Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК ПАЛАТАСЫН ТАҒАЙЫНДАУ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК ПАЛАТАСЫН ТАҒАЙЫНДАУ

Ағымдағы жылдың қараша айында «Қазақстанның Ұлттық Агроөнеркәсіптік Палатасы»  заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер Қауымдастығының регион бойынша Вице-президенті болып, 1967 жылғы Қарағанды облысы тумасы, Тушиев Руслан Элимханұлы тағайындалды. Тушиев Руслан Элимханұлы  Е. Бөкетов атындағы  Қарағанды мемлекеттік  университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша  аяқтады.  Жұмыс қызметін Қараганды қаласында «Вектор»  ЖШС –де заңгер болып бастады . Коммерциялық структурларда басқарушы  лауазымында атқарған жұмыс тәжірибесі мол. Бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сінірген бапкері. Үйленген, алты бала тәрбиелеуде.
Тушиев Руслан Элимханович
Сонымен қатар, халықаралық қатынастар және инновациялар бойынша вице-президенті лауазымына, 1971 ж. Қарағанды облысы тумасы, Ажкенов Қуат Жанатайұлы тағайындалды. Ажкенов Қ. Ж., Е. Бөкетов  атындағы  Қарағанды Мемлекеттік Университетін «Психология» маманы бойынша  аяқтады. Жұмыс қызметін Қарағанды облысында «Жанатай»  шаруа қожалығының басшысы болып бастады. Осы уақытқа дейін «Innovation company»  ЖШС бас директорынын қызметін атқарды. Үйленген , үш бала тәрбиелеуде.
Ажкенов Куат Жанатаевич
 Сондай-ақ, Агроөнеркәсіптік Палатасының Манғыстау облысы бойынша филиалы директорының лауазымына, 1960 жылгы Маңғыстау облысы  тумасы, Сағымбай Ғалымжан Үсенұлы тағайындалды.  Сағымбай Ғ. Ү. 2005-2009 жылы аралығында «Шағын кәсіпкерлікті қолдау Қоры» регионалдык филиалының директоры, Маңгыстау облысы әкиматының облыстық ауылшаруашылығы бақармасының бастығы, «Казагрофинанс» АҚ-ның Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры лауазымында қызмет атқарған.
Са-ымбай -алымжан -сен-лы
«Қазақстанның Ұлттық Агроөнеркәсіптік Палатасы»  заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер Қауымдастығы 2009 жылдың қыркүйек айында құрылып, Қазақстан Республикасының аумағында қызмет атқаруда. Агроөнеркәсіптік Палатаның басты мақсаты Палата мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау,  агробизнеспен орталық және жергілікті атқарушы органдар  арасында диалог ұйымдастыру ,  агроөнеркәсіптік кешен саласындағы субьектілердің, сондай – ақ қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың қызметтерін біріктіру және  өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету, бірыңғай іс-әрекет стратегиясын үйлестіру және әзірлеу,  агроөнеркәсіптік  экономика саласын дамутыға және қолдауға арналған  бағдарламаларды әзірлеуге қатыстуға,  сонымен қатар Палатаның регионалдық филиал жүйесін кеңейту мен қызметің құшейту болып табылады.

«Қазақстанның Ұлттық Агроөнеркәсіптік Палатасының»   бұқаралық ақпарат қызметі.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus