Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің жаға төрағасы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің жаға төрағасы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті ұжымына жаңа төраға Мереке Тайтубаевты таныстырды. Бұрынырақ Мереке Тайтубаев ҚР АШМ Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі басқармасының басшысы қызметінде болды.

Анықтама:
Тайтубаев Мереке Құсайынұлы РФ Омбы облысында 1981 жылдың 28 сәуірінде дүниеге келген.
2002 жылы Омбы мемлекеттік аграрлық университетінің ветеринарлық дәрігері мамандығы бойынша тәмамдаған.
2002-2004 жж. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқыған.
Еңбек қызметін 2002 жылдың тамыз айында Ақмола облыстық «Орталық ветеринариялық зертхана» РМК бөлімшесінің Шучье аудандық диагностика орталығының жетекші маманы ретінде бастаған.
2003-2007 жж. – «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМҚК Ақмола өңірлік филиалы бактериология бөлімінің меңгерушісі.
2007-2009 жж. – «Ветеринариядағы мониторинг, референция, зертханалық диагностика және әдіснама ұлттық орталығы» ММ вирусолог дәрігерінен зертхана меңгерушісі қызметтерінде болған.
2009-2010 жж. – «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМҚК Ақмола өңірлік филиалының бас маманы.
2010-2011 жж. – ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік басқарма сарапшысы.
2011-2012 жж. – ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төраға орынбасары.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
Тел.: +7(7172) 555-765
e-mail: info_mcx@mail.ru
www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus