Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР АШМ алқа отырысында мал шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары ұсынылды

ҚР АШМ алқа отырысында мал шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары ұсынылды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде мал шаруашылығы дамуының жай-күйі мен перспективалары, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің нәтижелері, 2013 жылғы деректер қорын жүргізу және бірдейлендіру жүргізудің мәселелері туралы алқа отырысы өтті. Алқа отырысына облыс әкімдерінің орынбасарлары, қоғамдық ұйымдар мен республикалық палата өкілдері, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ және оған бағынышты ұйымдарының өкілдері қатысты.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өндеу департаментінің директорының міндетін атқарушы Е. Ахметов құс пен мал басының өсімі, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде оң динамика байқалып отырғанын мәлімдеді. Шаруаларды қолдау шаралары мен жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар саланың дамуына айтарлықтай ықпал етті.
Министрлікпен мал шаруашылығымен айналысатын шаруаларға мемлекеттік қолдаудың бағыттарын кеңейту бойынша іс-шаралар қолдануда. Мәселен, қазір шаруалар техника мен құрылғыларды сатып алуға, бордақылау алаңдарын, құс фабрикаларын, ет комбинаттарын, құрамаазық өндіру зауыттарын салуға жұмсаған инвестициялық шығындарын 50% субсидия алады. Жыл сайын субсидиялау көлемі артып келеді, сондай-ақ субсидия төлеу механизмдері жетілдіріліп, ауыл шаруашылығын басқару саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің әкімшілік кедергілер жойылуда.
Алқа отырысында қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы және сүтті мал шаруашылығы салаларының жаңа несиелік өнімдері ұсынылды. Осыған сай, 2014 жылдан бастап «Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне «Алтын асық» бағдарламасы бойынша қойларды сатып алуды, «Құлан» бағдарламасы бойынша жылқы шаруашылығын дамытуды және жайылымдарды суландырудың инфрақұрылымы құрылысын несиелендіру бойынша жаңа үш бағытты жүзеге асыруын бастайды. Несие 14% жылдық мөлшермен (қарыздың мақсатты жаратуына байланысты 4%-дан 7%-ға жылдық мөлшермен субсидиялауды ескеріп) ҰММ аналық басын, жылқы мен асыл тұқымды өндірушелірді сатып алуға, айналымдық қаражаттарды толықтыруға беріледі.
«Ауыл шаруашылығын қолдаудың қаржылық қоры» АҚ және «Қазагроқаржы» АҚ арқылы «Ырыс» сүтті мал шаруашылығындағы жанұялық фермаларды дамытуды несиелендіру бағдарламасы жүзеге асырылатын болады. Несиені 14% жылдық мөлшермен (7% жылдық мөлшермен субсидиялауды ескеріп) 84 ай мерзіміне дейін алуға болады. Бағдарламаның негізгі мақсаты – қуаттылығы 50, 100, 200 арналған сүтті-тауарлы фермаларды дамыту.
Алқа отырысының қорытындысы бойынша жануарларға бірдейлендіру жүргізуді жалғастыру бойынша, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын өнімділі мен экспортқа бағытталған өнім өндірісінің көлемін жоғарлату аясында тапсырмалар берілді.

ҚР баспасөз қызметі
+7 (7172)55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus