Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Нодулярлық дерматит емі үшін 2 млн. теңгеден аса қаржы бөлінді

Нодулярлық дерматит емі үшін 2 млн. теңгеден аса қаржы бөлінді

Бүгінгі таңда жануарларды нодулярлық дерматиттен емдеу үшін жергілікті бюджеттен 2 330 мың теңге бөлінді. Аталған қаражат симптомдық ем-дом мен дезинфекция үшін ветеринарлық препараттар алуға бағытталды.

«Республикалық элизотикаға қарсы отряд» РММ мемлекеттік сатып алулары арқылы дезинфекциялық құралдарды сатып алу жолымен Республикалық қор көлемін ұлғайту қарастырылуда.

Атырау облысы территориялық инспекциясының хабарлауынша, Құрманғазы ауданындағы 16 елді-мекенде нодулярлық дерматитпен 4 920 бас ірі қара мал ауырып, 695-і қырылды. Симптомдық емнен кейін оның 2 086-і ауыруынан жазылып кетті.

Исатай ауданында – 870 бас ірі қара мал ауырса, оның 636-і жазылды.

Атырау қаласының ауылдық округтерінде 149 бас ірі қара мал ауырып, 8-і қырылып, 167-ы жазылды.

Айта кетейік, бұған дейін «Нодулярлық дерматит» экзотикалық ауруы ел аумағында тіркелмеген болатын.

Ауру ошақтарында профилактикалық іс-шаралар қолға алынып, дертті мал оқшауланды. Қазіргі таңда ол аумақтарда симптомдық ем-дом және дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.

«Республикалық элизотикаға қарсы отряд» РММ күшімен дезинфекциялық жұмыс қарқын алды.
Сонымен қатар, Атырау облысының территориялық инспекциясының а.ж. 2 қыркүйектегі хабарламасына сәйкес Махамбет ауданының 5 ауылдық округінде нодулярлық дерматитпен 10 бас ірі қара мал ауырып, 6-ы қырылып, 4-не симптомдық ем жүргізілуде.

А.ж. 27 шілдедегі Атырау облысының бас ветеринарлық-санитарлық инспекторы орынбасары ұсынымының негізінде облыс әкімімен карантин енгізілді.

Анықтамалық:
Нодулярлық дерматит Ресей Федерациясы аумағында тіркелген (Астрахан облысы, Ставрополь аймағы, 2016 жылдың мамырында Краснодар аймағы, Қалмақия, Ингушетия, Дағыстан).

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus