Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет НҚА «Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 маусымдағы № 773 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 маусымдағы № 773 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 маусымдағы                 № 773 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ

  1. «Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 маусымдағы           № 773 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 2012 ж., №56, 768-құжат) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

         көрсетілген қаулымен бекітілген Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларының:

көрсетілген қағиданың 4-қосымшасында:

         «Шитті мақтаның иесі____________СТН _____________» жолы мынадай редакцияда жазылсын:

         «Шитті мақтаның иесі ___________ ЖСН/БСН ____________».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі                                                      С. Ахметов

 

 «Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 маусымдағы № 773 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

Р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының             13-бабына сәйкес

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларды туындамайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар Талап етілмейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын тиімді реттеуге бағытталған

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған кесімдері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер «Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 маусымдағы № 773 қаулысы

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі Талап етілмейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері Жоқ

9.

Өзге де мәліметтер Жоқ

10.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына материалдар (үзінді-көшірмелер) беруге рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында, интранет-порталында немесе басқа да ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және күні) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атаулары) Жоба Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің    www.minagri.gov.kz ресми сайтында орналастырылған

 

 

 

    Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрі                                                   А. Мамытбеков                                                           

 

 

«Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 маусымдағы № 773 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына салыстырмалы кесте

 

р/с

 Нормативті-құқықтық актінің құрылымы

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

1 Мақтаның сандық-сапалық 

есебін жүргізу қағидаларына

4-қосымша  

Шитті мақтаның иесі _______________________ СТН ____________________ Шитті мақтаның иесі _______________________ ЖСН/БСН ____________________ «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының             13-бабына сәйкес

 

 

 

Министр сельского хозяйства           

       Республики Казахстан                                                                                                                   А. Мамытбеков

                                                                                                                                  

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus