Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар «ҚазАгро» мен СҚО аграрлары егістік жұмыстарын қаржыландыру мен кооперативтер құруды талқылады

«ҚазАгро» мен СҚО аграрлары егістік жұмыстарын қаржыландыру мен кооперативтер құруды талқылады

2016 жылы көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізу үшін қазақстандық фермерлер қаржыландырудың бірнеше құралдарын пайдалана алады. Бұл туралы Солтүстік-Қазақстан облысының ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен кездесу кезінде «ҚазАгро» ұлттық холдингінің өкілдері айтты.
Алдағы егістік науқанын өткізуге және жалпы, көктемгі-егіс жұмыстары барысында республиканың аграрларын қолдауға «ҚазАгро» ұлттық холдингі 60 млрд.теңге бюджеттік несие қаражатын бағыттауды жоспарлайтынын атап өтеміз, оларды қарыз түрінде Холдингтің еншілес ұйымдары мен екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) арасында бөлу болжанады.
Қаржыландыру құралдарының бірі – екінші деңгейлі банктер арқылы несиелеу, оларды пайдалану арқылы ауылшаруашылық тауар өндірушілері банктің рейтингіне қатысты 7,5 – 8 пайыз ставка бойынша несие қаражаттарын алады.
Басқа құрал – «ҚазАгроның» еншілес компаниясы – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (АНК) ЕДБ кепілдігімен тікелей несиелеу. Бұл жағдайда фермерлер үшін соңғы ставка жылдық 5 пайызды құрайды.
АНК желісі бойынша шаруалар несиені Несие серіктестіктері және шағын қаржы ұйымдары арқылы да ала алады. Бұл жағдайда соңғы қарыз алушы үшін ставка 9 пайызды құрайды.
Қаржыландырудың басқа құралы – ӘКК кепілдігі арқылы «ҚазАгроның» басқа еншілес компаниясы – «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ арқылы бидай мен арпаны форвардтық сатып алу. Қаржыландыру 1 гектарға 6 мың теңге есебімен, олардың қаржыландыру мерзімінің аяғында қаржыландыру сомасының жылдық 5 % мөлшеріндегі комиссия төлеу шартымен жүзеге асырылады.
Жоғарыда айтылғандардан басқа «ҚазАгро» ұлттық холдингі шағын және орта агроқұрылымдарға аймақтық астық кооперативтеріне біріге отырып, несие қаражаттарын алуды ұсынады.
СҚО кеңесте аймақтың агроқұрылымдары мен шаруашылықтарынан басқа облыстың әкімдігінің, аудандық әкімдіктердің, «ҚазАгро» холдингінің еншілес компанияларының аймақтық филиалдарының, Қазақстанның Фермерлері одағының, Несие серіктестіктерінің, Екінші деңгейлі банктердің өкілдері қатысты.
Талқылаудың негізгі тақырыбы алдағы Көктемгі-егістік жұмыстарын қаржыландыру, сондай-ақ облыстың аграрлық шаруашылықтарын кооперация және ортақ жауапкершілік принципінде біріктіру мәселесі болды.
Кездесуде атап өтілгендей, алдағы науқанды өткізуге және жалпы, 2016 жылғы көктемгі-егіс жұмыстары барысында аграрларды қолдауға «ҚазАгро» ұлттық холдингі 60 млрд.теңге бюджеттік несие қаражатын бағыттауды жоспарлайды, оларды қарыз түрінде Холдингтің кейбір еншілес ұйымдары мен екінші деңгейлі банктердің арасында бөлу болжанады. Бұдан басқа, шаруашылықтар мен агроқұрылымдарды қаржыландыруға, сондай-ақ ауылшаруашылық техникасының лизингіне «ҚазАгро» холдингінің компанияларымен меншікті және сырттан тартылған қаражат бағытталатын болады.
Шаруашылықтарда кепілдік базасының жетіспеушілігі, ал кей кезде тіптен болмауы басты себептердің бірі болып табылатынын атап өту қажет, соның салдарынан көптеген ауылшаруашылық тауар өндірушілері қаржы қаражатын алудың қиындықтарына кездеседі. Несие ресурстарының жетіспеушілігі ауылдағы шағын және орта бизнестің басқа проблемаларына – нашар техникалық жарақтандырудың және өндірістің шағын тауарлылығының алғышарты болады. «ҚазАгро» холдингінің кооперациялар принципінде аграрлық шаруашылықтарды біріктіру жөніндегі бастамасы мәселенің шешімі болуы мүмкін. Оның мәні, шаруалар бірігіп несие қаражаттарын алады, ал оларды қайтару кепілдігі кооперативтердің мүшелерінің бір-бірінің алдындағы жауапкершілігі болып табылады.
«ҚазАгро» әзірлеген схема мынадай тәсілдерге негізделген:
1. Бірлестіктер кооперация және ынтымақты жауапкершілік принципінде ұйымдастырылады, олардың қатысушылары алғашқы кезеңде астық өндірушілер болып табылады. Осы ретте кооперация принципі өзін өзі басқару, бірлескен қызмет және оның қатысушыларының барлығының теңдігі («бір қатысушы – бір дауыс»). Оның қатысушыларының ынтымақты жауапкершілігі оның қатысушыларының Бірлестікке астық жеткізу жөніндегі міндеттемелеріне таралмайды.
2. «Азық-түлік корпорациясы» АҚ Бірлестікпен тиянақталған бағамен жеткізгеннен кейін төлеу арқылы белгілі бір бидайдың көлемін сатып алу шартын жасайды. Аталған көлем Бірлестіктердің қатысушыларының арасында олардың Бірлестіктен егістік және жинау науқандарына алған қаржы қаражаттарын қайтару бойынша міндеттемелерінің шеңберінде бөлінеді.
3. Бірлестік дербес заңды тұлға ретінде «Азық-түлік корпорациясы» АҚ бидайын өткізу кепілдігімен ЕДБ кепілзатсыз қарыз тартады.
Қарыз қаражаты Бірлестік мүшелері арасында көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге, басымдықты түрде Бірлестікпен орталықтандырып төленген дайын тауарлық-материалдық құндылықтар түрінде бөлінеді. ТМҚ орталықтандырылған көтерме сатып алу Бірлестіктің қатысушылары үшін жеңілдік алуға мүмкіндік береді.
4. Шартта белгіленген бағадан бидайдың нарықтағы бағасы асып кеткен жағдайда, Бірлестіктің бидайды көп пайда алу үшін нарықта сатуға құқығы бар. Егер, нарықтағы баға шарт бойынша белгіленген бағадан түсіп кетсе, онда Бірлестік «Азық-түлік корпорациясы» АҚ бидайын өткізеді.
Бірлестік қызметінің ұсынылған схемасы ҚР АШМ «Атамекен» ҰКП, Қазақстанның фермерлер одағымен қолдауға ие болды.
Солтүстік-Қазақстан облысының аграрларының кооперативтер құрудағы тәжірибесі бар. Өткен жылы «ҚазАгроның» пилоттық жобасы шеңберінде облыстың 53 шаруашылығы «СҚО бойынша Аймақтық Астық Холдингі» ЖШС бірікті. Облыстың фермерлерінің тәжірибесі республиканың басқа да өңірлеріндегі шаруашылықтарды қызықтырды.
«ҚазАгро» ұлттық холдингінің Солтүстік-Қазақстан облысының АӨК қаржыландыруы туралы ақпарат:
2015 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазАгро» ұлттық холдингі компаниялары тобымен Павлодар облысының АӨК қолдауға 11,7 млрд.теңге бағытталды. Бұл республика бойынша холдингпен қаржыландырудың жалпы көлемінің 3,7%-ы (316,8 млрд. теңге). «ҚазАгроның» инвестициялық қоржынында Павлодар облысы бойынша жалпы құны 18,9 млрд.теңгенің 46 жобасы бар, оның ішіндегі 17 млрд.теңгенің 38 жобасы пайдалануға берілді, 1,5 мың жұмыс орнын құрылды. 2015 жылы жиынтық құны 7,8 млрд. теңгенің 10 жобасы іске қосылды және 567 жұмыс орны құрылды.
Жалпы Қазақстанның АӨК бойынша Холдингтің инвестициялық қоржынында бүгінгі күні жалпы құны 320,4 млрд.теңгенің 528 инвестициялық жобасы бар және пайдалануға беру кезеңінде 16,0 мың жұмыс орны құрылған.
Жалпы құны 262,3 млрд. теңгенің 453 инвестициялық жобасы қаржыландырылып және пайдалануға берілді, 14,0 мың жұмыс орны құрылды.
2015 жылы Холдинг компанияларымен облыста 1 млрд.теңгеден асатын сомаға 12 Несие серіктестіктері (НС) қаржыландырылды. Жалпы, республика бойынша осы кезең ішінде 20,1 млрд.теңге сомасына 137 НС қаржыландырылды.
Өткен жылдың көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуді қолдау шеңберінде Павлодар облысы бойынша 1,5 млрд.теңге сомасына 200 өтінім қаржыландырылды (ҚР бойынша барлығы –68 млрд. теңгеге 3248 өтінім). 4,3 млрд. теңге сомасына 390 бірлік ауылшаруашылық техникасын сатып алуға шарт жасалды (ҚР бойынша барлығы – 57,5 млрд. теңге сомасына 4195 бірлік ауылшаруашылық және арнаулы техника мен жабдықтар).

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus