттік бағдарлама атауы)

____________________________________________________________________

(бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) коды)

 

р/с

 

Тікелей нәтиже

Көрсеткіштер

атауы

(жоспарланған

іс-шаралар)

Іс-шараның

іс-жүзінде орындалуы,

нәтижеге қол

жеткізу сатысы

Нәтижеге қол жеткізбеушіліктің себептері

Жоспар

мың теңге

Ңақты мың

теңге

Ауытқу мың теңге

1

2

3

4

5

6

7

             
             
             

 

Қорытынды нәтиже

 

Жоспарланған көрсеткіштер

(іс-шаралар)

Іс-жүзінде нәтижеге қол

жеткізу

Нәтижеге қол жеткізбеушіліктің себептері

 

 

 

 

 

 

МО

Әкім ______________________________________________ _________________

                                                       (Т.А.Ә.)                                                                  (қолы)

 

Төменде тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі-бірінші басшы

___________________________________________________ _________________

                                                       (Т.А.Ә.)                                                                  (қолы)

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus