Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Қызылордада алғашқы құс фермасы жұмысын бастады

Қызылордада алғашқы құс фермасы жұмысын бастады


Әзірге мұнда үйрек пен қаздың 3 түрі өсірілуде. Жуырда ғана жұмыртқадан жарып шыққан 2600 сары ауыз балапан ерекше күтімге алынған.

Жобаны жүзеге асырушылар алдағы уақытта ішкі нарықты жартылай фабрикатталған құс етімен қамтуды көздеп отыр.

Екі жыл електен өткізіп барып іске қосқан жоба. Инженер-технолог мамандығының майталманы Қуат Шәкизадаев Қызылордада құс фермасын ашуды көптен жоспарлаған екен.

Алайда бұл бастаманы жүзеге асыру үшін 60 миллион теңгедей қаражат қажет еді. Тың идеясы жерде қалған жоқ.

Жергілікті инвестордың қолдауымен қажетті құрал-жабдықтар алып, асыл тұқымды үйрек пен қаз өсіре бастады.

Қуат Шәкизадаев, жоба авторы
-Межеленген салмағына келген кезде үйрек 4 келі болғанда, қаз 7 келі болған кезде ішіндегі қораздарын алып, сойып, одан жартылай фабрикат жасап, облыс халқына ұсынамыз деген жобамыз бар.

Қанаттылар инкубатор сандықшаларында жетілдіріледі. Технологиялық тізбек нақты дәлдікпен жүрмесе, еткен еңбек пен салған қаржы зая кетуі мүмкін. Құс өсіруші Нұрдәулет Мұқанұлының да мойынына артылар жүк жеңіл емес.

Нұрдәулет Мұқанұлы, құс өсіруші
-Біз балапандарды күнделікті 3 мезгіл жемін, суын үзбей беріп отырамыз. Өйткені бұлар суға көп бағынышты болғаннан кейін тұрақты су-жем беріп отыру керек. Бұларды арнайы қадағалауда ұстамаса, бұлар өте нәзік келеді.

Қаз басқан балапандар көп ұзамай айдынға жіберіледі. Үйректің «Агидель», «Пекин», ал қаздың «Линда» деп аталатын бұл түрлері етті бағыттағы құс шаруашылығында ерекше бағаланады екен. Еуропада сұранысқа ие дейтін осындай қанаттылардың жартылай фабрикатталған ет өнімдері енді көп ұзамай өзіміздің сауда сөрелеріне шығарыла бастайды.

Бұл ретте жоба авторы аймақтағы ең алғашқы ет орталығы жобасына да инвестор тартып, бірер айда іске қоспақ.
Авторы: Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов

Источник: http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/55760-yzylordada-al-ash-y-s-fermasy-zh-mysyn-bastady

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus