Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет НҚА «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 780 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

«Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 780 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 780 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 2008 ж., №35, 382-құжат) қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу ережесінде:

5-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«Өтінім электрондық цифрлық қол қоюмен расталған электрондық құжат түрінде берілуі мүмкін.»;

12-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

«Ұсынылған селекциялық жетістік атауының дұрыстығын тексеру сараптамалық ұйымнан өтінім материалдары келіп түскен күннен бастап екі айлық мерзімде мемлекеттік комиссиялармен жүзеге асырылады.»;

14-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

«Егер көрсетілген мерзім ішінде өтінім беруші көрсетілген талаптарға сәйкес жаңа атау ұсынбаса не аппеляциялық кеңесте селекциялық жетістіктің атауын мақұлдаудан бас тартуға қарсы болмаса уәкілетті орган селекциялық жетістікті тіркеуден бас тартады.»;

23-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Тұқымдық материалдың үлгілерін іріктеп алу ұлттық стандарттарға сәйкес ағымдағы жылдың өнімінен алынады және тұқымның аттестаты немесе куәлігімен, карантиндік немесе фитосанитарлық сертификатымен қоса жіберіледі.».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі                                                      С. Ахметов

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus