Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Қазақстанда ауылшаруашылығын субсидиялаудың жаңа түрі пайда болмақ

Қазақстанда ауылшаруашылығын субсидиялаудың жаңа түрі пайда болмақ


Осы орайда құзырлы министрлік жаңа ереже шығарды. Ол бойынша дайындаушы ұйымдар белгілі дотацияға қол жеткізе алады. Яғни астық пен көкөніс өсіріп, сүт жинаумен айналысатындар қаржылық қолдауға жүгіне алады. Бүгінгі таңда елдегі ауылшаруашылығы өнімдерінің 80 пайызын ұсақ шаруашылықтар шығарып отыр. Олар қосымша құн салығынан босатылғандықтан, салық ауыртпалықтары тауар өндірушілердің мойнына артылған. «Бұл дайын өнімнің қымбаттауына әкеп соғып, бәсекелестік қабілетті төмендетеді», – дейді Өскеменде өткен аймақтық фермерлер жиынына қатысушылар. «Мемлекет бұл саладағы олқылықтарды реттеу жолында жұмыс істеуде. Енді дайындаушы мекемелер әкімдікте аккредитациядан өтулері шарт. Содан соң қосымша құн салығын субсидиялауға рұқсат алулары тиіс», – деп атап өтті ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ермек Көшербаев.
Ермек Көшербаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:
– Біз әркез белгілі мөлшерде шаруа қожалықтарына демеу жасап отырамыз. Мемлекеттік қолдау да жалғасын табатын болады. Тек қолда барды тиімді қолдана білуіміз қажет.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/basty-zha-aly-tar/item/72114-jda-bolma

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus