Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет НҚА «Конкурстан тыс рәсімдер арқылы 2013-2015 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 385 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Конкурстан тыс рәсімдер арқылы 2013-2015 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 385 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Конкурстан тыс рәсімдер арқылы 2013 – 2014 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2013 жылғы 22 сәуірдегі № 385

қаулысына өзгеріс енгізу туралы»  Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

 САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ

 

Р/с

Құрылым

дық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

1

2

3

4

5

1-тармақ 1. Республикалық бюджеттен 2013-2015 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Карантиндік зиянды организмдердің фитосанитариялық қауіп-қатерлерін талдау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» деген ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша конкурстан тыс рәсімдер арқылы жүзеге асырылады деп белгіленсін.

 

1. Республикалық бюджеттен 2013- 2015 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру:

1) «2013-2015 жылдарға арналған карантиндік зиянды организмдердің фитосанитариялық қауіп-қатерлерін талдау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» ғылыми-техникалық бағдарлама  бойынша;

2) «2013–2014 жылдарға арналған жаңғыртылған энергия көздерін қолдану арқылы Қазақстандағы мал шаруашылығын дамыту мен жайылымдарды тиімді пайдалануға ғылыми-эксперименталдық негіздеме» ғылыми-техникалық жобасы бойынша конкурстан тыс рәсімдер арқылы жүзеге асырылады деп белгіленсін.

 1) Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның  сырттай отырысының 2013 жылғы 17 мамырдағы

№ 20-49/И-399 хаттамасының 1.1-т.

2) Республикалық бюджеттік комиссияның 2013 жылғы 8 мамырдағы № 8 қорытындысы.

 

 

          Қазақстан Республикасы

           Ауыл шаруашылығы министрі                                                                                                                         А. Мамытбеков 

 

 «Конкурстан тыс рәсімдер арқылы 2013-2015 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 385

қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

1. «Конкурстан тыс рәсімдер арқылы 2013-2015 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі №  385 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Республикалық бюджеттен 2013-2015 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру:

1) «2013-2015 жылдарға арналған карантиндік зиянды организмдердің фитосанитариялық қауіп-қатерлерін талдау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша;

2) «2013-2014 жылдарға арналған жаңғыртылған энергия көздерін қолдану арқылы Қазақстандағы мал шаруашылығын дамыту мен жайылымдарды тиімді пайдалануға ғылыми-эксперименталдық негіздеме» ғылыми-техникалық жобасы бойынша конкурстан тыс рәсімдер арқылы жүзеге асырылады деп белгіленсін.»

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі                                                                 С. Ахметов

 

 «Конкурстан тыс рәсімдер арқылы 2013-2014 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2013 жылғы 22 сәуірдегі № 385

қаулысына өзгеріс енгізу туралы»

 Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Р/с

Түсіндірме жазбада
көрсетілуге тиіс
мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның
ақпараты

1. Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
2. Жобаны қабылдау қажеттігінің  негіздемесі  «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағына және Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның  сырттай отырысының 2013 жылғы 17 мамырдағы № 20-49/И-399 хаттамасының 1.1-тармағына сәйкес
3. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды
4. Жобаны іске асыруға
байланысты болжанатын
қаржылық шығындар

 

 

 

«2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2012  жылғы 23 қарашадағы № 54-V Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы __№__ Заңымен («212 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» бағаны) 212 «Агроөнеркәсіп кешені саласындағы ғылыми зерттеулер және іс шаралар»  бағдарламаның шеңберінде 100 «Агроөнеркәсіп кешені саласындағы ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру» кіші бағдарлама бойынша 2013 жылға 3 365 387,0 мың теңге қарастырылған,  оның ішінде жаңғыртылған энергия көздерін қолдану арқылы Қазақстандағы мал шаруашылығын дамыту мен жайылымдарды тиімді пайдалануға ғылыми-эксперименталдық негіздеме 50 000,0 мың теңге (2014 жылға 460 200,0 мың теңге қажет).

2014 жылға арналған қаржыландыру көлемі тиісті қаржылық жылға бюджетті қалыптастыру кезінде айқындалатын (нақтыланатын) болады.

5. Жобаны қабылдаудың
нақты мақсаттары,
күтілетін нәтижелердің
мерзімі мен болжанатын
тиімділігі
Стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді шешу үшін бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру
6. Жобада қаралатын
мәселелер бойынша
Президенттің және/немесе
Үкіметтің бұрын
қабылданған актілері
және олардың іске
асырылу нәтижелері
туралы мәліметтер
Жоқ
7. Заңнаманы кейін жобаға
сәйкес келтіру

қажеттігі

Қажет емес
8. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері. Жоқ
9. Өзге де мәліметтер Жоқ
10. Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі
 

11.

Жобаның интернет-ресурста  орналастырылғаны туралы ақпарат www.minagri.gov.kz

 

 

 Қазақстан Республикасы

 Ауыл шаруашылығы министрі                                       А. Мамытбеков 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus