Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет НҚА «Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 263 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 263 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң

2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы

19 наурыздағы № 263 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. «Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 наурыздағы                 № 263 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларына 1-қосымшада:

реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

11. Дьюар ыдысы Көлемі 35 литр.  

»

Дьюар ыдысы Көлемі 6 литр.

 

реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:

« 15. Автомашина, сыйымдылығы 500-600 литр УАЗ 390945 шассиіндегі дезинфекциялау қондырғысы (ДҚ)  Автомашина, сыйымдылығы 500-600 литр УАЗ 390945 шассиіндегі дезинфекциялау қондырғысы (ДҚ) мынадай негізгі бөліктерден тұруы тиіс: цистерна, дезинфекциялық сұйықтықтарға арналған бактар, керек – жараққа арналған жәшіктер, жұмыс ерітіндісін қыздыру жүйесі, қысым құбыры, қабылдау-тарату құбыры, компрессорлық қондырғы.

»

2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

 

 

Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi                                                             С. Ахметов


«Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 263 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

 

№ р/с

Жобада бейнеленуге тиісті мәліметтердің тізбесі

Әзірлеген мемлекеттік органның ақпараты

1.

Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттілігінің  негіздемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1563 қаулысымен бекітілген жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды қамтамасыз етудің заттай нормаларына сәйкестендіру

3.

Жоба қабылданған жағдайда көзделетін әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдар Жобаны қабылдау ешқандай теріс әлеуметтік-экономиқалық және/немесе құқықтық салдарларға дұшар етпейді

4.

Жобаны жүзеге асыруға байланысты көзделген қаржылық  шығындар Жобаны іске асыруға байланысты қаржы шығындары қажет етілмейді

5.

 

Жобаны қабылдаған жағдайда күткен нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері, енгізілген ұсыныстардың тиімділігі

 

Жобаны қабылдау «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысында анықталған  аса қауіпті инфекциялық және инвазиялық аурулардан ауыл шаруашылығы малдары мен құстарын қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді

6.

Президенттің және/ немесе Үкіметтің қандай нормативтік құқықтық актілері жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданды және оларды әзірлеуші қалай орындағаны туралы мәліметтер «Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 наурыздағы
№ 263 қаулысы

7.

Заңнамалықты кейіннен жобаға сәйкес келтірудің қажеттілігі

Қажет емес

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа да мекемелерде өткізген жағдайда (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) қосымша сұрыптау нәтижесі

Жүргізілген жоқ

 

 

9.

Басқа мәліметтер

Жоқ

10.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдарды (көшірмелер) беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Жобаның интернет-ресурста орналастырылғаны туралы ақпарат

www.minagri.gov.kz

 

 

Қазақстан Республикасы

     Ауыл шаруашылығы министрі                                         А. Мамытбеков

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus