Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет НҚА Мемлекеттiк астық ресурстарына жеткiзiлетiн астықтың сатып алу бағасын белгiлеу туралы және «Мемлекеттік астық ресурстарына жеткізілетін астықтың сатып алу бағасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қазандағы № 1250 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Мемлекеттiк астық ресурстарына жеткiзiлетiн астықтың сатып алу бағасын белгiлеу туралы және «Мемлекеттік астық ресурстарына жеткізілетін астықтың сатып алу бағасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қазандағы № 1250 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

 

«Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1.Мыналардың:

1) мемлекеттiк сатылатын астық ресурстары үшiн:

          ҚР СТ 1046-2008 (2 кесте – техникалық талаптар) 3-сыныпты жұмсақ бидайдың (Triticum aestivum L.) бiр тоннасына 28000 (жиырма сегіз мың) теңге (ҚҚС төлушілер үшін) және 25000 (жиырма бес мың) теңге (ҚҚС төлемеушілер үшін) мөлшерінде;

2) мемлекеттiк жемдiк астық ресурстары үшiн:

          ГОСТ 28672-90 2-сыныпты арпаның бір тоннаға 20000 (жиырма мың) теңге көлемінде (ҚҚС төлеушілер үшін) және бір тоннаға 17857 (он жеті мың  сегіз жүз елу жеті) теңге (ҚҚС төлемеушілерге) мөлшерiнде;

3) мемлекеттiк тұқым ресурстары үшiн:

              осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаздық жұмсақ бидай және арпа тұқымдарының репродукциялары мен егiс стандартының сыныптары бойынша сатып алу бағасы белгіленсін.                                                                      

          2. «Мемлекеттік астық ресурстарына жеткізілетін астықтың сатып алу бағасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы      1 қазандағы № 1250 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 72-73, ст. 1054-құжат) күші жойылды деп танылсын.

          3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

           Қазақстан Республикасының
             
     Премьер-Министрi                                                             С. Ахметов

                                                                         Қазақстан Республикасы 
                                                                             Үкiметiнiң      
                                                               2013 жылғы «     »               
                                                                                  №           қаулысына қосымша

 

Жаздық жұмсақ бидайдың және арпаның сорттық тұқымдарын сатып алу бағасы (1 тоннаға теңге)

 

Дақылдың атауы

I репродукция

II репродукция

III репродукция

1-сынып

2-сынып

1-сынып

2-сынып

1-сынып

2-сынып

Бидай

53 650

48 667

50 439

43 500

44 190

41 750

Арпа

47 964

44 100

42 400

40 500

39 200

38 750

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus