Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет НҚА Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы             № 1229 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесінде:

5-тармақта:

мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

«Ветеринариялық препараттар, ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар, ветеринариялық техника импортын қосылған құн салығынан босату мақсатында, келесі жағдайлар сақталынуы қажет:

1) Қазақстан Республикасында немесе Кеден одағына мүше мемлекеттерде тіркелген ветеринариялық препараттарға берілетін тіркеу куәлігінің көшірмелерін Қазақстан Республикасының кеден органына ұсыну(апробация және тіркеуге сынақ жүргізу үшін ветеринариялық препараттарды әкелу кезіндегі  үлгілерінен басқа);

2) Қазақстан Республикасына ветеринариялық препараттарды әкелуге ветеринария саласындағы мемлекеттік уәкілетті органның ведомствосы берген рұқсат көшiрмелерiн;

3) лицензияның көшірмелерін ұсыну (ветеринария саласындағы тек лицензияланатын қызмет түрлерінеғана: ветеринариялық мақсаттағы препараттарды шығару өндірісіне; жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды ветеринарлық-санитариялық сараптамасы);

4) құжаттардың көшірмелерін ұсыну(жергілікті атқарушы орган берген ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті атқарушы мамандардың тіркеуге енгізілгендігі туралы ескертпенің немесе мекеме жарғысының көшірмесі),(«Ветеринария туралы»  Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 11 және 13-баптарында көзделген қызметті жүзеге асыру құқығын белгілейтін құжаттың көшірмесін) (тек ветеринария саласындағы лицензиялауға жатпайтын қызметтің түрлеріне ғана).»;

бесінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар шеңберінде  тауарлардың импорты кезінде, жоғарыда көрсетілген құжаттардың орнына, Қазақстан Республикасында ветеринария саласындағы қызмет немесе фармацевтикалық, дәрігерлік қызметке лицензиялануға жататын қызмет түрлері үшін лицензияның көшірмесін қоспағанда, импортты жүзеге асыратын тапсырыс беруші мен жеткізуші арасында жасалған шарт кеден органдарына ұсынылады.»;

алтыншы абзац жаңа редакцияда жазылсын:

«Тауарларды импорттау кезінде (материалдар, жабдықтар, шикізаттар және жинақтауыштар) кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техникалар импортталған жағдайда, фармацевтикалық қызметке немесе ветеринариялық мақсаттағы препараттарды шығаруға арналған өндірістің лицензиясының көшірмесін Қазақстан Республикасының кеден органына ұсыну қажет.»;

8 тармақта:

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды:

1) Қазақстан Республикасында медициналық немесе фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру үшін қызметтің көрсетілген түрлерін жүзеге асыруға лицензияларымен сәйкес денсаулық сақтау субъектілерімен;

2) Заңда көзделген, қызметтің жүзеге асырылуына құқық белгілейтін (лицензиялауға жатпайтын тек ветеринария саласындағы қызметтің түрлері үшін) құжаттың (жергілікті атқарушы орган берген ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті атқарушы мамандардың тіркеуге енгізілгендігі туралы ескертпенің немесе мекеме жарғысы) немесе Қазақстан Республикасында ветеринариялық қызметті жүзеге асыру үшін қызметтің көрсетілген түрлерін жүзеге асыруға лицензияларымен сәйкес ветеринария субъектілерімен (ветеринария саласындағы лицензияланатын қызмет түрлері үшін ғана) пайдалануы тиіс.»;

үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Импорттаушы көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасында медициналық немесе фармацевтикалық немесе ветеринариялық қызметке сәйкес келмейтін мақсаттарға пайдаланған жағдайда, мұндай тауарларды кедендік тазарту кезінде, төленбеген қосылған құн салығы салық заңнамасына, сондай-ақ, Кеден одағының немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес, бюджетке төлеуге жатады.»

2) «Кеден одағында тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы                     23 желтоқсандағы № 1229 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 тамыздағы                    № 824 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 49, 444-құжат.):

көрсетілген қаулымен бекітілген, Кеден одағында тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату Ережесінде:

7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«7. Кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың; медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы; кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық)  мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушылардың импорты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес қосылған құн салығынан босатылады.

Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан, Қазақстан Республикасының аумағына импортағанда, тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату мақсатында, Қазақстан Республикасының салық органына мынадай құжаттар табыс етіледі:

1) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11 және 13-баптарында көзделген қызметтің жүзеге асырылуына құқық белгілейтін (лицензиялауға жатпайтын тек ветеринария саласындағы қызметтің түрлеріне үшін) құжаттың (жергілікті атқарушы орган берген ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті атқарушы мамандардың тіркеуге енгізілгендігі туралы ескертпенің немесе мекеме жарғысы) немесе ветеринария саласындағы лицензияланатын қызмет түрлері немесе медициналық қызмет немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкес берілген медициналық техника және медициналық бағыттағы бұйымдарды көтерме өткізуге электрондық құжат түрінде талон немесе халыққа қызмет көрсету орталығының қабылдауы туралы таңбасымен ескертпенің көшірмесі, ескертпені қабылдауы туралы мемлекеттік органның талоны және (немесе) фармацевтикалық қызметке лицензияның көшірмелері;

2) қосылған құн салығынан босатуды пайдалану үшін Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінетін тауарға Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды бойынша Қазақстан Республикасының кеден органы беретін қорытынды (бұдан әрі – қорытынды);

бұл ретте, егер келісімшартта осындай тауардың бірнеше жеткізілімі көзделсе, онда Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының коды бойынша қорытындының түпнұсқасы, тек бірінші жеткізу бойынша ұсынылады, ал кейінгі жеткізулер бойынша осындай қорытындының көшірмесі ұсынылады.

Қосылған құн салығын төлеуден босатуды пайдалану мақсатында, қорытындыны алу үшін, Қазақстан Республикасының кеден органына мынадай ақпарат ұсынылады:

толық фирмалық атауы, тауарларды КО СЭҚ ТН-нің нақты кіші субпозициясына бір мәнді жатқызуға мүмкіндік беретін тауарлардың негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамалары. Қажет болған жағдайда қорытынды қабылдау үшін фотосуреттер, суреттер, сызбалар, бұйымдардың паспорттары, тауарлардың сынамалары және үлгілері және басқа құжаттар ұсынылады;

жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа мынадай шарттарды сақтау қажет:

денсаулық сақтау саласында:

дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға, медициналық техникаға тіркеу куәлігінің немесе Қазақстан Республикасында шетелдік өкілдік болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар, медициналық техника, медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін – Қазақстан Республикасына дәрілік заттарды, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды әкелуге дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік орган келісімінің немесе «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 80-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы әкелу туралы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік орган рұқсатының көшірмелерін ұсыну.

ветеринария саласында:

Қазақстан Республикасында немесе Кеден одағына мүше мемлекеттерде тіркелген ветеринариялық препараттарға берілетін тіркеу куәлігінің көшірмелерін Қазақстан Республикасының кеден органына ұсыну (апробация және тіркеуге сынақ жүргізу үшін ветеринариялық препараттарды әкелу кезіндегі  үлгілерінен басқа);

Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан, Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импортталған жағдайда,  мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың шеңберінде, жоғарыда көрсетілген құжаттардың орнына, Қазақстан Республикасының салық органына ұсынылады:

1) фармацевтикалық немесе медициналық қызметке лицензияның көшірмелері немесе ветеринария саласындағы лицензияланатын қызмет түрлеріне немесе құжаттардың көшірмелері (жергілікті атқарушы орган берген ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті атқарушы мамандардың тіркеуге енгізілгендігі туралы ескертпенің немесе мекеме жарғысының көшірмесі), Заңның 11 және 13-баптарында көзделген қызметті жүзеге асыру құқығын белгілейтін құжаттың көшірмесі (ветеринария саласындағы лицензиялауға жатпайтын қызметтің түрлеріне ғана);

2) қосылған құн салығын төлеуден босатуды пайдалану үшін, Қазақстан Республикасының кеден органы беретін қорытындыны;

3) тапсырыс беруші мен импортты жүзеге асыратын жеткізуші арасында жасалған шартты ұсынады.

Тауарларды импорттау кезінде (материалдар, жабдықтар, шикізат және жинақтаушылар) кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық техниканы қоса алғанда, медициналық мақсаттағы бұйымдар, Қазақстан Республикасының аумағына, Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған жағдайда, Қазақстан Республикасының салық органына мынадай құжаттарды:

1) фармацевтикалық немесе медициналық қызметке лицензияның көшірмелері немесе ветеринария саласындағы лицензияланатын қызмет түрлеріне немесе құжаттардың көшірмелері (жергілікті атқарушы орган берген ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті атқарушы мамандардың тіркеуге енгізілгендігі туралы ескертпенің немесе мекеме жарғысының көшірмесі), Заңның 11 және 13-баптарында көзделген қызметті жүзеге асыру құқығын белгілейтін құжаттың көшірмесі (ветеринария саласындағы лицензиялауға жатпайтын қызметтің түрлеріне ғана);

2) қосылған құн салығын төлеуден босатуды пайдалану үшін, Қазақстан Республикасының кеден органы беретін қорытындыны ұсыну қажет.»;

11- тармақта:

екінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

«Осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген Кеден одағына мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды:

1) Қазақстан Республикасында медициналық немесе фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру үшін қызметтің көрсетілген түрлерін жүзеге асыруға лицензияларымен сәйкес денсаулық сақтау субъектілерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкес берілген медициналық техника және медициналық бағыттағы бұйымдарды көтерме өткізуге электрондық құжат түрінде талонымен немесе халыққа қызмет көрсету орталығының қабылдауы туралы таңбасымен ескертпенің көшірмесімен, ескертпені қабылдауы туралы мемлекеттік органның талонымен ;

2) Заңда көзделген, қызметтің жүзеге асырылуына құқық белгілейтін (лицензиялауға жатпайтын тек ветеринария саласындағы қызметтің түрлері үшін) құжаттың (жергілікті атқарушы орган берген ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті атқарушы мамандардың тіркеуге енгізілгендігі туралы ескертпенің немесе мекеме жарғысы) немесе Қазақстан Республикасында ветеринариялық қызметті жүзеге асыру үшін қызметтің көрсетілген түрлерін жүзеге асыруға лицензияларымен сәйкес ветеринария субъектілерімен (ветеринария саласындағы лицензияланатын қызмет түрлері үшін ғана) пайдалануы тиіс.»;

үшінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

«Импорттаушы көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасындағы медициналық немесе ветеринариялық немесе фармацевтикалық қызметке сәйкес келмейтін мақсаттарға пайдаланған жағдайда, мұндай тауарлардың импорты бойынша төленбеген қосылған құн салығы, салық заңнамасына сәйкес бюджетке төлеуге жатады».

3. Осы қаулы, 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар ұсынылып отырған 2-тармақты қоспағанда,                  2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі                                                           С. Ахметов

 

 

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА 

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші-мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

 

2.

Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № ЗТ-М-13509,1 тапсырмасы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысының 2012 жылғы 28 қарашадағы № 20-7/П-1333 тапсырмасы

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеліп соқпайды

 

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

 

Қажет етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі Тауарлар импортын және тауарларды өткізу бойынша айналымды қосылған құн салығынан босату мәселелерін реттеу

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша алдын ала Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған кесімдері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер Жоқ

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі Жоқ

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері 2013 жылғы 15 қаңтардағы 01/4-145 сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың қорытындысы

9.

Өзге де мәліметтер Жоқ

10.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдарды (көшірмелер) беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Жобаның интернет-ресурста орналастырылғаны туралы ақпарат

www.minagri.gov.kz

 

 

Министр                                                                                   А. Мамытбеков                                                                                                                                   

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus