Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығы өлген малдардың сынамаларын зерттеуде

Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығы өлген малдардың сынамаларын зерттеуде

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
21.06.2016 ж.                                                                                                                Астана қ.

2016 жылдың 4 маусымында Қарағанды облысы Шет ауданы Өспен селолық округінен 15 шақырым қашықтықтағы Еркіндік елді мекенінің тұрғыны селолық округтің ветеринариялық фельдшері бір бас ірі қара малының ауырғаны туралы хабар береді. Арада 2 күн өткеннен кейін мал иесі ауырған малдың тәбеті болмауына байланысты ветеринариялық мамандарды ескертпестен сойып көршілерге сатып жіберген.

Ет сатып алған екі көршілерінің қолдарынан жара шығуына байланысты Ағадыр кентінің аурухана бөлімшесіне қаралған. Аурухана дәрігерінің анамнездік қорытындысы бойынша сібір жарасына күдіктеніп, ауданның ветеринария бөліміне хабарласқан.

2016 жылдың 19 маусымында аталған фактіні анықтау барысында аудандық аумақтық инспекция, ауданның ветеринария бөлімі, ветеринариялық станция мамандары Еркіндік елді мекеніне эпизоотиялық зерттеу жүргізді, анықталғаны:

Сойылып сатылған ауру малдан қалған паренхимтозды органдары алынып, 2016 жылдың 20 маусымында ҚР АШМ ВБҚК «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Қарағанды облыстық филиалына және 21 маусымда «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығына» РМК аса қауіпті ауруларды анықтау үшін жеткізілді.

Қазіргі таңда «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РМК күшімен залалсыздандыру шаралары атқарылуда.

Жануарлардың аса қауіпті ауруларына  ветеринариялық алдын  алу шаралары жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың наурыз айында аталмыш кентіндегі барлық ауыл шаруашылық жануарлар (3860 бас) Сібір жарасына қарсы егілгенін атап өту қажет. Өңірдегі кейбір аудандарында Сібір жарасына қарсы егу шаралары атқарылмағаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Бұдан басқа 2016 жылдың 17 маусымында Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық ауруханасына сібір жарасына күдікті диагнозымен 2 тұрғын түскендігі хабарланды.

Осыған байланысты, Жарма ауданының ЖАО ветеринария бөлімінің өкілдері, Жарма аудандық КМК-ң ветеринариялық мамандарымен бірлесіп ауру адамдар қатынаста болған малдар іздестіріліп, аурудың шығу көзін анықталды.

Ауырған 1 бас мал сойылып, 9 жан-ұяға таратылған. Еттен және бауырдан, лажсыз мал сойылған орынынан топырақ сынамалары алынып, ҚР АШМ ВБҚК «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облыстық филиалына және «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығына» РМК аса қауіпті ауруларды анықтау үшін жеткізілді. Қазіргі уақытта ол сынамалар зерттелу үстінде.

Аталған облыстар бойынша Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аймақтық инспекциясы мен жергілікті атқарушы органдардың бақылауында.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+77172555765
minagripress@gmail.com

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus