Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар «ҚазАгро» холдингі аграрлық шаруашылықтарды біріктіру жобаларына кірісті

«ҚазАгро» холдингі аграрлық шаруашылықтарды біріктіру жобаларына кірісті

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАгро» ұлттық холдингі отандық агроөнеркәсіп кешені кооперациясының негізінде аграрлық шаруашылықтарды біріктіру жөніндегі ілкі жобасы жүзеге асты.
Атап айтқанда, Ақмола облысындағы «Өңірлік Астық Холдингі» ЖШС 2016 жылы бірлестіктің жаңа қатысушылары есебінен егістік алаңдарын қазіргі 360 мың гектардан 1 млн. гектарға дейін кеңейтеді. Бұл туралы холдингтің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Шаруашылықтарда кепілдік базасының жетіспеушілігі, кей уақытта тіптен болмауы, көптеген ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің қаржы қаражатын алуына қиындықтар туғызатын басты себептердің бірі болып табылады. Несие ресурстарының жетіспеушілігі ауылдағы шағын және орта бизнестің басқа проблемалары -техникалық жарақталуының нашарлығы мен өндірістің ұсақ тауарлығына алып келуде. Осыған орай, «ҚазАгро» ұсынысы бойынша кооперация және ынтымақты жауапкершілік принциптерінде астық өндірушілерді біріктіру болжанады», – делінген баспасөз баянында.

Бұл ретте холдинг екінші деңгейлі банктер арқылы осындай бірлестіктерді кепілзатсыз қаржыландыру схемасын әзірлеген. Осылайша, «ҚазАгро» мұқият зерттеуден кейін Қазақстанда аграрлық саладағы кооперацияның әлемдік тәжірибесін сынақтан өткізді десе де болады. Атап айтқанда, Ұлттық холдингтің бастамасына 113 шағын және орта шаруашылық қолдау танытып, олар 2015 жылдың басында егістік науқанының алдында үш аймақтық кооперацияларды біріктірген. Түйіндей айтқанда, «ҚазАгро» инновациялық шешімінің мәні мынада: шаруалар бірігіп кепілзат ұсынбай несие қаражаттарын алады. Қаражатты қайтару кепілдігі кооператив мүшелерінің бір-бірінің алдындағы жауапкершілігі болады. Сондықтан бірлестік алғашында аграрлық саладағы жұмыс тәжірибесін, шаруашылықтардың жағымды несие тарихтарын есепке ала отырып қатысушылардың өздерімен құрылады.

«Бүгінгі күні кооперативке кірген шаруашылық басшыларының айтуы бойынша, Бірлестіктерге қатысу фермерлер үшін бірқатар артықшылық береді. Оның ең бастысы – көктемгі-егіс жұмыстарын кепілдіксіз қаржыландыруға қолжетімділік және тұқымды, тыңайтқыштарды, қосалқы бөлшектерді, жанармайды көтермелеп сатып алудың есебінен ең арзан бағамен алу мүмкіндігі болып табылады. Бұдан басқа, бірлестіктің корпоративтік машина-трактор стансалары, астық қоймалары секілді қызметтерге қолжетімділігі арта түседі», – делінген баспасөз баянында.

Жобаның іске асыру барысын астық өндірушілерден басқа да көптеген шаруашылықтар бақылауда. Мысалы, бүгінгі күннің өзінде, республиканың оңтүстік аймақтарының күріш өндірушілері кооперация принципіндегі бірлестік құру мүмкіндігін талқылауда.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus