Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Ресей мен Қазақстанның ауыл шаруашылығы мамандары Ақтөбеде бас қосты

Ресей мен Қазақстанның ауыл шаруашылығы мамандары Ақтөбеде бас қосты

Егіннің жауы шегірткені жою үшін биологиялық әдіс қолдану керек.

Яғни осы жәндікті азық ететін құстарды көбейткен дұрыс. Ресей мен Қазақстанның ауыл шаруашылығы мамандары Ақтөбеде бас қосып, жаңа технологияның тиімділігін талқылады. Шегірткемен күрес шекаралас облыстардың ортақ проблемасы. Біздің еліміз химиялық заттар мен техника алу үшін жыл сайын 3 млрд теңге бөліп отырады. Ал Ресейде шешімін таппаған мәселелер көп. Зиянкеспен күрес негізінен шаруалардың өздеріне жүктелген. Енді екі ел арасындағы бірлескен іс-шаралар нәтижесінде бұл қиындықтар артта қалатын болды. Көрші ел Қазақстан тәжірибесіне сүйенбек. Өткен жылы елімізде шегірткемен күреске 310 техника мен 3500 адам тартылып, 3 млн гектар жер өңделген.

Боран Рақымбеков, АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы:

– Ондай мәселелер болмауы үшін біз Ресейге өзіміздің көмегімізді көрсетеміз деген ойымыз бар. Өйткені біздің жасайтын қызметіміз тұрақты түрде жұмыс істейді. Осындай жұмысқа препараттардың жеткілікті қоры жасалған. 15-20% қор бар. Сондықтан біздің жақтан ешқандай қорқыныш, тәуекел жоқ.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus