Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет НҚА «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 қыркүйектегі № 1230 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 қыркүйектегі № 1230 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және

қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 қыркүйектегі

№ 1230 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

 

 

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы                     10 шілдедегі Заңының 5-бабының 18-4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары» (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1046-құжат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 қыркүйектегі № 1230 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы                     10 шілдедегі Заңының 5-бабының 18-4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Қоса беріліп отырған Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптар»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 5-бабының 18-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру тәртібін және олардың бланкілеріне қойылатын талаптар айқындайды.»;

мынадай мазмұндағы 5-тараумен толықтырылсын:

«5. Ветеринариялық құжаттардың бланкілеріне талаптары

31. Ветеринариялық құжаттардың бланкілеріне қатаң есептегі құжаттар болып табылады және мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс.

1) Ветеринариялық сертификаттардың бланкілері және бланкілердің түбіртегі кемінде бес степенді қорғанысыболады, оның ішінде:

түсі;

суға ұқсас белгілері;

типографиялық нөмірі және бланкінің реттік нөмірі (сегіз араб цифрларынан тұраты);

оңтайлы шағылыстық көріністегі гильоштық рамкісі;

гильоштық рамкісінің периметрі бойынша     орналасқан микротексттері бар.

Ветеринариялық сертификаттардың бланкілері түсі, хатталуы және қорғаныс элементтері бойынша біріңғай ұқсас. Бланкінің форматы                     210 x 297 мм.

Бланк арнайы қағазда көлемі  90г/м2, 50% кем емес, мақта талшықтарынан құралады, эксклюзивті суға ұқсас белгімен белгіленген, қай-қайсысы саңылаулы саялы болып табылады, контрастностьтылығы мәнерлі белгімен, визуальды сенімді берік бақылауды қамтамасыз етілген. Қағаз ультрафиолетті сәулелердің қызметіне өзгермейді жарқырамайды,екіден кем емес талшықтан тұрады, көріністері бақыланады немесе басқа спекторлық облыстарда көрінеді. Арнайы көгілдір түсті көріністегі люминесценциялық талшықтан тұрады, ультрафиолетті сәулелердің қызметіне өзгермейді жарқырамайды.

Кеден Одағының ветеринариялық сертификатының бланкілері Кеден Одағының Комиссиясының 18 қараша 2010 жылғы № 455 шешімімен бекітілген қойылатын талаптарға сәйкес келуі тиіс.

2) Ветеринариялық анықтаманың бланкісі келесі степендік қорғаныстардан тұрады:

рамкі бет жағында офсеттік печаттық әдісте орындалған;

екі түрлі тангирлік сеткасы бар;

нөмірленген;

микротексті бар;

инфрақызыл излучениенің әсерінен көрінбейтін текстік дайындығы бар;

копировкаға қарсы элементі бар.

Ветеринариялық анықтаманың бланкісі көк түсті түрде босатылады. Бланкінің форматы 210 x 297 мм. Бланк көгілдір түсті көріністегі арнайы қағаздан, көлемі  90г/м2, дайындалады.

3) Бланкіні дайындағанда оригинальдық компазиция қолданылады:

рамкі бет жағында офсеттік печаттық әдісте орындалған;

екі түрлі тангирлік сеткасы бар;

копировкаға қарсы элементі бар.

Ветеринариялық-санитариялық қорытындысының бланкісі ашық-жасыл түсте дайындалып шығарылады. Бланкінің форматы 210 x 297 мм. Бланкі арнайы қағаздан, көлемі 80 г/м2  дайындалады.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi                                                               С. Ахметов

 


Қазақстан Республикасы Үкіметінің ««Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің               2012 жылғы 22 қыркүйектегі № 1230 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

 

№ р/с

Жобада бейнеленуге тиісті мәліметтердің тізбесі

Әзірлеген мемлекеттік органның                ақпараты

1.

Әзірлеуші мемлекеттік орган       Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттілігінің  негіздемесі       «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  5-тармағы 18-4) тармақшасы

3.

Жоба қабылданған жағ-дайда көзделетін әлеу-меттік-экономикалық немесе құқықтық салдар Болжау жоқ

4.

Жобаны жүзеге асыруға байланысты көзделген қаржылық  шығындар Қажет жоқ

5.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жобаны қабылдаған жағдайда күткен нәти-желердің нақты мақсат-

тары мен мерзімдері, енгізілген ұсыныстардың тиімділігі.

 

Жобаның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкестендіру және ветеринариялық құжаттардың бланкілеріне талаптарды қою

6.

Президенттің және/ немесе Үкіметтің қандай нормативтік құқықтық актілері жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабыл-данды және оларды әзірлеуші қалай орын-дағаны туралы мәлімет-тер «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 қыркүйектегі                   № 1230 қаулысы

 

7.

Заңнамалықты кейіннен жобаға сәйкес келтірудің қажеттілігі Қажет емес

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа да мекемелерде өткізген жағдайда (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) қосымша сұрыптау нәтижесі Жүргізудің қажеттілігі жоқ

 

 

9.

Басқа мәліметтер

Жоқ

10.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдарды (көшірмелер) беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Жобаның интернет-ресурста орналастырылғаны туралы ақпарат

www.minagri.gov.kz

 

Министр                                                                          А. Мамытбеков

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus