Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Науқан басталғалы 14 млн. тонна өнім бастырылды

Науқан басталғалы 14 млн. тонна өнім бастырылды

Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақмола облысына (Ақмола қ.) пресс-тур ұйымдастырды. Шара барысында 2016 жылдың егін жинау науқаны көрсетілді. ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов сөз сөйледі.

«Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы шамамен 21,7 млн га құрады. Бұл алдыңғы жылғы көлемнен 445,1 мың га артық. Жалпы егіс алқаптарының өлшемінде дәнді дақылдардың үлесі – 15,4 млн. га, майлы дақылдар – 2,0 млн. га, бақшалық өнімдер мен картоп – 426,7 млн га», – деп атап өтті Қ.Айтуғанов.

Оның айтуынша, қант қызылшасы 12,9 мың га, мақта 109,6 мың га аумаққа егілген.
Бүгінде еліміздің барлық аймағында жаппай егін ору науқаны жүріп жатыр. Айталық, 15 қыркүйектегі жағдай бойынша 9667,1 мың га орылып, 14,4 млн. тонна өнім бастырылды.

Еліміздің астықты облыстарында (Қостанай облысы, Ақмола облысы, СҚО) 7 млн. га аса аумақ орылды және де жинау науқаны жалғастырылуда.
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы өндірушілері 290,4 мың тонна жанар-жағармайды пайдалануда. Жалпылай алғанда, күздік орым жұмыстарына 391,6 мың тонна жанар-жағармай жұмсау жоспарланған.

«ҚазАгро» холдингінің несие ресурстарына 2016 жылы 6,8 млн. га алаңда көктемгі-егіс және жинау жұмыстары жүргізілді. Бұл осы жылы республикадағы барлық өңделген алаңның шамамен жартысына жуық. Аграрларға қаржылай қолдау 60 млрд. теңге көлеміндегі бюджеттік несие есебінен, сондай-ақ «ҚазАгро» ұлттық холдингінің бюджеттен тыс көздерінің есебінен көрсетіледі. Осы уақытқа дейін Холдинг республиканың ауылшаруашылық тауар өндірушілерін 85,4 млрд. теңгеге қаржыландырды. Несиелеуден басқа ауыл шаруашылығының лизингі сияқты құрал белсенді іске қосылған. Бұл бағдарлама шеңберінде ағымдағы жылы фермерлер жалпы 31,6 млрд.теңге сомасына 1,7 мың бірліктен астам техника сатып алды.

Биылғы жылғы қолайлы ауа-райы егіннің бітік шығуына әсер етті. Алдын ала болжам бойынша жалпы ауыл шаруашылығы дақылдарының жиын-терімі 22 млн. тоннадан асуға тиіс.

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы өкілдері астықты сатып алу бағаларын жариялаған болатын.
Компанияның коммерциялық ресурстары келесідей бағаларды белгілеп отыр: 3 сыныпты бидайдың бір тоннасы үшін 41 000 теңгеден 50 000 теңге, 4 сыныптысы үшін 34 000 теңгеден 36 000 теңге, 5 сыныптысы үшін 30 000 теңге, ал арпаның 2 сыныптысы үшін 25 000 теңге.

Бір айта кетерлік жайт, ағымдағы орым маусымында Азық-түлік келісім шарт корпорациясы бидайды сатып алудың құнын өнімнің сапасына қарай белгіледі.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus