Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет НҚА «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы № 1133 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы № 1133 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

«Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы № 1133 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы № 1133 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 43, 475-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы»;

2 және 3-тармақтар алынып тасталсын:

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі                                                             С. Ахметов

 

 

«Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы № 1133 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

Рет №

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиісті                                                              мәліметтер тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министірлігі  

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі  «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар Жобаны қабылдау, кері әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларды болдырмайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты қаржы шығындарының болжамы Қаржы шығындары болжанбайды

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары жағдайда күтілетін нәтижелердің, мерзім және болжанатын тиімділігі «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдаланудың кейбір мөселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы №1133 қаулысымен өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану қағидасы бекітілді. Осыған байланысты агенттің қызметіне ақы төлеу жыл сайын белгіленеді, қаулыға жыл сайын өзгерістер енгізу қажеттілігін алып тастау мақсатында қаулыдан агенттің қызметіне ақы төлеу жөніндегі нормалар алынып тасталады және «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін бюджет қаражатын басқару жөніндегі агенттің 2013 жылға арналған қызметіне ақы төлеу мөлшері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулысының жеке жобасы әзірленуде. Күтілетін нәтижелердің мерзімі – 2013 жыл және кейінгі жылдар

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/ немесе Үкіметтің кесімдері бұрын қабылданған және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы
№ 1133 қаулысы

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі Қажет емес 

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама жасау (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері Жоқ

9.

Өзге де мәліметтер Жоқ

10.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдарды (көшірмелер) беруге рұқсат етіледі.

11.

Жобаның интернет-ресурста орналастырылғаны туралы ақпарат Жобасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің    www.minagri.gov.kz ресми сайтында орналастырылған.

 

 

Қазақстан Республикасының

              Ауыл шаруашылығы

                          министрі                                                         А. Мамытбеков

«Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы № 1133 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ

р/с №

НҚА құрылымдық элементі

Қолданыстағы редакциясы

Ұсынылған редакциясы

Негіздеме

1

Тақырып
«Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдаланудың кейбір мәселелері туралы»
«Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Агенттің қызметіне ақы төлеу нормаларын алып тастауына байланысты (2 және 3-тармақтар) «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы № 1133 қаулысының тақырыбын өзгерту қажет.

2

2-тармақ
2. Агенттің 2012 жылға арналған қызметіне ақы төлеу 64 520 000 (алпыс төрт миллион бес жүз жиырма мың) теңге мөлшерінде бекітілсін
Алып тасталсын Агенттің қызметіне ақы төлеу көлемі жыл сайын белгіленетінін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы № 1133 қаулысына жыл сайын өзгерістер енгізу қажеттілігін алып тастау мақсатында, «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін бюджеттік қаражатты басқару жөніндегі агенттің 2013 жылға арналған қызметіне ақы төлеу мөлшері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жеке жобасы әзірленді.

3

3-тармақ
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен агент арасында жасалған шартқа сәйкес оны жасасқаннан кейін күнтізбелік 15 күн ішінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдау үшін «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қаражат есебінен агент қызметіне ақы төлеуді жүзеге асырсын.
Алып тасталсын
Агенттің қызметіне ақы төлеу көлемі жыл сайын белгіленетінін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы № 1133 қаулысына жыл сайын өзгерістер енгізу қажеттілігін алып тастау мақсатында, «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін бюджеттік қаражатты басқару жөніндегі агенттің 2013 жылға арналған қызметіне ақы төлеу мөлшері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жеке жобасы әзірленді.

 

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі                                                                                                            А. Мамытбеков

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus