Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет НҚА «Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2011 жылғы 28 ақпандағы № 11-2/94 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2011 жылғы 28 ақпандағы № 11-2/94 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

обложка приказа

«Биоотын өндірушісімен өндіріс
паспортын әзірлеу және бекіту
ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің 
м.а. 2011 жылғы 28 ақпандағы № 11-2/94 
бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

  

«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына және  «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Қазақстан Республикасы Заңының
6-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН::

  1. «Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2011 жылғы 28 ақпандағы № 11-2/94 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6854 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 26 мамырдағы № 221 (26619) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту ережесіне 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қайта өңдеу және аграрлық азық-түлік нарығы департаменті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр                                                                     А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2013 жылғы «     »            

№                  бұйрығына

қосымша

Биоотын өндірушісімен

өндіріс паспортын

әзірлеу және бекіту

ережелеріне

2-қосымша

Нысан

 

 

Атаулы карточка

 ____________________________________________________________________________________________________________________

(заңды тұлғаның атауы)

 

Биоотын өндірушісінің толық және қысқартылған атауы  
Бірінші басшы (лауазымы, аты-жөні, телефон және факс нөмірі, толық)  
Биоотын өндірушіні мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нөмірі және берілген күні, куәлікті берген органның атауы  
Биоотын өндірушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі  
Биоотын өндірушісінің орналасқан мекенжайы  
Биоотын өндіретін зауыттың орналасқан мекенжайы  
Теміржол деректермелері  
Қызмет көрсететін банк, есеп айырысу шоты, жеке сәйкестендіру коды  

 

Ескертпе: * – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін қолданыста болады.

 

 

«Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2011 жылғы 28 ақпандағы № 11-2/94 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы «     »                     №               бұйрыққа

анықтама-негіздеме

 

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

 

Мемлекеттік органның

ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

 

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті) «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Заңының 6-1-бабына сәйкестендіру мақсатында

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 6-бабының 4)  тармақшасына  және 10-бабының 2-тармағы 7) тармақшасында көзделген құзыретіне сәйкес

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер «Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2011 жылғы 28 ақпандағы
№ 11-2/94 бұйрығы

5.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, оларды мемлекеттік тіркеуден бас тартылған немесе олардың жойылғаны туралы актілердің реквизиттерін көрсете отырып заң сараптамасын өткізбей кері қайтарылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер Жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейтіндігі туралы мәлімет   Көзделмейді

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет Жоқ
8. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының интернет-ресурстарды қоса алғанда,бұқаралық ақпарат құралдарында  жариялау туралы мәлiмет www.minagri.gov.kz
9. Сараптамалық қорытындыларды қамтуы тиiс ұсынбаған кәсiпкерлердiң аккредиттелген бiрлестiктерiнiң тiзiмi (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын актiлер үшiн)  

 

 

Құқықтық қамтамасыз ету

департаментінің директорының м.а.                                    А. Мәлібеков 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus