Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет НҚА «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 ақпандағы № 129 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 ақпандағы № 129 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  1. «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 13 ақпандағы № 129 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж.,
    № 16, 275-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау қағидаларында:

3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) «Б» тобы:

былғары шикізаты мен жүнді қайта өңдеумен;

жарма өндірумен;

құрама жем өндірумен;»;

дәнді дақылдарды қайта өңдеумен және нан, нан-тоқаш және макарон өнімдерін өндірумен айналысатын қарыз алушылар;»;

10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Тиісті қаржы жылы көзделген субсидиялар толығымен бөлінбеген және (немесе) өткізілген алдыңғы айқындаудың қорытындылары бойынша қаражат үнемделген жағдайда, комиссияның келесі отырысы тиісті қаржы жылының шілде, қазан және қараша айларының бірінші сейсенбісінде өтеді.».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күніннен бастап  күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі                                                       С. Ахметов

«Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 13 ақпандағы № 129 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

 

Р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі Астық өңдеу саласын одан әрі дамыту мақсатында астық өңдеу кәсіпорындарының және нан, нан-тоқаш өнімдерін өндірушілердің субсидиялар алуға қолжеткізуін қамтамасыз ету қажет.

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларды туындамайды.

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар 100 «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу» бюджеттік бағдарламасының 213 «Қайта өңдеу өндірісін даму» кіші бағдарламасы бойынша 2013 жылға арналған республикалық бюджетте 3,4 миллиард теңге мөлшеріндегі көзделген қаражат шегінде.

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі Мақсаты – астық өңдеу саласының тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Күтілетін нәтижелердің мерзімдері – 2013 және келесі жылдар.

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған кесімдері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 13 ақпандағы           № 129 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі Талап етілмейді.

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері Жоқ.

9.

Өзге де мәліметтер Жоқ

10.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына материалдар (үзінді-көшірмелер) беруге рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында, интранет-порталында немесе басқа да ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және күні) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атаулары) Жоба Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің    www.minagri.gov.kz ресми сайтында орналастырылған.

Шығарылған файлдар көлемі – 21773 байт.

 

 

 

         Қазақстан Республикасының

        Ауыл шаруашылығы министрі                                      А. Мамытбеков

«Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша
субсидиялау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы»
2013 жылғы 13 ақпандағы № 129 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
салыстырмалы кесте

 

 

Р/с №

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау қағидалары

1

3-тармақтың
2) тармақшасы
«2) «Б» тобы:

былғары шикізаты мен жүнді қайта өңдеумен;

жарма өндірумен;

құрама жем өндірумен айналысатын қарыз алушылар;»

«2) «Б» тобы:

былғары шикізаты мен жүнді қайта өңдеумен;

жарма өндірумен;

құрама жем өндірумен;

дәнді дақылдарды қайта өңдеумен және нан, нан-тоқаш және макарон өнімдерін өндірумен айналысатын қарыз алушылар;»

Астық өңдеу саласын одан әрі дамыту және қайта өңделген астық өнімдерін өткізу мақсатында субсидияланатын салалар тізбесіне дәнді дақылдарды қайта өңдеуді және нан, нан-тоқаш және макарон өнімдерін өндіруді енгізу қажет.

2

10-тармақтың екінші бөлігі «Тиісті қаржы жылы көзделген субсидиялар толығымен бөлінбеген және (немесе) өткізілген алдыңғы айқындаудың қорытындылары бойынша қаражат үнемделген жағдайда, комиссияның келесі отырысы тиісті қаржы жылының шілде  және  қазан айларының бірінші сейсенбісінде өтеді.» «Тиісті қаржы жылы көзделген субсидиялар толығымен бөлінбеген және (немесе) өткізілген алдыңғы айқындаудың қорытындылары бойынша қаражат үнемделген жағдайда, комиссияның келесі отырысы тиісті қаржы жылының шілде, қазан және қараша айларының бірінші сейсенбісінде өтеді.» Комиссия отырысында субсидиялар бөлуді қараша айында өткізу мүмкіндігін ұсыну үшін.

 

 

 

          Қазақстан Республикасының

          Ауыл шаруашылығы министрі                                                                                                                         А. Мамытбеков

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus