Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет НҚА «2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын арзандату жөніндегі субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 шілдедегі № 730 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын арзандату жөніндегі субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 шілдедегі № 730 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

«2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері

(лизингі) бойынша сыйақының пайыздық ставкаларын арзандату

жөніндегі субсидиялау қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 шілдедегі                       № 730 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері(лизингі) бойынша сыйақының пайыздық ставкаларын арзандату жөніндегі субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 шілдедегі № 730 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген 2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша сыйақының пайыздық ставкаларын арзандату жөніндегі субсидиялау қағидаларында:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Субсидиялауға мынадай қаржы лизингінің нысандары (түрлері) жатады: ішкі лизинг және (немесе) банктік лизинг және (немесе) толық лизинг және (немесе) таза лизинг.»;

13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы жиырма үшінші абзацпен толықтырылсын:

«жаңартылатын энергия көздерiн пайдалана отырып энергия шығаруға арналған қондырғылар мен отандық және шетелдік өндіріс желсорғылары;».

2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі                                                            С. Ахметов

«2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері

(лизингі) бойынша сыйақының пайыздық ставкаларын арзандату

жөніндегі субсидиялау қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 шілдедегі                              № 730 қаулысына өзгеріс мен толықтыру енгізу туралы»

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

 

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның
ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі Қаулы жобасы:

1) аграрлық саланымемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктерін, оның ішінде ауыл шаруашылығы техникасы лизингін арзандатуды енгізуге қатысты Елбасының 2011 жылғы 21 шілдедегі № 01-7,8 және 2011жылғы 11 қарашадағы № 01-7,10 хаттамалық тапсырмаларынорындау;

2) жаңартылатын «жасыл» энергия түрлеріненгізуге қатысты «Қазақстан-2050» Стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауыніске асыру мақсатында әзірленген

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға дұшар

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus