Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Даму бағыты Жиі қойылатын сұрақтар

Жиі қойылатын сұрақтар

Ресей Федерациясына жануарларды және жануарлардан алынған өнімдерді шығару үшін қандай құжаттар керек?

Ресей Федерациясына және Еуразиялық экономикалық одағының басқа да мемлекеттеріне жануарларды және жануарлардан алынған өнімдерді шығару кезінде, 2010 жылғы 18 қарашадағы № 455 Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілген бірыңғай үлгідегі ветеринариялық сертификаттың ілеспе құжатымен жүзеге асырылады.

Қазақстандық кәсіпорынды Кеден одағының кәсіпорындар Тізіліміне қосу рәсімі қандай?

Ветеринариялық бақылауға жататын тауарлардан (өнімдерден) сынама (үлгілер) алу және объектілерді бірлесіп тексеру бойынша бірыңғай тәртібі туралы Ережеге сәйкес, Кеден одағының аумағында жануарларды өсіру, сату және ветеринариялық бақылауға жататын тауарларды өндіру, өңдеу, сақтау бойынша қызмет атқаратын өндіруші кәсіпорындар Тізіліміне (бұдан әрі – Кеден одағының кәсіпорындар Тізілімі) қазақстандық өндіруші кәсіпорынды қосу үшін өтініш білдіруші өндіруші объектінің орналасуы бойынша Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) арыз беру қажет.
Арыз қабылданған соң аумақтық бөлімше өндіруші кәсіпорыны Кедендік одақтың ветеринариялық санитариялық талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында тексеру жүргізеді, тексеру нәтижелері бойынша акт толтырылады.
Өндіруші кәсіпорыны Кедендік одақтың ветеринариялық санитариялық талаптарға сәйкес болған жағдайда аумақтық бөлімше Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетіне тексеру актісінің көшірмесімен бірге кепілдік хат жолдайды.
Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті өзінің тарапынан аумақтық бөлімшемен ұсынылған құжаттарды қарастырып, өндіруші кәсіпорынды Кеден одағының кәсіпорындар Тізіліміне қосады. Кеден одағының кәсіпорындар Тізілімі Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланады (сілтеме: http://mgov.kz/napravleniya-razvitiya/veterinarnaya-bezopasnost/).

Қазақстан Республикасына Монғолиядан ет және ет өнімдерін алып келуге рұқсат етілген бе?

Монғолия аумағында аусыл ауруының ошақтары тіркелуіне байланысты 2016 жылғы 25 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасына Монғолиядан аусылға бейім жануарларды, сиыр етін, шошқа етін, қой етін, сүт және сүт өнімдерін, жылулық өндеуден өткен дайын өнімдерді қосқанда, бейім жануарлар союдан алынған тағамға қолданылмайтын шикізаттар мен бұйымдарын, аусылға бейім малдарды ұстауға, союға және өңдеуге қолданылған жабдықтарды, жануарларға арналған азықтар мен азықтық қоспаларын кіргізуіне уақытша шектеулер енгізеді.

Шет мемлекеттерден Қазақстанға жануарлардан алынатын өнімдерді кедендік шекараның Ресей және Беларус бөліктеріндегі қандай өткізу пунктері арқылы алып кіргізу мүмкін?

Ресей Федерациясы Президентінің «Украина аумағынан Ресей Федерациясы аумағы арқылы Қазақстанға жүктерді халықаралық транзиттік тасымалдау кезінде Ресей Федерациясының экономикалық қауіпсіздігін және ұлттық мүдделерін қорғау мақсатындағы шаралар туралы» Жарлығы күшіне енуіне байланысты (бұдан әрі – Жарлық) төмендегідей хабарлаймыз.
Жарлыққа сәйкес, Украина аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына Ресей Федерациясы аумағы арқылы темір жол және автокөліктік халықаралық тасымалдаулар тек Беларус Республикасы аумағынан, темір жол жылжымалы құралдары автокөлік құралдары, және басқа жүк тасығанға қолданатын құралдары идентификациялау құралдарымен (пломба салу) оның ішінде, ГЛОНАСС ғаламдық навигациялық серіктік жүйе технологиясының негізінде қызмет атқаратын құралдарымен жабдықталған күйде тасымалдауы тиіс.
Евразиялық экономикалық одағының (ЕЭО) кедендің шеқараның украина-белоруссиялық өткізу пунктер:
Автомобильдык өткізу пункттер:
– «Новая Гута» (БР) – «Новые Ярыловичи» (Украина);
– «Новая Рудня» (БР) – «Выступовичи» (Украина);
– «Мокраны» (БР) – «Доманово» (Украина);
– «Верхний Теребежов» (БР) – «Городище» (Украина);
– «Александровка» (БР), «Мохро» (БР).
Теміржол өткізу пункттер:
«Тереховка» (БР) – «Щорс» (Украина);
«Словечно» (БР);
«Горынь» («Лунинец») (БР) – «Удрицк» (Украина).
Ресей-белоруссия шекара учаскесіндегі өткізу пункттер:
Автомобильдык өткізу пункттер:«Краснинский» Смоленск облысы РФ,
Теміржол өткізу пунктар: «Смоленская сортировочная»
Ресей-қазақстан шеқара учаскесіндегі өткізу пункттер:
Автомобильдык өткізу пункттер:
«Маштаково» (РФ) – «Сырым» (ҚР),
«Бугристое» (РФ) – «Кайрак» (ҚР),
Теміржол өткізу пункттер: «Озинки» (РФ) – «Жайык» (ҚР).

Сиыр етін Қытайға экспорттау үшін қандай рұқсат құжаттарын алу қажет?

Ветеринариялық бақылауға жататын тауарларды экспорттау үшін келесі:
– Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 16-04/647 бұйрығымен бекітілген Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларына сәйкес экспорттық рұқсат алу қажет.
– Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға сәйкес ветеринариялық сертификат қажет.

Россельхознадзордың 16 ақпанда жануарлардан алынатын өнімдерді құстарды, құс етін және құстардың қосалқы өнімдерін қоспағанда Рессей Федерациясына Қазақстан Республикасынан қабылдауға тыйым салынған 2009 жылғы 10 маусымдағы № ФС-НВ-2/5588 нұсқаудың күші жойылды. Ал Қазақстан Республикасының ішінде жануарлардан алынатын өнімдерді буферлік аймақтан орын ауыстыруына қойылған шектеулер күшінде ме?

Ресей Федерациясының ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бойынша Федералды қызметінің (бұдан әрі – Россельхознадзор) 2009 жылғы 10 маусымдағы № ФС-НВ-2/5588 нұсқауы 2016 жылғы 16 ақпандағы № ФС-ЕН-7/2451 нұсқаумен күші жойылды. Бұл ретте, жануарлардан алынатын тауарларды Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына алып кіргізу тәртібі Ресей Федерациясының субъектілік ветеринариялық қызметтеріне 2014 жылғы 19 желтоқсандағы ФС-НВ-8/25290 нұсқауында айқындалғаны атап өтілген. Қазақстанның ветеринариялық қызметіне аталған тәртіп 2014 жылғы 19 желтоқсандағы ФС-НВ-8/25285 хатымен жолданған.
Жоғарыда аталған хатқа сәйкес Қазақстан Республикасындағы аусыл ауруы бойынша эпизоотиялық ахуалдың тұрақталуына байланысты 2014 жылғы 25 тамыздан бастап Ресей Федерациясының аусылға қарсы жануарларды егу шарасы қолданылатын аумақтарына Шығыс Қазақстан облысынан, ал 2014 жылдың 21 желтоқсаннан бастап Алматы (Қамысқала, Ырғайты, Баскунчи, Сүмбе, Қалжат ауылдық округтерінің аумағын қоспағанда), Жамбыл (Айшабиби, Ақтөбе, Андас батыр, Қарақыстақ ауылдық округтерінің аумағын қоспағанда), Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарынан аусыл ауруына бейім жануарлардың барлық түрлерін, және жануарлардан алынған өнімдермен шикізаттарды, жемдер мен жемдік қоспаларды тасымалдауға рұқсат етілген.
Халықаралық эпизоотиялық бюросының катысушы мемлекеттер делегаттарының 2015 жылдың мамыр айында өткен 83-і Бас Ассамблеясында (бұдан әрі – ХЭБ) Қазақстан Республикасының 9 облыс аумағы (Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) аусыл ауруына қарсы егу қолданылмайтын таза аумақ мәртебесін дәлелдейтін сертификатқа иеленді. Бұл мәртебе аталған аумақтардан ауыл шаруашылық жануарларды және ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттауға мүмкіндік береді.
Қалған 5 облыс аумағы бойынша аусыл ауруына қарсы егу қолданылатын қолайлы аймақ мәртебесін алуға ұсыныс ХЭБ-да қарастырылуда.

Көптеген ауылдық округтерде мал қорымдары жоқ. Осы нысандардың салынуына республикалық бюджеттен қаражат қарастыруға болама ма?

Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының
10-бабының 24) қосымша тармағына сәйкес, ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне кіреді.

Диагностикалық зерттеулер жүргізу үшін төленетін бағатізбесі қандай нормативтік құқықтық актілермен регламенттелген?

Диагностикалық зерттеулер жүргізу үшін төленетін бағатізбесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 7-1/529 бұйрығымен бекітілген.

Аусыл ауруына қарсы вакцинацияланған жануарларда қанша уақыттан кейін иммунитет қалыптасады?

21 күннен кейін иммунитет қалыптасады

Ветеринария саласында бекітілген аса қауіпті аурулардың тізімінде қанша аса қауіпті аурулар бар және мемлекеттік тапсырыс бойынша қанша аурулар күнтізбелік жоспарға сәйкес тексеріледі?

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығына сәйкес, барлығы – 69 аса қауіпті аурулар, оның – 28 ауруы мемлекеттік тапсырыс бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес тексеріледі.

Бруцеллез ауруына күдікті нәтиже берген жануарды неше күннен кейін зерттейді?

Күдікті нәтиже берген жануарларды 15-20 күн өткен соң, серологиялық әдістермен (РБС, РБК) қайта тексереді.

Қандай кезеңдерде жануарларды карантиндеу мерзімі 7 күнді құрайды?

«Жануарларды карантиндеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 7-1/700 бұйрықтың 6 тармағына сәйкес, республика ішінде эпизоотиялық қатынастарға қолайлы әртүрлі типімен аймақтарға бөлуге (қолайлы аймаққа бақылау аймағынан немесе қолайлы аймақтан бақылау аймағына немесе буферлік аймақтан бақылау аймағына немесе бақылау аймағынан буферлік аймаққа немесе вакцинациясы жоқ қолайлы аймақтан вакцинациясы бар қолайлы аймаққа) әкімшілік аумақтық бірліктен(ке) жаңадан келтірілген, келтірілген, мүліктелген, әкетілген, орнын ауыстырған жануарларды карантиндеудің ұзақтығы 7 (жеті) күнтізбелік күннен аз емес құрылады.

Жануарларды санитариялық союға жіберілгендегі құнын өтеу тәртібі?

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» бұйрығының 3 қосымшасына сәйкес, Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою және жою немесе жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу кезіндегі құнын өтеудің шарттары бойынша орташа айлық нарықтық құнын өтеу жануардың бір басы және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың бір килограммы (литр, ондық) орташа айлық нарықтық құнының 50 % мөлшерінде жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады, ал орташа айлық нарықтық құнының қалған бөлігін (50 %) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеу жөніндегі ұйым төлейді.

Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы вакцинациялау қызметі тегін болып табылады ма?

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығының 5-қосымшасына сәйкес, жануарлардың аса қауiптi ауруларының тізбесінде көрсетілген жануарлардың ауруларына профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджет
қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Яғни, жануарларды аса қауіпті ауруларына қарсы вакцинациялау қызметі тегін жүргізіледі.

Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама алу рәсімі қандай?

Анықтама Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-03/390 бұйрығымен бекітілген «Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 18-03/680 бұйрығымен бекітілген Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттеріне сәйкес беріледі.

Мемлекеттік орман қоры мен ЕҚТА жерлерінде жұмыстар жүргізуге рұқсат алу рәсімі қандай?

Орман кодексі мен «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» ҚР Заңына сәйкес әрбір нақты жағдайда орман иеленушімен және сұралып отырған учаске қарауындағы мекемемен тығыз өзара іс-қимыл жасау арқылы. Қажет болған жағдайда Орман қоры жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру қағидаларына сәйкес.

Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктің учаскелері қалай беріледі?

Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелері 5 жылға дейінгі мерзімге қысқа мерзімді пайдалануға және 49 жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді пайдалануға беріледі.
Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін учаскелер мемлекеттік ұлттық табиғи парктің инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарына сәйкес және қазіргі инфрақұрылымымен де, жаңа инфрақұрылым құру үшін де туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарында ғана беріледі.
Учаскелер бойынша ақпарат алу үшін табиғат қорғау мекемесіне ол орналасқан жер бойынша жүгіну қажет.

Жануарлар түрлерінің өсімін молайтуға ненің негізінде және кім рұқсат етеді?

Жануарлар түрлерінің өсімін молайтуды мамандандырылған ұйымдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар биологиялық негіздеме, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы және уәкілетті органның рұқсаты негізінде жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктер үшін аң аулау құқығы ненің негізінде туындайды?

Шетелдіктер үшін Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау құқығы аңшылық шаруашылығы субъектісімен аң аулауды ұйымдастыруға арналған шарттың және тұрып жатқан елінде берілген олардың аң аулау құқығын растайтын құжатттың және жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алудың, сондай-ақ аңшылық атыс қаруы мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге ішкі істер органдары берген рұқсаттың негізінде туындайды.

Ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орман пайдаланушылар-дың қызметін тексеру тәртібі қандай? Мұндай тексерулер құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында тіркеле ме?

Кәсіпкерлік кодекстің (бұдан әрі – Кодекс) 140-бабының 3-б. 8-тармағының нормаларына сәйкес осы Кодекстің 154-бабының 2 және 3-тармақтарын, 157-бабын қоспағанда, осы параграфтың күшi:
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және мемлекеттiк орман қоры аумағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы талаптардың сақталуына байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға, сондай-ақ жануарлар және өсiмдiктер дүниесi объектiлерiнiң санкциясыз алып қойылуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында қолданылмайды.
Осы баптың 3-тармағында көрсетiлген тексерулердi жүргiзу кезiнде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледi.
Көрсетілген тексерулерді құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында тіркеу қажет емес.

2016 жылы қандай салаларға басымдық берілмек? ҚР бұрын-соңды болмаған тың жобалар жүзеге аса ма?

Ауыл шаруашылығының негізгі міндеті ішкі нарық және сыртқы нарықтарда жетекші орындарды алу мақсатында экспорттық ресурстарды қалыптастыру үшін жеткілікті көлемдерде ауыл шаруашылығы өнімінің тиімді өндірісін қамтамасыз ету болып қала береді.
Қойылған міндеттерге қол жеткізуді Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталған «Агробизнес-2020» бағдарламасының шеңберінде шешу көзделіп отыр.
Сонымен қатар, одан әрі субсидиялау процесін автоматтандырумен АӨК субсидиялау жүйесін ғаламдық қайта құру жоспарланған. Бұл реформа ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді өз өндірісінің тиімділігін арттыруға және ұзақ мерзімді перспективаға жұмыс істеуге, жабдықты жаңартуға, еңбек өнімділігін арттыруға ынталандыруға ықпал ететін болады.
Бұдан басқа, шет елдерінің тәжірибесін ескере отырып, өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру саласындағы заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ мал шаруашылығында сақтандыруды енгізу жоспарланып отыр.
Астық саласындағы заңнамаға астық қолхаттарының электрондық тізілімін енгізуді көздейтін өзгерістер енгізу көзделген, бұл астық қолхатына сенімді және инвестициялық тартымдылықты арттыруға мүмкіндік береді.
Суға су шаруашылығы жүйелері мен имараттарын қайта құруға, жаңартуға және қалпына келтіруге, сондай-ақ суармалы жерлерді қалпына келтіруге бағытталған нарықтық тарифтерді белгілеу арқылы суға тарифтік саясатты жетілдіру қажеттілігі бар.
Жоғарыда айтылған шараларды іске асыру нәтижесінде отандық АӨК-нің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы үшін 2015 жыл несімен есте қалды? Аграрлық сала үшін 2015 жылы қаншалықты табысты “қанша астық ордық, ет өндіру, шикізат өңдеу т.б” болды?

Ағымдағы жылы агроөнеркәсіптік кешенде біршама жұмыс атқарылды.
Атап айтқанда, республиканың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған бірқатар заңнамалық актілер қабылданды.
Осылайша, ұсақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бірігуіне тосқауыл жасайтын кедергілерді жою үшін «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» жаңа заң қабылданды.
Сондай-ақ, «Органикалық өнім өндіру туралы» заң қабылданды, ол органикалық өнім өндірісінің дамуы үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, оған ілеспе Заңға тұқым шаруашылығы, асыл тұқымды мал шаруашылығы, АӨК мемлекеттік реттеу саласында түзетулер енгізілді, олар – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сортты сынау үшін қажетті уақыт кезеңін қоспай, жаңа селекциялық жетістіктерді қолдану құқығын беруге, әкімшілік кедергілерді төмендетуге және асыл тұқымды өнім (материал) нарығына жеке және заңды тұлғалар үшін бірдей мүмкіндікті қамтамасыз етуге, селекциялық және асыл тұқымды жұмыстарды өзін-өзі реттеуге беруге мүмкіндік береді.
Биылғы жылы қабылданған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының шеңберінде астықтың мемлекеттік ресурстарын тарату көзделгенін атап өту керек.
Ветеринария саласында республиканың 9 облысы бойынша (Ақмола, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан) аусылдан таза вакцина қолданбайтын ел мәртебесін алдық, бұл отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мал шаруашылығы өнімін Қазақстаннан тыс жерлерге кедергісіз шығаруға мүмкіндік береді.
Аграрлық ғылымды реформалау шеңберінде «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды, оның негізгі мақсаты жоғары білікті мамандарды даярлау және қайта даярлау, ғылыми зерттеулер нәтижелерін әзірлеу және енгізу, АӨК-ге тиімді шетелдік технологияларды трансферттеу негізінде экономиканың аграрлық саласының жедел инновациялық дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру және ауыл шаруашылығы өндірісін технологиялық жаңартуды ынталандыру мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауды реформалау бойынша жұмыс басталды.
Өндірістік көрсеткіштерді айтар болсақ, жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі ағымдағы жылғы 10 айда 1,9%-ға (2,2 трлн. теңге) ұлғайды. Бұл ретте, өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі 1,2%-ға және мал шаруашылығы өнімі –2,9%-ға (тиісінше 1 233,5 млрд. теңге және 1 004,0 млрд. теңге) артты. Тамақ өнімдерінің негізгі капиталына инвестициялар 38,4%-ға (44,1 млрд. тенге) ұлғайды.
Қолайсыз табиғи жағдайларға қарамастан, әжептәуір егін жиналды. Бастапқы салмақта шамамен 20,0 млн. тонна астық (орташа өнімділігі – 13,5 ц/га),бұл өткен жылғы деңгейден 20,6%-ға артық (2014 жылы – 16,5 млн. тонна). Бұл ретте, бидайдың жалпы түсімі алдыңғы жылдың деңгейімен салыстырғанда 2,1%-ға, жемшөптік дақылдар –18,7%-ға, жарма дақылдар – 10,8%-ға артқан.
Жылқы саны 8,2%-ға (2093,8 мың бас), ірі қара мал –2,9%-ға (6 507,3 мың бас), қой – 1,2%-ға (17,3 млн. бас), құс – 4,6%-ға (38,2 мың бас) артты. Ет өндірісі 2,8%-ға (704,7 мың тонна), тауық жұмыртқасы 11,3%-ға (3 963,1 млн. дана), сиыр сүті 2,3%-ға (4 514,4 мың тонна) артты.
Азық-түліктің негізгі түрлері бойынша ішкі нарықтың отандық өндіріс есебінен қамтамасыз етілуі 80%-дан асады.
Заттай мәнде көкөніс шырындарының өндірісі 32,6%-ға, қышқыл сүт өнімдері 6,5%-ға, ірімшік пен сүзбе 2,3%-ға, балмұздақ 6,8%-ға, кондитерлік өнімдер (қысқа мерзімге сақталатын) 2,8%-ға, еттен жасалған консервілер 2,3%-ға артты.

Қазіргі таңда ауыл шаршаулығы өнімдерін қайта өңдеу саласының жай-күйі қандай? Жалпы бізде қанша өнеркәсіп бар, жетістіктері қандай?

Қайта өңдеу өнеркәсібі экономикамыздың басым салалаырының бірі болып табылады. Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің дерегі бойынша республикамызда тамақ өнімдерінің өндірісін шығарумен 1 600-ге жуық кәсіпорын айналысады. Бұл салада 60 мыңдай адам жұмыс істейді. 2014 жылдың қорытындысы бойынша өндіру көлемінің ақшалай көрсеткіші 1,042 трлн. теңгеден асты. Жалпы соңғы 5 жыл ішінде саланың орта жылдық өсімі 103 %-ды құрайды.

Тамақ өндірісінің қандай салалары басым дамыған? Не өңдейміз? Не шығарамыз?

Негізі Қазақстанада өндірілетін шикізаттын барлығын өңдеуге мүмкіндік бар. Мысалы, қазіргі таңда ет, сүт, астық, жеміс-жидектер, көкеністер кеңінен өңделеді. Ал, саланың басымдығы оның рентабельділігіне және шығарылатын өнімінің бәсекеге қабілеттілігіне байланысты.
Өздеріңіз білетіндей Қазақстанның ұнына, одан жасалған өнімдерге Орталық Азия мемлекеттерінде деген сұраныс көп, яғни бұл сала көбінесе экспортқа бағытталған және оның даму қарқыны жоғары деуге болады. Сүт өңдеу саласы көбінесе ішкі нарықты қамтамасыз етуге бағытталған және оның даму қарқыны орташа болып есептеледі. Ет өңдеу саласы қазіргі таңда өрлеу барысында. Қазақстанның ет өнімдеріне деген сұраныс мол және ол ұлғаяды деген болжамдамыз. Мәдиниетімізге қарай жеміс-жидектер, көкөністер өнімдерін көбінесе шикідей тұтынамыз, олардың өңдеу деңгейі төмен деуге болады және оны әлде қайда ұлғайтуға мүмкіндігіміз бар.
Жалпы қайта өңдеу саласы инвистициялар тұрғыдан тиімді. Оған жыл сайын салаға инвестицияларды тарту қарқыны дәлел деуге болады. Мысалы, өткен жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталдағы инвестициялар 40,8 млрд. теңгені құрады.
Бірақ әлі де болса инвестицияларды тартудан басқа шешетін мәсілілер көп. Бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылуда.

Отандық тамақ өнеркәсібі экспортының құрылымы қандай?

Соңғы жылдары экспорттың құрылымы айтарлықтай өзгермеген, ал географиясы кеңейген. 2014 жылы тамақ өнеркәсібі экспортының көлемі 1 136,8 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 3,8 %-ға кем (1 181,3 млн. АҚШ доллары).
Экспорттың жалпы құрылымында ұн 49,4 %-ды, мақта талшығы 7 %-ды, балықтың жон еті 5,9 %-ды, алкогольсіз сусындар 3,9 %-ды, шоколад 3,7 %-ды алады. Қазақстан ұны Ауғанстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Моңғолия мен Ресей секілді елдерге экспортталған.
Басқа азық-түлік өнімдерінің экспорты негізінен ТМД елдері: Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан және Тәжікстан, Ауғанстанға шығарылады. Кондитерлік бұйымдар мен шоколад сондай-ақ Германияға, Қытайға, макарондық бұйымдар – Грузия мен Моңғолияға жеткізіледі.
Жалпы экспортқа бағыт болмаса саланы дамыту мүмкін болып табылмайды. Сондықтан экспорттық әлеуетті дамыту қайта өңдеу кәсіпорындарының қызметінде стратегиялық рөлді ойнайды және қолданыстағы артықшылықтарды белсендірудің құралы болып табылады.

Қазақстан шет елге азық-түліктің тағы қандай түрлерін сатуға дайын?

Дәнді дақылдардан өзге, болашақта майлы дақылдарды, ет-сүт өнімдерін, макарон мен кондитерлік өнімдерді және жарма экспортын дамыту бағыты ең перспективалы.
Сонымен қатар, «Ірі қара мал етінің экспорттық даму мүмкіндігі» жобасы шеңберінде ІҚМ етінің және ет өтінімдерінің экспортын арттыру көзделген. Осыған байланысты, ет өнімі үшін Ресей нарығы үлкен әлеуетке ие болуы мүмкін, өйткені Ресейде соңғы жылдарда ет өнімі импортының тұрақты өсу тенденциясы байқалған.

Біздің сауда орындарымызда импорттық өнімдер, әсіресе Ресейден келген өнімдер өте көп. Жалпы қазіргі уақытта тауар айналымы бойынша қандай жағдай қалыптасқан?

Қайта өңделетін өнімдердің 2014 жылғы тауар айналымы 4,1 млрд. АҚШ $. долларын құрады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 5,5 % кем (4,3 млрд. АҚШ $).
Соның ішінде Ресейден әкелінген қайта өңдеу өнімдерінің импорты 2013 жылғы 1 528,3 млн. АҚШ $-нан 2014 жылы 1 375,0 млн.АҚШ $ – на азайды. Сонымен қатар, экспорт бойынша 176,5 млн. АҚШ $-нан 163,2 млн. АҚШ $ – на азаю бақылануда.

Жай-күйді түзеу үшін не істелініп жатыр? Тамақ кәсіпорындары мен қайта өңдеу өнеркәсіптеріне мемлекеттік қолдаудың қандай шаралары көрсетілуде?

Бүгінгі танда «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде қайта өңдеу кәсіпорындарына келесідей шаралар көзделуде:
– етті қайта өңдеу бойынша жаңа кәсіпорындарды модернизациялау (құрал-жабдықтар және техникалармен қамтылу) немесе құрылысына инвестицияның бағасынан 30 % мөлшеріндегі инвестициялық субсидиялар;
– айналымды толықтыруға, негізгі қаражат және құрылыспен қамтылуға, сондай-ақ технологиялық құрал-жабдықтарды, ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке алуға арналған несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау.
Несиелік/лизингтік келісім-шарттар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау оны теңгемен жылдық 7 (жеті) %-ға және шетел валютасымен жылдық 5 (бес) %-ға төмендету жолымен іске асырылады.
– қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің несиелік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемесі
Қаржылық сауықтыру шеңберінде мемлекетпен субсидиялаудың есебінде 9 жылға дейін несие берушілермен олардың мерзімін ұзарту және айыппұлдар мен өсімдерді жазып беру шартымен АӨК субъектілерінің ертеде жасалған несиелік және лизингтік келісім-шарттар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7 %-ға арзандатылады.
Бұдан басқа, шығындар бағасынан 30 % мөлшерінде көліктік қаражатпен қамтылуға шығындарды субсидиялау іске асырылады.
Бұдан басқа, мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы салаларындағы өндірушілерді қолдау үшін кедендік одақ шеңберінде еттің кейбір түрлерін әкелуге тарифтік квоталардың тетігі қолданылады.
Ауыл шаруашылығы шикізаттарын қайта өңдеуді іске асыратын ұйымдар үшін ҚҚС-мен аударылған сома 70 %-ға төмендеуіне сәйкес жеңілдік енгізілген.
Бұл қолдаулардың барлығы бәсекелестікті ұлғайтуға мүмкіндік береді деген үміттеміз.

Қазіргі уақытта салада қандай жүйелі проблемалар бар?

Оларды екі блокқа бөлуге болады.
Бірінші бөлігі – бұл өндірістік сипаттағы проблемалар, оларды шешу Министрліктің құзыретіне кіреді. Өз кезегінде, өндірістік қайта өңдеуге жарамайтын өндірілген шикізаттың төмен сапасы, өндірістің маусымдылығы және жыл ішінде қайта өңдеу кәсіпорындарына шикізаттың біркелкі жеткізілмеуі, ауыл шаруашылығы шикізатын дайындау, тасымалдау және сақтау жүйесінің жетілмеуі, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің құрал-жабдықтар қорларының тозуы.
Осы проблемаларды шешу мақсатында «Агробизнес-2020» салалық бағдарламасы шеңберінде саланың техникалық және технологиялық қайта қарулануына, қаржы ресурстарының қолжетімділігін арттыруға, агробизнестің тиімді дамуына жағдай жасауға бағытталған нақты шаралар қарастырылған. Алдағы уақытта біздің өнімдеріміздің бәсекеге қабілеттілігін оның өзіндік құнын төмендету және сапасын арттыру арқылы тек қана ішкі нарықта ғана емес сыртқы нарықта да арттыруға көмектеседі және олардың экспорттық мүмкіндіктерін арттырады.
Екінші бөлігі – ол өнімді сатуға байланысты проблемалар, бұл проблеманы шешу басқа мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс жасауына байланысты болып келеді.
Талдау жүргізу сату нарығының шектеулі болуының себебі бірінші кезекте ішкі тұтыну нарығында жоғары импорт үлесінің болуымен негізделген көрсетті. Мысалы, импорт үлесі ірімшік және сүзбе бойынша 51,2%, -ды, ұннан жасалған кондитерлік бұйымдар бойынша 51,8 % -ды, маргарин бойынша 36,4 %-ды, сары май бойынша 39,9 %-ды құрайды. Жыл сайын импортталатын өнімдердің бағасы 1115,4 млн. АҚШ $-ын құрайды, соның ішінде 413,2 млн. АҚШ $ – сүт өнімдері, 248,4 млн. АҚШ $ – ақ қант және құрақ қант, 290,8 млн.$ США шоколад және кондитерлік бұйымдар, 79,8 млн. АҚШ $ – өсімдік майы, 83,2 млн. АҚШ $ – шұжық өнімдері.
Өз кезегінде, ішкі нарықта импорт үлесінің жоғары болуы ішкі нарықтың импорттық тауарлардың жасырын демпингтен жеткілікті түрде қорғалмауы, отандық өнімдерді жүйелі сатуға арналған жағдайдың болмауы, техникалық реттеу саласындағы заңнаманың орындалуын бақылау жүйесінің іс-жүзінде қолданылмауы болып келеді.

Қазіргі кезде нарықта сүт өнімдерінің ассортименті өтке үлкен. Қандай сүт пайдалы болып келеді? Қандай сүтті ішу керек? Сүтті сатып алу кезінде не нәрсеге назар аудару қажет?

Сұрағыңыз өте орынды болып келеді. Қазіргі таңда өкінішке орай біздің тұтынушыларымыз көбінесе тұтынатын өнімдердің арзан бағасына қызығып, таңбалау және қаптау мәселесіне аса назар аудармайды. Алайда сүтті сатып алу кезінде оның құрамына, сақтау мерзіміне, дайындалған технологиялық әдісіне көңіл бөлу керек. Заманауи сүтті өндіру технологиясында сүтті термиялық өңдеудің пастерлеу және стерилизациялау әдістері қолданылады. Осы технологияларды қолдану сіздің үстеліңізге тексерістен өткен және қауіпті микрооргонизмдерден тазартылған сүттің болуын қамтамасыз етеді. Аталған әдістердің әр қайсысының артықшылықтары және кемшіліктері бар. Алайда күнделікті тұтыну үшін ең тиімдісі пастерленген сүт болып келеді.Себебі пастерлеу кезінде сүтті арнайы құрылғымен 74-76 °С қыздырады. Осындай қыздыру кезінде сүттің тағамдық құндылығы өзгермейді, яғни дәмдік сапасы және құнды компоненттер (витаминдер, ферменттер) сақталады, ал стерилизацияланған және ультрапастеризацияланған сүттің өңдеу температурасы өте жоғары болғандықтан ондағы барлық пайдалы заттар жойылады.
Тағы бір айта кететін жайт пастерленген сүтте пайдалы заттардың көбі жойылмайтындықтан оның сақтау мерзімі қысқа болып келеді, сондықтан бұндай сүтті сатып алу кезінде отандық өндірілген болуына назар аудару қажет.
Етке қатысты айтатын болсақ мұздатылған етке қарағанда салқындатылған етті сатып алу пайдалы. Себебі мұздатылған еттің салқындатылған етке қарағанда тағамдық құндылығы төмен және мұздату нәтижесінде еттің құрылымы өзгереді және еріткеннен кейін де оның бастапқы қасиеттері қалпына келмейді.

Техникалық реттеу саласындағы заңнамасы талаптарының орындалуын бақылау жүйесінің іс-жүзінде қолданылмау туралы толығырақ айтуға болады ма. Бұл нені білдіреді. Мәселе неде? Бізде заң жүйесі жетілмеген бе әлде біз оны дұрыс жүзеге асырмаймыз ба?

Біздің заңнамамыз дұрыс. «Техникалық реттеу туралы» және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» заңдар қолданыста. Сонымен қатар, Кеден одағы шеңберінде ауыл шаруашылығы саласында АӨК өнімдеріне 8 техникалық регламент әзірленген және бекітілген, оларда өнімнің қауіпсіздігіне және сапасына, сәйкестікті растауға талаптар қарастырылған және өнімнің таңбалануына және қапталуына белгілі бір талаптар анықталған. Сонымен қатар, техникалық регламенттер талаптарын орындау мақсатында барлық АӨК өнімдерінің түрлеріне біріңғай стандарттар тізімі қалыптастырылады.
Алайда, осы техникалық регламенттер талаптары дұрыс сақталмайды. Осылайша, алақол өндірушілер тамақ өнімдерін бұрмалау әдістерін қолданады, ал бұндай өнімдерді бақылаудың әдістері жоқ. Мысалы, сауда желілерінде маргарин сары май ретінде, пальма майы қосылып өндірілген майлар табиғи май ретінде сатылады. Осы жағдай бір жағынан қазақстандық тұтынушыларды жаңылыстырады, ал екінші жағынан отандық өніммен салыстырғанда бағасы төмен болып келетін импорттық тауарлардың ішкі нарықтағы көлемін арттырады.
Өз кезегінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау жүйесін іс-жүзінде қолданудың негізгі проблемасы ол енгізілген моратории және үлкен нарық пен өнім көлемінің көп болуы себеп. Осы жағдайда тұтынушылар өнімдерді сатып алу кезінде таңбалау мен қаптамаға мұқият назар аудару қажет. Және бұзушылық анықталған жағдайда сәйкес органдарға қажетті шараларды қабылдау және Қазақстан бойынша бұндай өнімнің сатылуын болдырмау мақсатында хабардар ету қажет.

Кеден одағы жағдайында бізге өз азық-түлік нарығымызды қорғау мүмкін бе және ол үшін не істеу қажет ?

Әрине мүмкін. Кеден одағы шеңберінде, не Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде қандай да бәсекелікке қарсы іс – әрекеттің болуы жағдайында өтемдік және демпингке қарсы шараларды қолдану мүмкіндігі жойылған жоқ.
Кейбір кезде өз кәсіпкерлеріміздің реттілік тәртібін біле бермеуі және рәсімді бастау үшін қажетті құжаттарды дайындай алмауы, өз алдына бөлек мәселе болып табылады
Осы орайда Ұлттық экономика министрлігіне тамақ және қайта өңдеу өндірісі саласындағы қоғамдық бірлестіктер, кәсіпорындар мен тауар өндірушілер арасында кедендік тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары бойынша ұсынысқа бастамашылық ету рәсімі бойынша түсіндірме жұмыстарын, сонымен бірге Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына үшінші елдердің импорттық тауарларына қатысты қорғау, демпингке қарсы немесе өтемдік шараларды қолдану мақсатына тексеру жүргізу қажет.
ҰЭМ-нің мәселесін жүйелі шешу үшін тұрақты түрде мемлекеттік тапсырыс негізінде өз кәсіпкерлеріміз үшін білікті заңгерлік кеңестерді ұйымдастыру қажет.

Енді не істеу қажет және қандай шаралар қабылдауға болады?

Кедендік одақтағы әріптес-мемлекеттер Ресей мен Беларусь істеп жатқандай мүмкін болатын барлық жолдарды қолдана отырып, ішкі нарықты қорғау жөніндегі барлық шараларды жедел қабылдау қажет.
Мысалы, Ресей Федерациясында ішкі нарықты қорғау мемлекеттік саясаттың шегінде тұрақсыз жүргізілген, бұл қашан да «себепті» таба алатын және мемлекетке қандай да бір тауарларды әкетуге оперативті шектеу енгізе алатын «Онищенко институты» деп аталатын институт. Мәселен, Роспотребнадзор грузиндік шарап өнімдерін, американдық тауықтың етін, украин ірімшіктерін, кәмпиттерін, өсімдік майын, әзербайжан көкөністерін, қазақстандық шабдалылар мен т.б. әкелуге шектеу енгізіп, бұл үшін негіздеме тауып отырған. Тіпті Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы одақтық қарым-қатынастарға қарамастан, Ресейге белорусь өнімдерін әкелуге тыйым салу енгізілген жағдайлары бізге мәлім.
Импорттан нарықты қорғауға бағытталған аналогиялық мемлекеттік саясатты біздің мемлекетте де әзірлеп қабылдау қажет.
Бұл іс-шаралардың барлығы 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 417 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен тамық өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2014 – 2015 жылдарға арналған іс-шаралардың Кешенді жоспарында көзделген.

Алдағы жылға қоятын тамақ өнеркәсібі жөніндегі басты міндеттерді анықтап берсеңіз.

Біріншіден, бұл еліміздің ішкі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша таяудағы 10 жылға арналған Қазақстан Республикасының стратегиялық міндеттерінің бірін орындауға қатысты мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау, атап айтқанда, 80 %-ға дейін еліміздің ішкі тұтынудағы отандық өнімдер өндірісінің үлесін ұлғайту.
Екіншіден, жоғарғы қосылған құнымен терең қайта өңделетін өнімдердің экспорттық әлеуетін ұлғайту.
Үшіншіден, қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың қаржылық қызметін жақсарту мен аталған салаға инвестицияларды тарту мақсатында әрі қарай мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету.

Ресей Федерациясынан әкелінетін тауарларды шектеу үшін қандай шаралар қабылдануда?

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Ауыл шаруашылығы министрліктері арасында кейбір азық-түлік тауарларының түрлеріне келісілген сұраныс және ұсыныстар баланстарын ұйымдастыру бойынша келіссөздер жүргізілуде. Соның ішінде құс еті, тауық жұмыртқалары, кондитерлік бұйымдар, сары май және өсімдік майы сияқты тауарлар туралы сөз қозғалуда.

Бірінші деңгейлі өндірістегі бордақылау алаңдарына бұқашықтарды өткізу бойынша дайындау ұйымдарды субсидиялау.

2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 Қазақстан республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өніміділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары шеңберінде бірінші деңгейлі өндірістегі бордақылау алаңдарына бұқашықтарды өткізу бойынша субсидия бағыты қарастырыған. Бір өткізілген бұқашыққа 24 мың теңге субсидия нормативі қойылған.
Тауарын өндiрушiлерге қойылатын өлшемдер мен талаптарға сәйкес (1 қосымшаның 1 тармағы), субсидиялар бірінші деңгейлі өндірістегі бордақылау алаңдарына бұқашықтарды өткізген кезде фермерлік шаруашылықтармен және дайындау ұйымдарына төленеді.
Негізгі талаптар:
1) Бұқашықтардың бірдейлендіру нөмірлерінің болуы және олардың АТЖ-да және АЖС-да тіркелуінің болуы;
2) Бұқашықтар тұқымдық түрлендіруге қатысатын және ет өнімділігі бағытындағы бекітілген асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды қолданатын аналық мал басынан алынған;
3) Өткізілген бұқашықтардың тірідей салмағы 160-тан 300 кг дейін;
4) Өткізілген бұқашықтардың жасы 6-дан 12 айға дейін;
5) зоо-ветеринарлық шаралардың ұйымдастыруы.
Субсидия алу үшін фермерлік шаруашылықтар ауыл шаруашылығы бөліміне келесі құжаттарды ұсынады:
1) бұқашықтарды бордақылау алаңдарына сатып алу-сату шарты;
2) бұқашықтарды бордақылау алаңдарына қабылдап алу-беру актісі.
Қағидалардың 23 тармағына сәйкес бұқашықтарды тұқымдық түрлендірумен қамтылған аналық мал басынан шығу бөлігіндегі талаптарға сәйкестігін растау үшін, ауданның ауылшаруашылығы бөлімі фермерлік шаруашылықтың өтінімін АСЖ арқылы алынған бұқашықтарды бордақылау алаңдарына өткізгені туралы үзіндімен толықтырады.
Бұқашықтардың бірдейлендіру нөмірлерінің болуы және олардың АТЖ-да және АЖС-да тіркелуі ауыл шаруашылығы бөлімімен жеке салыстырылады.
Бұқашықтарды өткізген кезде тірі салмағы мен жасы бөліммен АТЖ және АЖС жүйелері және алу-беру актісі бойынша тексеріледі.
Шаруашылықтың ветеринариялық қауіпсіздігі аудан бойынша ветеринария бөліммен ұсынған ақпаратқа сәйкес қарастырылады.
Осыған орай, субсидия алу үшін фермерлік шаруашылыққа жоғарыда көрсетілген 2 құжат ғана ұсыну керек.
Дайындау ұйымдар арқылы бұқашықтарды өткізген кезде, субсидия алушы фермерлік шаруашылық болатын болады. Бұл ретте, фермерлік шаруашылық – дайындау ұйымы – бірінші деңгейлі өңдірістегі бордақылау алаңдары арасында үш- жақты бұқашықтарды сатып алу-сату шартына қол қойылған кезде субсидиялау жүзеге асырылатын болады.
Субсидиялау сызбасы қоса ұсынылады.

Мал азығы қоспалар себуін субсидиялау бойынша

2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларына сәйкес егіс алқабының гектары есебінен азықтық дақылдарды себуді субсидиялау қарастырылған.
Басым дақылдар тізімі тиісті облыстың және Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының шешімімен қойылады.
Осыған орай, субсидияланатын басымды дақылдар тізіміне мал азығы қоспаларын қосу үшін облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті ұсыныс енгізу қажет.
Жергілікті атқарушы органындар ұсынылған механизмдер негізінде тиісті облыс әкімінің қаулысын бекітеді.

Жем-шөпті әзірлеуге және сатуға мамандандырылған шаруашылықтар үшін жем-шөп дайындау техникасын сатып алуға кеткен инвестициялық салынымдары субсидияландыруға қатысты.

Қазіргі уақытта агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша бекітілген субсидиялау қағидаларының аясында ауыл шаруашылығы малдарын өсірумен айналысатын шаруашылық субъектілердің жем-шөп дайындау техникасын сатып алуға кеткен инвестициялық салынымдарының бір бөлігін өтеу қарастырылған.
Сонымен қатар, Министрлікпен қазіргі уақытта аталған қағидалардың жаңа жобасы әзірленуде, осы жобаның аясында тек қана жем-шөпті әзірлеуге және сатуға мамандандырылған шаруашылықтар үшін жем-шөп дайындау техникасын сатып алуға кеткен инвестициялық салынымдары субсидияландыру қарастырылған.
Осылайша, шаруашылықтардың жем-шөп дайындауға кеткен инвестициялық салынымдарды субсидияландыру қағидаларына қосу туралы ұсыныс әзірленіп жатқан қағидаларда есеспке алынатын болады.

Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын дамыту кезінде субсидияландырылатын құрал-жабдықтардың тізіміне қозғалмалы бақташылардың вагондарын қосуға қатысты.

Жалпы Министрлік бұл ұсынысты қолдайды және инвестициялық салынымдардың орнын толтыру бойынша субсидияландыру қағидаларын әрі қарай жетілдіру аясында қарастырылатын болады.
Сонымен қатар, Министрлік әр фермерлік шаруашылық үшін жайылым участогының ауданы мен ауыл шаруашылығы малдарының санына қарамастан бір бірлік тұрғын вагондар құнының 40%-ға дейін субсидияландыру мақсатқа лайықты деп санайды.

Ветеринария жүйесін модернизациялау аясында қандай жұмыстар жүргізілуде?

Мал шаруашылығының дамуы мен мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру – заманауи ветеринария жүйесімен тығыз байланысты.
Ветеринария жүйесін халықаралық стандартқа көшіру тапсырмасы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын аттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты жолдауында қойылған болатын.
Содан бері ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық қызметті құруға мүмкіндік беретін жүйелі өзгерістерді енгізу бағытында 2011 жылдан бері көптеген шаралар атқарылды.
Әр ауданда, әр селолық округте ветеринариялық пункттері бар мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар құрылды. Соңғы жылдары, олардың жұмыс ауқымы кеңейтіле түсті, атап айтқанда: жануарларды жұқпалы емес аурулардан емдеу, бірдейлендіру дерекқорын жүргізу, жануарларға ветеринариялық паспорт және анықтама беру жұмыстарын осы жергілікті атқарушы органдар құрған ветеринария саласындағы мемлекеттік ұйымның мамандары атқаратын болды.
Осы аталған ұйымдарды жабдықтау бойынша бекітілген нормативке байланысты, 2013 жылы оларды материалдық-техникалық жабдықтауға 9,7 млрд. теңге қаржы бөлінсе, 2014 жылы қосымша 6,3 млрд. теңге немесе барлығы 16,0 млрд. теңге бөлінді.
Үкімет тарапынан 2013 жылы салалық «Агробизнес – 2020» бағдарламасы қабылданып, осы бағдарлама шеңберінде Агроөнеркәсіп кешенінің мемлекеттік жүйесін дамыту аясында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін сұрақтар қамтылды.
Ветеринариялық санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері 2014 жылдың 2 маусымында Үкімет отырысында да қаралып, орталық мемлекеттік органдар мен облыс әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді.
Ветеринариялық дәрігер мамандығы бойынша оқу орындарын бітірген жас мамандардың ауылдық жерлерде жұмыс істеуге баруын ынталандыру мақсатында, оларға әлеуметтік көмек көрсету шаралары: көтерме ақы беру, тұрғын үй салуға және сатып алуға жеңілдетілген бюджеттік несиелер беру қарастырылды. Сонымен қатар, «Болашақ» бағдарламасына ветеринария саласы бойынша мамандықтар қосылды

Бүгінгі таңда елімізде эпизоотиялық жағдай қандай? Өткен жылдармен салыстырғанда оң өзгерістер байқала ма?

Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы аумағында аса қауіпті аурулар бойынша, кейбір жіті және созылмалы аурулар індеттерін қоспағанда, эпизоотиялық жағдай тұрақты.

2014 жылы республика бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының 194 ошағы тіркелген. 2013 жылдың осы мерзіммен салыстырғанда, ошақтар саны 17 бірлікке немесе 8 % төмендеген (2013 жылы 211 ошақ тіркелген болатын).

Анықтама үшін: 2014 жылы 194 ауру ошақтары, олар: құтырудың – 110 ошағы, пастереллездің -12 ошағы, Ньюкасл ауруының – 12 ошағы, жылқының эпизоотиялық лимфангитінің – 4 ошағы, күл ауруының – 4 ошағы, брадзоттың- 3 ошағы, қарасаның – 39 ошағы, туберкуллездің- 2 ошағы, энтеротоксемияны- 4 ошағы, листериоздың- 1 ошағы, контагиозды эктиманың- 1 ошағы, сібір жарасының- 1 ошағы және жылқы ринопневмониясының – 1 ошағы. Осы тіркелген 194 ошақтың 166 –да ауруды жою шаралары аяқталды, ал қалған 28 ошақта ветеринариялық іс- шаралар жалғасуда..

Жануарлардың аса қауіпті аурулары ошақтары санының төмендеуі Агробизнес-2020 бағдарламасына сәйкес, Халықаралық стандарттар GMP сапасына сәйкес келетін, сапалы ветеринариялық препараттарды қолдану нәтижесінде мүмкін болды. Сонымен қоса, сапалы вакцинаны қолдана бастағаннан бері, 2014 жылы Қазақстан аумағында аусыл ауруы тіркелген жоқ.

Анықтама үшін: 2010 – 1 ошақ, 2011 – 7 ошақ, 2012 жылы – 10 ошақ, 2013 жылы – 3 ошақ тіркелген болатын.

Қазақстан бойынша бруцеллез ауруының жағдайы, статистикалық мәліметтер жануарлар мен адам арасындағы бруцеллез ауруы төмендеуде.

2009 жылы 129 мың ІҚМ бруцеллезге оң нәтиже берсе 2010 жылы – 86 мың, 2011 жылы 75 мың, 2012 жылы 33 мың, 2013 жылы 28 мың, ал 2014 жылдың 5 айында 13 мың ауру тіркелген. Бруцеллез ауруымен ауырған адам саны 2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 66 адамға, ал 2010 жылмен салыстырғанда 710 адамға азайған.

Анықтама үшін:

Жылдар

Тіркелген ауру ІҚМ

Тіркелген ауру ҰММ

Бруцеллезбен ауырған адамдар саны

2009

129 835

43 921

2 010

2010

86 568

37 463

2 153

2011

75 038

32 705

1 800

2012

33 456

37 254

1 509

2013

28 813

36 100

1 443

2014

36 131 (өзім үшін)

50 860

1 443

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін вакцинамен қамтамасыз ету деңгейі қандай және оның ішінде отандық өндірушілердің өнімдері бар ма?

Сатылып алынатын ветеринариялық препараттардың сапасына қойылатын талаптар, 2013 жылдан бастап күшейтіліп, халықаралық стандартқа (оның ішінде GMP) сәйкес келетін препараттардың үлесі жылдан жылға арттыру қарастырылды және оларды тасымалдау және сақтау кезінде салқындық тізбесін сақтауға айрықша көңіл бөлінуде.
Әрине, бұған дейін сатып алынған ветеринариялық препараттардың ішінде отандық препарат өндірушілердің де үлесі бар және ол жыл сайын артып келеді. Мысалы, 2014 жылы барлық сатып алынған ветеринариялық препараттардың 11 түрі – тек отандық өндірушілерден, 6 түрі – отандық және шетелдік өндірушілерден, 6 түрі – тек шетелдік өндірушілерден сатып алынды.
Бірақ, нақты қай өндірушілерден сатып алынатындығы ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң талаптарына сәйкес өткізілетін мемлекеттік сатып алу конкурстары нәтижесінде белгілі болады.

Жалпы Қазақстан аусыл бойынша таза аймақ мәртебесін алуға дайын ба?

Астана қаласында 2013 жылы Халықаралық эпизоотиялық бюро мен Үкімет арасында қол қойылған келісім аясында, аусыл ауруы бойынша Халықаралық эпизоотиялық бюроның Субөңірлік (Қазақстан және Орта Азия мемлекеттеріне) Үйлестіру кеңсесі ашылды.
Аталған келісім Орталық Азия аймағындағы барлық мемлекеттердің ветеринариялық қызметтерінің аусыл ауруына қарсы жұмыстарын бірігіп, ынтымақтастықта жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл келісім аусыл ауруының еніп таралу қауіп-қатерін төмендету үшін, көршілес мемлекеттерде жануарларды аусылға қарсы егуге 2 млн. евро (500 млн. теңге) тұратын ХЭБ-ң вакцина банкін құруға мүмкүндік береді.
2014 жылдың 15 тамызында Қазақстанның ветеринариялық қызметі, эпизоотиялық ахуалдың тұрақтылығы негізінде, аусыл ауруы бойынша 5 облысқа вакцинация қолданылатын және 9 облысқа вакцина қолданбайтын қолайлы ел мәртебесін алу үшін ХЭБ-ға 2 тапсырыс берді.
GMP тиісті халықаралық стандарттарына сәйкес, сапасы жоғарғы ветеринариялық препараттардың қолдану, сонымен қатар Ресей Федерациясының ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау бойынша Федералдық қызметінің (Россельхознадзор) аусыл ауруының таралу қатерін талдауы нәтижесінде, Алматы облысының Алакөл, Панфилов, Ұйғыр, Райымбек аудандарының 5 ауылдық округінен (Қамысқан, Ырғайты, Басқунші, Сумбі, Қалжат) және Жамбыл облысының Жуалы, Мерке аудандарының 4 ауылдық округінен (Айша бибі, Ақтөбе, Андас батыр, Қарақыстақ) басқа; Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан Ресей Федерациясына барлық аусыл ауруына бейім жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды, сонымен қатар жем-шөп тасымалдауға рұқсат берілді.
Осыған байланысты, 2015 жылдың қаңтар айында тапсырыстың тармақтары бойынша, мәселелерді анықтау мақсатында, Жамбыл облысының ветеринариялық ұйымдарында, ХЭБ өкілі – Дэвид Джеймс Патонның Қазақстандағы алғашқы миссиясы өткізілді.
Ағымдағы жылдың мамырына дейін, вакцинасыз және вакцинация қолданылатын, аусылдан таза қолайлы ел деп тану алу туралы ХЭБ шешімін алуға бағытталған мақсатты жұмыстар жүргізілуде.
Қорытындылай келе, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде, сондай-ақ Қазақстанның БСҰ-на кірер алдында, ветеринариялық-санитариялық қауіпсізідікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар одан әрі жүргізілетін болады.
Жалпы жүргізілген шаралар, эпизоотиялық қолайлылықты қамтамасыз етуге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыруға оң әсер ететіні сөзсіз.

Елімізде соңғы жылдары ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары жүргізілуде. Осы үрдіс қалай өтуде?

Қолданыстағы Заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарларының барлығы бірдейлендіруге жатады. Мысалы, ірі қара және ұсақ малдардың төлдерін, сондай-ақ боталарды туғаннан кейін 7-10 жұмыс күнінен кешіктірмей бірдейлендіреді. Құлындарды 4 айлығында, торайларды бір айға толғанда бірдейлендіреді.
Биыл елімізде жануарларды бірдейлендірудің дерекқорын жүргізу, құлақ сырғаларын, жануарларды бірдейлендірудің басқа да құралдарын және бұйымдарын тіркейтін Процессингтік орталық құрылды.
2015 жылдан бастап осы жоғарыда аталған орталықта құлақ сырғалары орталықтандырылып сатып алынып, оның республикалық қоры құрылатын болады.
Сонымен қатар, тұрғындарды қолдау бағытында: ауыл шаруашылығы жануарлары үшін берілетін ветеринариялық паспортты және құлақ сырғаларын, ветеринариялық анықтамаларды тегін беру, залалсыздандырылған мал өнімдері мен шикі заттар және жануарлар бағасының мал иесіне нарықтағы құнын өтеу сияқты т.б. оң өзгерістер қабылданды.
Жалпы атап айтатын болсақ, бүгінгі күні республикада – 6,3 млн. бас ІҚМ; 18,6 млн. бас ҰММ; 1,1 млн. бас жылқы; 826 мың бас шошқа және 149 мың бас түйе бірдейлендірілуден өткізіліп, АЖББ порталына енгізілді.

Жалпы ауру малдың етін сату немесе оның жартысын мемлекет тарапынан субсидия беру министрліктің қаулысында қаралған ба?

«Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 814 қаулысының 1078 тармағына сәйкес бруцеллезге оң нәтиже берген ірі қара малы, шошқа, түйе, жылқылардың еттері, ұша мен ағзаларында патологиялық-анатомиялық өзгерістер болмаған жағдайда, еттің 12 сағаттық жетілуі өткеннен кейін шектеусіз шығарыла беретінін, ал ұша мен ағзаларында патологиялық өзгерістер анықталған жағдайда, оларға міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу жүргізілетінін, яғни ол еттер шұжық және консерві дайындауға жіберіледі.
Соған байланысты, «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысымен (бұдан әрі – Қаулы) бекітілген «Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою, не оларды алып қоюсыз мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу ережесiне» сәйкес бруцеллез ауруымен ауырған малдар сою өндіріс объектілеріне өткізілгеннен кейін, ол малдардың нарықтық құнының 30 %-нан аспайтын мөлшердегі құны жергілікті бюджет есебінен, ал құнының қалған бөлігін сою өндіріс объектінің иесі өтеу қарастырылған.
Сонымен қатар, 2014 жылғы желтоқсан айынан бастап бұрынғыдай ережелерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітпей, әр уәкiлетті орган өзі бұйрығымен бекіту қарастырылуына орай, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» № 7-1/559 бұйрығымен бекітілген «Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою, не оларды алып қоюсыз мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу ережесi»-не байланысты бруцеллез ауруымен ауырған малдар сою өндіріс объектілеріне өткізілгеннен кейін, бұрынғыдай малдардың нарықтық құнының 30 пайызы емес, нақты нарықтық құнының 50 %-нан аспайтын мөлшердегі құны жергілікті бюджет есебінен, ал қалған 50 %-нан аспайтын мөлшердегі құнын жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеу жөніндегі ұйым төлеу мүмкіншілігіне ие болған.

Егер, ауру малға тиесілі берілетін жергілікті бюджет есебінен төлем берілмеген жағдайда мал иелеріне қайда жүгінуге болады?

Төменде көрсетілген құжаттар болған жағдайда, сот орындарына жүгінуге құқылы, атап айтқанда:
-жергілікті атқарушы органның ауруы ошағы бойынша шектеу/карантин қою туралы шешімі/қаулысы, бруцеллез ауруынан қолайлы аймақтарынан басқа;
-ветеринариялық зертхананың сараптау актісі;
-тиісті аумақтық мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инпекторының нұсқамасы;
-малдарды өңдеуге тапсырылғаны туралы актісі;
-өңдеуге жіберілген жануарларға жануарлардың шикізаттар мен өнімдерін өңдейтін ұйымының берген бағасы туралы құжат;
-тиісті ауданның әкімінің шешімімен құрылған арнайы комиссияның
орташа айлық нарықтық құнын өтеу ставкалары туралы шешiм;
-ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер
базасынан алынған көшірме;
-ветеринариялық паспорт.

Жалпы министрліктің алдағы жұмыс жоспары мен 2014 жыл қорытындысы туралы

Министрліктің болжамы бойынша жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі өткен жылғы деңгейде сақталады, тиісінше ауыл шаруашылығының нақты көлемінің индексі (НКИ) 100% деңгейде болады деп күтілуде. Бұл ретте мал шаруашылығының НКИ 2014 жылы шамамен 102,9%-ды құрайды. Өсімдік шаруашылығының НКИ 96,9%-ды құрайды, себебі 2013 жылы жалпы өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі 120,7%-ды құраған. Өсімдік шаруашылығының құрылымы өндірістің жоғары жылдық ауытқуларымен сипатталатынын атап кеткен жөн. Бұл ретте орта есеппен соңғы бес жылда ауыл шаруашылығы саласында өндірістің 5-пайыздық өсімі қамтамасыз етілді.
Ағымдағы жылғы 10 айда ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар көлемі 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15,2%-ға ұлғайып, 128,7 млрд. теңгені құрады.
Мал шаруашылығында ұйымдасқан шаруашылықтардағы өндіріс өсімін атап өткен жөн. Осылайша, егер барлық шаруашылық санаттарында өсім орта есеппен 2-ден 8%-ға дейін болса, агроқұрылымдарда 7-ден 16%-ға дейін болып отыр.
Сондай-ақ, 2011 жылы орын алған жеке қосалқы шаруашылықтарындағы ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы үлесінің төмендеу және, керісінше, агроқұрылымдардағы мал басының үлесі мен санының жоғары қарқынды өсу үрдісі бекіп келе жатқанын атап өткен жөн.
Осылайша агроқұрылымдарда ІҚМ саны 10 айда 15%-ға, қой мен ешкі 7,5 %, жылқы 13,7 %, құс 4,1% ұлғайған.
Нәтижесінде көрсетілген кезеңде ұйымдасқан шаруашылықтарда ІҚМ үлесі 33,4%,-ды, тиісінше ЖҚШ-да – 66,6%-ды құрады. Салыстыру үшін 2010 жылда жалпы республика бойынша ұйымдасқан шаруашылықтарда малдың үлесі 18%-ды, тиісінше ЖҚШ-да – 82%-ды құраған болатын.
Өсімдік шаруашылығы өніміне келсек, жалпы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер ауыр ауа-райы жағдайларына қарамастан, егін жинау қарқыны бойынша оң нәтиже көрсетті. Әкімдіктердің алдын ала мәліметтері бойынша жалпы ел бойынша астық дақылдары 14,9 млн. га астам алқапта немесе жиналатын алқаптың 99,1%-да жиналған, 12,7 ц/га орта өнімділікте 18,9 млн. тоннаға жуық астық бастырылды.
Ағымдағы жылы астықтың тазаланғаннан кейінгі салмақта жалпы түсімі шамамен 17,0 млн. тонна деңгейінде болжамдалуда, бұл экспорттық әлеуетті 7,0 млн. тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Алдағы кезеңге арналған міндеттерге келсек, Мемлекет басшысы өзінің жаңа «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауында тамақ өнеркәсібін дамытуды ерекше атап өтіп, басталған бағытты жалғастыру қажеттігін көрсетті. Осыған орай, «Агробизнес-2020» бағдарламасында қойылған міндеттерді іске асыру, соның ішінде АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдауды жетілдіру арқылы жалғастырылатын болады.
Мемлекеттік қолдауды жетілдіру шеңберінде, біріншіден, ауыл шаруашылығындағы субсидиялардың тиімділігін оңтайландыру мен арттыру бойынша жүйелі сипаттағы шаралар іске асырылатын болады.
Екіншіден, субсидиялаудың жеке бағыттарын жетілдіру бойынша ағымдағы шаралар, осылайша тұқым шаруашылығында субсидиялау, суару суын беруді субсидиялау, мал шаруашылығындағы өндіріс пен экспорттың өсімін ынталандыру тетіктері қайта қаралады, инвестициялық субсидиялауға қолжетімділік кеңейтілетін болады.
Үшіншіден, институционалды жетілдіру бойынша шаралар.
Бөлініп жатқан субсидиялардың тиімділігін жоғарлату мен төлемді оңтайландыру және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында субсидияларды беру процессін автоматтандыру жоспарланып отыр. Бүгінде Министрлік ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге субсидияны бөлудегі әлемдік тәжірибені зерттеуде.
Бөлініп жатқан субсидиялардың тиімділігін жоғарлату мен төлемді оңтайландыру және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында субсидияларды беру процессін автоматтандыру жоспарланып отыр. Бүгінде Министрлік ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге субсидияны бөлудегі әлемдік тәжірибені зерттеуде.
Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығындағы сақтандырудың қолданыстағы тетіктері жетілдірілуде және мал шаруашылығында сақтандыру жүйесі енгізілуде.
Осы шаралардың барлығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі отырысында мақұлданғанын атап өткен жөн.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ауыл шаруашалығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар үшін ауыл шаруашылығы шикізатының және қаржылық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі (коммуналдық, көліктік көрсетілетін қызметтер, ыдысқа және қаптамаға жұмсалатын шығындар және басқалары), саладағы өндіріс, оның ішінде мемлекеттік жеке әріптестік тетігі есебінен, отандық азық-түлік тауарларын өткізуді кеңейту, тамақ өнімдерін тұтыну мәдениетін және тамақ индустриясы саласында техникалық реттеуді дамыту, экспорттың/импорттың саудалық реттеуін жетілдіру және білікті кадрлармен қамтамасыз ету бойынша міндеттерді шешуге бағытталған тиісті іс-шараларды іске асыру қарастырылған.
«Тамақ өнімдері» бөлімінің іс-шараларын қаржылай күшейту үшін МинистрлікҮИИДБ-ға тиісті өзгерістер енгізуді жоспарлаған.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кооперативтерге бірігуін одан әрі ынталандыру үшін Министрлік бірқатар заңнамалық актілерді әзірлеген, олар АШТӨ бірігуге ынталандыратын мемлекеттік қолдау нормаларын қабылдауға, сондай-ақ АуылТК құру және олардың жұмыс істеу рәсімдерін оңайлатуға мүмкіндік береді. Министрлік кооперацияны реттейтін бірнеше заңды бір аса тиімді заңға біріктірді. АШТӨ субсидиялау мәселелері де фермерлерді біріктіру міндеттерімен тығыз өзара байланыстырылатын болады.
Ауыл шаруашылығы кооперативтерін мемлекеттік қолдау, бірігу процестерін ынталандыру және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін заңды тұлғаның аталған нысанының тартымдылығын арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы кооперативтеріне арнайы салық режимін сақтау көзделуде.
Қазіргі уақытта аталған заң жобалары ҚР Үкіметінің қарауына енгізілген.
Сонымен қатар, АӨК саласында, соның ішінде астық нарығын реттеу, өсімдік карантині, органикалық өнім өндірісі және т.б. мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіруге бағытталған бірқатар заң жобаларын қабылдау алдағы жұмыс жоспарында тұр.

2050 жылға қарай Қазақстанның сумен қамту мәселесін түбегейлі шешу керектігін Елбасы Жолдауда тапсырды. Бұл тұрғыда министрліктің мойнындағы міндеттемелер мен алдағы жұмыс жоспары қандай?

2014 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2014-2020 жылдарға арналған Қазақстанның су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды және оны іске асыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Іс-шаралар жоспары бекітілген болатын.
Қабылданған бағдарламаның негізгі мақсаты – су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін көтеру арқылы еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Ал ол үшін бірқатар міндеттерді шешу қажет, оның ішінде:
– су ресурстарының көлемін ұлғайту және суды үнемдеу бойынша шараларды жүзеге асыру арқылы халықты, экономиканың салалары мен қоршаған ортаны кепілді қамтамасыз ету;
– су ресурстарын тиімді басқаруды көтеру;
– су экологиялық жүйелерін сақтауды қамтамасыз ету.
Сондай-ақ, алдағы уақытта Жоспар бойынша гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңарту және жетілдіру, республикалық және коммуналдық меншіктегі магистралдық және тарату каналдарын, жүйелі және лиманды суару жерлерін гидромелиоративтік жүйелерін күрделі жөндеу, жаңа су шаруашылығы нысандарын салу қарастырылып отыр.
Ақмола, Қызылорда және Павлодар облыстарында рекреациялық маңызы бар және қоршаған ортаға әсер ететін табиғатты қорғау мақсатында 1,3 млрд.км3 көлемінде су жіберілмек. Бұған қоса, «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру» (ИДЖЖ-2) жобасының екінші фазасы және «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау. 2-фаза» жобасын (САРАТС-2) іске асыруды дайындау бойынша жұмыстар өткізілуде.

Мемлекет басшысының 2014 жылғы Қазақстан халқына «Қазақстан-2050 Стратегиясы»: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында айтылған ауыл шаруашылығын кең ауқымды жаңғырту тапсырмасы, соның ішінде егістік алқапты көбейту, егін шығымын арттыру, мал шаруашылығының жемшөп базасын арттыру мен өнімнің экологиялық сапасын көтеру бойынша қандай шаралар атқарылуда?

Жолдауда еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің алдына бірқатар ауқымды міндеттер қойылды, оның ішінде: ауыл шаруашылығы дақылдарының алқаптарын ұлғайту, жаңа технологияларды енгізу есебінен түсімділікті едәуір арттыру, әлемдік деңгейдегі мал шаруашылығының жемшөп базасын жасау.
2013 жылы қабылданған салалық «Агробизнес-2020» бағдарламасымен өндірісті әртараптандыру, өндіріске замануи технологияларды енгізу, тұқым шаруашылығын дамыту, минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау бойынша химиялық заттарды қолдану көлемдерін көбейту, саланың өнімділігін жоғары техникалармен және технологиялармен қайта жабдықтау қарастырылған.
Мұнымен бірге, ауыл шаруашылығы саласының мемлекеттік қолдау көлемдері жылдан жылға көбеюде. Мәселен, кейінгі бес жылда (2009-2013 жылдары) өсімдік шаруашылығы саласын қолдауға 460,2 млрд. теңга бюжет қаржысы бағытталды, бұл өткен бес жылдың (2004-2008 жылдар) деңгейінен 3,9 есеге көп. Жыл сайын көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге де несие ресурстары бөлінуде.
2014 жылы ылғалресурссақтау технологиясын қолданумен дәнді дақылдар 12,9 млн. га алқапта өсірілсе (бұл 2013 жылдың деңгейінен 0,4 млн га көп), тамшылатып суару әдісі 31,9 мың га қолданып келеді. Минералды тыңайтқыштарды енгізу және өсімдіктерді қорғайтын химиялық заттармен өңдеу алқаптарының көлемдері де артып келеді. Егістік алқаптарын әртараптандыру бағытында жүргізіліп келген жұмыстың нәтижесінде майлы дақылдардың алқабы кейінгі бес жылда 1,2 млн. гектарға (1,1 млн. гектардан 2,3 млн. гектарға) өссе, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп – 64,7 мың гектарға және жемазықтық дақылдар – 801,8 мың гектарға өскен.
Қабылданған шаралар алқаптың өнімділігін арттыруға және басымды бәсекеге қабілетті дақылдардың өндірісін көбейтуге септігін тигізуде. Мысалы, 2011-2013 жылдардағы дәнді дақылдардың орта түсімділігі өткен үш жылмен (2008-2010 жылдар) салыстырғанда 21,6% артып, гектарына 12,4 центнерді құрады, тиісінше майлы дақылдар – 21,1% және 6,9 ц/га, көкөніс – 9,1% және 233,4 ц/га, бақша дақылдары – 21,8% және 201,8 ц/га, картоп – 15,2% және 171,5 ц/га.
Сол сияқты мақтаның түсімділігі 2011-2013 жылдары орта есеппен 25,7 ц/га құрап, өткен үш жыдың дегейінен 38,2% артық болды, тиісінше қант қызылшасы – 208,2 ц/га және 11,2%.
2011-2013 жылдар кезеңінде астық өндірудің орта жылдық көлемі өткен үш жылмен (2008-2010 жылдар) салыстырғанда 3,0 млн. тоннаға немесе 19%-ға, оның ішінде жемазықтық, бұршақ және жарма дақылдары – 0,6 млн. тоннаға немесе 25% өсті. Аталған кезеңде майлы тұқымдарды өндіру 1,9 есеге, шитті мақта – 35%, картоп – 25%, көкөніс – 26%, оның ішінде жабық топырақта – 5,2 есеге, бақша дақылдары – 62%, жеміс-жидек – 22%, жүзім өндіру – 35% артты.
Өсімдік шаруашылығы саласының жалпы өнім өндіру көлемі 2011-2013 жылдары 1,2 триллион теңгені құрады немесе өткен үш жылдың деңгейімен салыстырғанда 1,5 есеге өсті.
Мал шаруашылығы саласында табиғи жайылымдар мен шабындықтар, егіншілік пен жемшөптік өнеркәсіп – еліміздің негізгі азықтық базасы болып табылады.
«Агробизнес-2020» бағдарламасының аясында облыстардың орналасу аймағы мен мамандандырылуын есепке ала отыра, ауыл шаруашылығының барлық салаларын, оның ішінде жемшөп өндірісін дамыту бойынша шебер – жоспарлар әзірленді. Оның негізгі мақсаты: мал шаруашылығы саласын тұрақты дамуына нақты жемшөп базасын құру; өнімділіктің техника-экономикалық параметрлерін арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы мал басын азықтандырудың толымдылығын, баланстандырылғанын және жемшөп деңгейін арттыру жолдарын анықтау; 2020 жылға дейін 4,0 мың құдық салу арқылы суландырылған жайылымдардын көлемін 32 млн. гектарға арттыру.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі №421 Қаулысымен инвестициялық субсидиландыру бағдарламасы («Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидалары») бекітілді. Бағдарламамен сүтті және етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығында шырынды азықтарды дайындауға арналған суландыру жүйесін құруға кеткен шығындарды 50%-ға дейін, шахталық және құбырлық құдықтардың құрылысына кеткен шығындардың 80%-на дейін субсидияландыру қарастырылған.
Одан басқа, фермерлік шаруашылықтарды қолдау мақсатында ірі қара мал, жылқы және қой шаруашылығымен айналысатын тауарлық фермаларға жемшөп дайындау техникасын алуға кеткен шығындардың 50%-ы субсидияландырылады.
Сонымен қатар, шалғайдағы мал шаруашылығында табиғи жайылымдар қолданылады, сол себепті осы жайлымдарда өсірілген мал басынан алынатын өнім экологиялық таза болып табылады.

Ауыл шаруашылығы саласындағы шағын және орта бизнес пен фермерлікті дамытуда 2050 жылға қарай жалпы ішкі өнімдегі ауыл шаруашылығының үлесін 5 пайызға дейін арттыру көзделген. Осы орайда 2020 жылға дейінгі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы мен мемлекеттік қолдау шаралары аясында қолға алынған жұмыстар қандай?

«Агробизнес-2020» бағдарламасының шеңберінде қолданыстағы шаралармен қатар қаржылық сауықтыру, қаржы институттарының алдында қарыздарды сақтандыру мен кепілдендіру, инвестициялық субсидиялар, екінші деңгейлі банктерді қорландыру түріндегі мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары іске асырылуда, олар жалпы АӨК субъектілерінің қаржыландыруға қол жетімділігін жеңілдетеді.
Бағдарламаның міндеттерін іске асырудың құқықтық негізін құру үшін ағымдағы жылғы қаңтарда тиісті заң қабылданды.
Сонымен қатар, Бағдарламаны іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығының әрбір кіші саласы үшін 15 шебер-жоспар (халықаралық стандарттарға сәйкес ветеринария жүйесін жаңғырту; астық нарығын тұрақтандыру; жылқы шаруашылығын дамыту; жемшөп өндірісін дамыту; сүтті мал шаруашылығын дамыту; етті мал шаруашылығын дамыту; қой шаруашылығын дамыту; ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту; көкөніс шаруашылығы; етті құс шаруашылығын дамыту; жерді оңтайлы пайдалануды дамыту; шошқа өсіру шаруашылығын дамыту; тұқым шаруашылығы саласын дамыту; тауарлы балық өсіруді дамыту; фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту) әзірленді.
Бұл шебер-жоспарлар жылдарға және облыстар бөлінісіндегі көрсеткіштерге бөлінген.
Қазір «Агробизнес-2020» бағдарламасын іске асырудың алғашқы нәтижелері туралы айтуға болады. Жыл сайын мемлекеттік қолдау көлемдері ұлғаюда, ағымдағы жылы субсидиялар көлемі 148,7 млрд.теңгені құрады, бұл 2013 жылғы (88,4 млрд. теңге) және 2012 жылғы (90 млрд. теңге) деңгейден 1,7 есе дерлік артық. Бұл ретте өсімдік шаруашылығында ағымдағы жылы субсидиялар көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 1,4 есе (72,6 млрд. теңге), мал шаруашылығында 1,5 есе (48 млрд. теңге) ұлғайған.
Мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктеріне келетін болсақ, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру үшін бүгінгі күні «ҚазАгро» Холдингі 2 млрд. АҚШ долларына жуық сомаға евробондтарды тартты. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін 2013 жылдан бүгінгі күнге дейін қаржылық сауықтыруды іске асыру нәтижелері бойынша агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің жалпы сомасы 311,1 млрд. теңгеге 274 берешегі мақұлданды. Бағдарламаның негізгі көрсеткіші 300,0 млрд. теңге сауықтырылатын берешек сомасы екенін ескерсек, бұл толық орындалды.
Барлық шаралар кредит жүктемесін жеңілдетуге және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің көп бөлігінің банкрот болуына жел бермеуге ықпал етуде.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта Министрлік агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің сауықтырылатын кредиттік және лизингтік міндеттемелерін 400,0 млрд. теңгеге дейін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде, осы ретте «Агробизнес-2020» бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізілетін болады. Көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдау ауылда бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді, салаға жеке инвестициялар тартуға ықпал етеді, бөлінетін бюджеттік қаражаттың тиімділігін арттырады.
Инвестициялық субсидияларды төлеу тетігін іске асыруға 2014 жылы 14,5 млрд.теңге көзделген. «Қазагромаркетинг» АҚ мәліметі бойынша бүгінгі таңда агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінен 1071 өтінім түсті, олардың ішінде жалпы сомасы 7,8 млрд. теңгеге 758 жобаны комиссия мақұлдаған.
Бұдан басқа, ағымдағы жылдан бастап жаңа бағыт енгізілді – өндірушілердің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру кезінде субсидиялау. Аталған бағыт кепілгердің кепілі немесе сақтандыру компаниясының сақтандыруы жағдайында несие беру арқылы ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейтуге едәуір ықпалын тигізеді, олар кепілдердің жеткіліксіздігі кезінде берілген несиенің қайтарылмау тәуекелін қамтамасыз ететін болады. Кепіл мен сақтандырудың құнын арзандату мақсатында АӨК субъектілеріне оның жарты бөлігі субсидияланатын болады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Агробизнес-2020» бағдарламасы Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған ауыл шаруашылығында жаңа технологиялар енгізу, еңбек өнімділігін арттыру және ауыл шаруашылығы субъектілерінің ұзақ мерзімді қаржыландыруға және өткізу нарықтарына қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерін ескере отырып, түзетілген болатын.
Бұдан басқа, ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылық жерлерді ұтымды пайдалану аясында аудандардың мамандандыру схемасы әзірленіп бекітілді. Схема аудандар кесіндісінде әр облыстың мамандануын нақтылауға мүмкіндік берді. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдармен аудандар кесінінде Өңiрлердi мамандандырудың схемасына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісін кезеңдеп субсидиялауға көшу жоспарларын әзірлеп, аумақтардың даму бағдарламаларына енгізу аясында жұмыс жүргізіліп жатыр.

Солтүстікте бидайын жина алмай халық қиналса, оңтүстікте мақта да қар астында қалуда. Оларда техника, дизель отынының жетіспеушілігінен Сіздерден көмек сұрап отыр. Мақташылар мемлекеттен қандай көмек күте алады?

Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ү.ж. 31 қазандағы деректері бойынша мақта егістігінің 117,2 мың га немесе 92,6 % мақтасы теріліп, 255,5 мың тоннаға таяу мақта жинаған, орташа түсімділік 21,8 ц/га құрады.
2014 жылға жалпы республика бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне жеңілдетілген бағамен литріне орта есеппен 108 теңгеден күзгі жиын терімге қажетті 410 мың тонна дизель отынының 392,5 мың тоннасы (97%) берілді, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында 37,7 мың тоннасы алынды (97%) (орта есеппен литріне 100 теңге).
Сонымен қатар, мақта дақылына өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 2166,9 млн.теңге, минералды тыңайтқыштардың құнын арзандатуға 1145 млн.теңге, тұқым шаруашылығын қолдау бойынша 109,0 млн.теңге, ағын судың құнын арзандату бойынша 85,0 млн.теңге, биоагенттер мен биопрепаратармен өңдеуге 150 млн.теңге мемлекет тарапынан АШТӨ субсидиялар берілді.

Бүгінгі қалыптасқан жағдайды пайдаланып, алыпсатарлар амалсыз шаруаның бидайларын өзіндік құннан төмен бағаға алып кетуде. «Шаруа жем болғанша, бір шығынымызды жапсын» деп отыр. Бірақ, көбінің уайымы – несиелері. Кезінде Ақтөбеде қуаншылықтан зардап шеккен адамдардың несие қайтару мерзімін ұзартқан едіңіздер. Қазіргі жағдайға байланысты, осындай жеңілдіктер болады ма?

Ағымдағы жылы «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдарымен бюджеттік несие және өз қаражаты есебінен агроөнеркәсптік кешендегі субъектілерді қолдау бойынша шараларды жүргізу үшін жалпы алғанда 49,5 млрд. теңгеге қаржыландыру жүргізілді.
Қолданыстағы рәсімдерге сәйкес АШТӨ несиелерінің мерзімін ұзарту мәселесін қарастыру АШТӨ өтімдердің түсуіне жеке-жеке жұмыс тәртібінде жүргізіледі.
Қазіргі кезде кейбір АШТӨ «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ
1,9 млрд. теңге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ – 36,3 млн. теңге сомасына алынған қарыздарының мерзімін ұзарту мәселесі бойынша арыздануды жоспарлауда. «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ (бұдан әрі – Корпорация) мерзімін ұзартуға қатысты өтінім түскен жоқ.
Корпорациямен ағымдағы жылы бидай және арпаны форвардты сатып алу бағдарламасы аясында 13,0 млрд. теңгеге қаржыландырылды.
Кәзіргі уақытта форвардтты сатып алу келісім шарттары бойынша АШТӨ міндеттерінің орындалу мерзімін ұзартуға әлі ерте, өйткені орындау мерзімдері әлі келген жоқ (2014 жылдын 1 желтоқсанында бітеді).

«Елімізде элеватр жетпейді» деп айта-айта журналистер де, шаруа да шаршадық. Сіз, Асылжан Сарыбайұлы осы мәселені шешудің бірден-бір шешімі – моно тұқымдар егу деп айтқан едіңіз. Бірақ, үйренген шаруа, осы бидайдан кететін түрі жоқ. Және өз қаражатына элеватр салуға да мүмкіншілігі жоқ. Енді осы элеватр жетіспеушілігі мәңгілік проблема болып қала бермек пе?

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының деректеріне сәйкес а.ж. 1 қарашадағы жағдай бойынша 13,5 млн. га алқаптан алғашқы салмағында 16,8 млн. тонна астық бастырылды. А.ж. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша өткен жылдардың астық қалдығы 3,8 млн. тонна көлемде болатын.
Бүгінгі күні республикада жалпы сақтау сыйымдылығы 14,1 млн. тонна 215 астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істейді. Егін жинау науқанының басынан бастап 2014 жылғы 31 қазанға дейін астық қабылдау пункттеріне 5,5 млн. тоннаға жуық жаңа егін астығы келіп түсті, соның ішінде бидай – 4,8 млн. тонна (жұмсақ – 4,6 млн. тонна, қатты – 0,2 млн. тонна), арпа – 0,5 млн. тоннаға жуық, өзге де дақылдар – 0,2 млн. тонна.
Осылайша, жиналған астықты сақтау үшін (өтпелі қалдықтарды ескергенде) қолда бар сақтау сыйымдылықтары жеткілікті.
Астық қоймаларының құрылысын салуға және қайта құруға қатысты
«ҚазАгроҚаржы» АҚ (бұдан әрі – ҚАҚ) және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы қаржыландыру жолымен ағымдағы жылда жалпы сыйымдылығы 46,0 мың тоннаны құрайтын 3 астық сақтау қоймалары пайдалануға берілді (Ақмола облысында: «ХПП Арна» ЖШС (30,0 мың тонна) және «Зухра» ЖШС (6,0 мың тонна); Солтүстік Қазақстан облысында: «Заградовское» ЖШС (10,0 мың тонна)), ағымдағы жылының соңына дейін жалпы сыйымдылығы 149,0 мың тоннаны құрайтын тағы 6 астық сақтау қоймаларын пайдалануға беру жоспарлануда (Ақмола облысында: «АФ Родина» ЖШС (20,0 мың тонна), «Шанырак Р» ЖШС (12,0 мың тонна), «Алтэко Агро» ЖШС (6,0 мың тонна); Қостанай облысында: «Olzha Storage» ЖШС (40,0 мың тонна); Солтүстік Қазақстан облысында: «Маслодел Петропавловск» ЖШС (56,0 мың тонна), «Classic Agro» ЖШС (15,0 мың тонна)).
Сондай-ақ қазіргі кезде ҚАҚ мақұлданған және 2015 жылда жалпы сыйымдылығы 178,0 мың тоннаны құрайтын астық сақтау қоймаларын салу бойынша 11 инвестициялық жобалар жүзеге асырылатын болады (Ақмола облысында: «Ирченко элеватор» ЖШС (40,0 мың тонна), «Актан-Агро» ЖШС (18,0 мың тонна), «EL GRANO» ЖШС (13,5 мың тонна), «BLIC TERMINAL» ЖШС (10,0 мың тонна); Шығыс Қазақстан облысында: «Лазарев и К» ЖШС (10,0 мың тонна); Қостанай облысында: «Зернопогрузочный терминал Темте» ЖШС (18,0 мың тонна), «Угольный тупик» ЖШС (12,0 мың тонна); Павлодар облысында: «КХ Ай-Агро» ЖШС (5,0 мың тонна); Солтүстік Қазақстан облысында: «Ильичевка Астык» ЖШС (29,0 мың тонна), «Classic Agro» ЖШС (15,0 мың тонна), «Акселеу» ЖШС (7,5 мың тонна)).
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстарының бір бөлігінің орнын толтыру бойынша инвестициялық субсидиялау бағдарламаның жүзеге асыру аясында астық сақтау қоймалары үшін технологиялық құрал-жабдығын сатып алудың шығыстарын 20% өтеуі жақсы ынталандыруымен болып табылады.
«Агробизнес – 2020» бағдарламасына сәйкес 2017-2020 жылдар аралығында Азық-түлік корпорациясымен 350,0 мың тонна көлемінде негізгі экспорттық бағыттарда астық терминалдарын салу және қолданыстағы астық қоймаларын жаңғырту жоспарлануда. Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық және қаржы-экономикалық негіздемелерді дайындау, сондай-ақ инвестициялық жобаларды бірігіп іске асыру үшін стратегиялық серіктестерді іздеу жүргізіледі.

Қар астында қалған бидайды жинап, кептіріп, сақтағанға бүгінде шүкір деп жатырмыз. Кептірілген бидайдың сапасы ба, бағасы да төмендейтіні түсінікті. Одан қиыны кепкен бидайдан келесі жылға тұқым алу мүмкін емес. Келесі жылы диқаншылар тұқымсыз қалса, мемлекеттен көмек күте алады ма?

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының деректері бойынша а.ж. 31 қазандағы жағдай бойынша 2015 жылғы өнімге 2059,7 мың тонна көлемде дәнді дақылдар тұқымының қажеттілігі кезінде 1790,8 мың тонна немесе 87 % тұқым құйылды.
Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар облыстарында тұқым қажеттілігінен 100 % құйылды. Жоспарланған көлемнен 80 % астамы Карағанды (98%), Жамбыл (86%), Алматы (97%), Оңтүстік Қазақстан облыстарында (97%), 70% астамы – Солтүстік Қазақстан (73%) және Қостанай облыстарында (79%) құйылды. Ақтөбе облысында жоспарланған көлемнен 67%, Батыс Қазақстан облысында – 70% құйылды.
Тұқымның жетіспеушілігі 78,5 мың тонна көлемде (Қостанай облысында – 60,0 мың тонна, Ақтөбе облысында – 15,3 мың тонна, Батыс Қазақстан облысында – 3,2 мың тонна) күтілуде, бұл облыстық өздерінің ресурстарының және облысаралық аумастыру, сол сияқты мемлекеттік тұқым ресурстар есебінен толықтырылатын болады.
Қазіргі уақытта «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-да (бұдан әрі – Корпорация) мемлекеттік тұқым ресурстарында 1,9 мың тонна тұқым бар, сонымен қатар тұқым ресурстарын пайдаланудан түскен 1,6 млрд. тенге ақшалай қаражат бар, оның есебінен тұқым жетіспеушілігі бар облыстар үшін 24 мың тонна бидай тұқымын сатып алу мүмкіндігі бар.
А.ж. 27 қазанында Ауыл шаруашылық министрлігінде селекторлық кеңес өтті, оның қорытындысы бойынша 2015 жылғы өнімге тұқымды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралардың жоспары әзірленді. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының әкімдіктеріне АШТӨ тұқымдық мақсатқа жарамды астықты кері сатып алу жағдайында Корпорация және облыстық әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларның (ӘПК) қаражаты есебінен сатып алу механизмін пысықтау ұсынылды.

Биыл күн райының күрт төмендеуі астықты уақытылы орып бітуіне кедергісін тигізді. Ресми дерекке сүйенсек, астықтың 98 % орылып болған дейді. Дегенмен, редакцияға хабарласқан диқаншылардың айтуына қарағанда егілген бидайдың тең жартысы әлі де далада сынды. Бүгінде қанша астықты қамбаға құйып үлгірдік?

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының ү.ж. 4 қарашадағы деректері бойынша 13,6 млн га немесе 91% дәнді дақылдар егістігі орылып бастырылды, 17,0 млн тоннаға таяу астық жиналып, орташа өнімділік 12,5 ц/га құрауда. Майлы дақылдар 967,7 мың га жиналды немесе 43%, көкөніс – 129,2 мың га (95,1%), бақша – 85,9 мың га (97,7%), картоп – 182,6 мың га (97,8%), мақта – 117,2 мың га (92,6%).
Дәнді дақылдардың жиналмаған алқабы 1 348,2 мың га құрайды, оның ішінде Қостанай облысында – 580,2 мың га, Солтүстік Қазақстан облысында – 598,2 мың га, Ақмола облысында – 127,1 мың га.
А.ж. 31 қазанында республиканың астық қабылдау кәсіпорындарында 5,5 млн. тонна астық құйылды, оның ішінде жұмсақ бидай – 4,6 млн. тонна, қатты бидай – 0,2 млн. тонна, арпа – 0,5 млн. тонна, басқа дақылдар – 0,2 млн. тонна. Құйылған жұмсақ бидайдың 3,6 млн. тоннасы 2 және 3 сыныпты болып табылады немесе 78,8%, 0,45 млн. тонна – 4 сынып (9,9%), 0,3 млн. тонна – 5 сынып (6,8%), 0,2 млн. тонна – сыныпсыз (4,5%).
Құйылған астықтын 1,9 млн. тоннасының ылғалдығы 14,5% дейін болып табылады немесе құйылған астықтын 34,6%, 0,9 млн. тоннасы – 14,6-17,0% немесе 17,2%, 1,1 млн. тоннасы – 17,1-20,0% немесе 20,1%, 1,5 млн. тоннасы 20,0% жоғары немесе 28,1%. Кептірілгені – 2,7 млн. тонна, әзірленгені – 3,2 млн. тонна.

Қазақстанға сырттан жеткізілетін азық-түліктердің сапасына тексеріс жұмыстары өз деңгейінде жүргізіледі ме?

Қазақстанға Кеден одағы мемлекет мүшелеріне әкелінетін ветеринариялық қадағалауға жататын тауарлар Кеден одағының сыртқы шекарасынан өткізу кезінде ветеринариялық бақылаудан өтеді. Біріншіден, құжатнамалық тексеру жүргізіледі. Яғни, Кеден одағының қадағаланатын тауарларға қойылатын талаптарды орындайтын құжаттардың толықтылығы (ветеринариялық рұқсатнаманың, ветеринариялық сертификаттың болуы, олардың талаптарға сәйкестігі) тексеріледі. Құжаттар толық болмаған жағдайда немесе талаптарға сәйкес келмеген кезде өнімдер импорттаушы елге қайта жіберіледі. Кейін құжатнамалық тексерістен өткен өнімдерге тексеріс жүргізіледі. Бұл кезеңде өнімнің қапталынуына, сапасына, көзге көрінетін өзгерістерге (өнімнің бүлінуі сияқты) назар аударылады. Осы процедурадан сәтті өткен өнімдер Кеден одағына шектеусіз кіргізіледі. Ал егер де көзге көрінетін өзгерістер байқалса, өнімдер зертханалық зерттеуге жіберіледі. Зертханалық зерттеу өткізу үшін өнімдерден сынама алынып, ветеринариялық зертханаларға жөнелтіледі. Зертханалық қорытындының негізінде өнімнің сапасы сай болған жағдайда Кеден одағының аумағына өткізу, ал сәйкес болмаған жағдайда импорттаушы елге қайтару шешімі қабылданады. Егер қадағаланатын тауарлардың талаптарға сәйкессіздігі анықталса, өндіруші кәсіпорынға не уақытша шектеу режимі, не күшейтілген зертханалық зерттеулерден өткізу тәртібі орнатылады. Осы тәртіп орнатылса, әкелінетін партиялардан зертханалық зерттеулерді жүргізу үшін 10 рет қатарынан сынамалар алынады да, зертханалық қорытындының негізінде тиісті шешім қабылданады.

Еліміздің маңызды азық-түліктермен қамтамасыз етудеңгейі қаншалықты? Азық-түліктің қай түрі республикада тұрғындарының сұранысын қанағаттандырып отыр?

Қазіргі уақытта отандық ауыл шаруашылығы саласы ауыл шаруашылығы өнімдерінің азықтық бидай, күріш, жармалық және көкөніс–бақшалық дақылдар, картоп, ет, сүт және жұмыртқа секілді негізгі түрлері бойынша ішкі нарықтың тұтынуын толығымен қамтамасыз етеді. Жалпы айтқанда, азық-түліктің барлық негізгі түрлері бойынша ішкі тұтынудағы отандық өндірістің үлесі 80 %-дан астам Бұл тізімге тек алма (51,4%), құс еті (39,2%), шұжық өнімдері (57%), сары май (64,2%), ірімшік және сүзбе (46,5%), қант (39,5%), балық (64,4%) кірмей отыр. Осыған байланысты, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық өндірушілерді қолдау мен аграрлық өнімдер өндірісін арттыру бойынша жұмыс жүргізуде, атап айтқанда өсімдік шаруашылығында гербицидтер, жанар-жағармай, тыңайтқыштар сатып алуға жұмсалатын шығындар және мал шаруашылығында асылдандыру жұмыстары, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру субсидияланады, сондай-ақ ветеринарияда мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар қызметті қалпына келтіріліп, іс-жүзінде тиімсіз және кейбір жағдайларда зиянды болған бірқатар рәсімдер қысқартылды. Жағдайды түбегейлі өзгерту мақсатында және ағымдағы мәселелерді шешу үшін «Агробизнес-2020» салалық бағдарламасы әзірленіп, бекітілді. Бағдарламада ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктерін енгізу көзделіп отыр, атап айтқанда: АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру, басым жобаларға арналған инвестициялық субсидиялар, несие бойынша пайыздық ставкаларды төмендету және тағы басқалары. Бұдан басқа, Бағдарламамен ветеринариялық және фитосанитариялық жүйелерді одан әрі жетілдіру, оларды халықаралық стандарттармен ықпалдастыру, аграрлық ғылымды, АӨК-дегі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін дамыту, АӨК субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету, оларға мемлекеттік қызметтер көрсету секілді жағдайлар қарастырылып отыр. Нәтижесінде 2020 жылға қарай ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің адам басына шаққанда 4,2 мың АҚШ долларынан 9 мың АҚШ долларына дейін артуы, сондай-ақ азық-түлік өндірісінің 833 млрд. теңгеден 1 триллион 55 млрд. теңгеге дейін өсуі күтілуде. Осы аталған барлық шараларды толығымен жүзеге асырған жағдайда, азық-түліктің барлық негізгі түрлері бойынша ішкі тұтынудағы отандық өндірістің үлесін 90% жеткізуге болады.

Ауылды жерлерде кооперацияны жетілдіру мақсатында қандай шаралар жүзеге асуда?

Кооперацияны жетілдіру мақсатында мемлекет тарапынан бір қатар шаралар қабылданған. Қазіргі уақытта республикада кооперативтердің барлық түрлерін ұйымдастыру және дамыту саласындағы қатынастарды реттейтін заңнамалық база қалыптасқан. Осылайша қолданыста «Қазақстан Республикасында Ауылдық тұтынушылық кооперация туралы», «Ауылшаруашылық серіктестіктері және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы», «Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы», «Өндiрiстiк кооператив туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары бар. Бұдан басқа, Салық кодексінің 448 бабына сәйкес ауылдық тұтыну кооперативтеріне (АуылТК) корпоративтік табыс салығының, әлеуметтік салықтың, жер салығының, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының, мүлік салығының, көлік құралдары салығының бюджетке төленуге жататын сомалары 70 пайызға азайтылған шарттарды қарастыратын арнайы салық режимін пайдалануға мүмкіншіліктері бар. Сондай-ақ, кооперацияны мемлекет тарапынан ынталандыру шаралары жүзеге асырылуда. Мәселен 2006 жылдан бастап ауылдық тұтынушылық кооперативтерге негізгі құралдарды және технологиялық жабдықтарды сатып алуға, сонымен қатар айналымдағы қаражатты толықтыруға 7 жылға дейін 5% мөлшерлемесімен жеңілдетілген несие беру жүзеге асырылуда. Несие беру кезеңінің басынан бастап, республика бойынша 140 ауылдық тұтынушылық кооперациялары 11 187,6 млн.теңгеге несиелендірілген болатын, оның ішіне 1 638 ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер және 3 482 жеке аула шаруашылықтары. Бұдан басқа, кооперацияны ынталандыру үшін 2009 жылдан бастап Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың қатысуымен СДО деп аталатын сервистік дайындау орындарын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Көрсетілген мақсаттарға республикалық бюджеттен 5,6 млрд.теңге бөлінген. Агроөнеркәсіп кешені субъектілерін несиелеудегі пайыздық мөлшердің бағасын төмендету және 2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникалары мен құралдарымен қамтамасыз ету туралы ережесінде екінші деңгейлі банктермен берілетін несиелерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында СДО және АуылТК субсидия алушылар қатарына қосылды. Қазіргі кезде кооперацияны бұдан әрі жетілдіру мақсатында ауылдық кооперативтерді мемлекет тарапынан қолдау шаралары қарастырылатын заң жобасы әзірленуде. Бұдан басқа, АуылТК-ларды құрудың және жұмыс істеуінің тиімді нұсқасын әзірлеу мақсатында, қазіргі кезде, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарда пилоттық жобалар құру жоспарланған.

«Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі қандай?

Жақында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту «Агробизнес-2020» бағдарламасы қабылданды. ҚР Премьер-Министрінің кезекті Үкімет отырысында берілген тапсырмасына сай бағдарламаны жүзеге асыру бойынша мастер-жоспарлар әзірленді. Қазіргі таңда мастер-жоспарлар құрамына ауыл шаруашылығымен айналысатын барлық қоғамдық бірлестіктер кіретін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Іскерлік кеңеспен келісілуде. Сондай-ақ, жақын арада ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін мемлекеттік қолдау механизмдерін түсіндіру бойынша Астана және Алматы қалаларының, облыс әкімдерінің қатысуымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің төрағалығымен Алқа отырысының өткізілуі жоспарланып отыр. Мемлекеттік қолдаудың қаржылық шаралары бойынша субсидиялаудың келесідей ережелері әзірленуде: «АӨК субъектілерін қаржылай сауықтандыру үшін субсидиялаудың қаржылық институттардың несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің ережелері»; «АӨК субъектілерінің заемдарын сақтандыру және кепілдендіру бойынша ережелері»; «Екінші деңгейлі банктерді қорландыру бойынша ережелер»; «АӨК субъектілерін инвестициялық қолдау бойынша ережелер»; «Ауыл шаруашылығы техникасын лизингтеудің субсидиялау ережесі»; «Ауыл шаруашылығы шикізатын сатып алуын жүзеге асыратын қайта өңдеу кәсіпорындарының шығындарын субсидиялаудың ережесі»;

Биылғы жылдың егіс науқандары қандай бағыттар бойынша орындалмақ?

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының алдын ала деректері бойынша республика бойынша 2013 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 21,4 млн. га алқапта орналастыру жоспарланды, бұл 2012 жыл деңгейден 0,2 мың га немесе 0,9% кем. Көктемгі егіс алқабы 18,5 млн. га құрайды, бұл өткен жылғы деңгейден 0,4 млн. га немесе 2,2% кем. Дәнді дақылдар 15,8 млн. га орналастырылады, оның ішінде бидай – 13,0 млн. га. Бидай алқабын 2012 жылғы деңгейден 472,1 мың га (3,6%), күрішті – 5,7 мың га (6,1%), қысқатру күтіледі. 2013 жылы майлы дақылдардың алқабы 1,9 млн. га жетеді, бұл өткен жылғы деңгейден 43 мың га артық, мақта – 146,4 мың га (1,4 мың га кем), қант қызылшасы – 11,2 мың га (7,9 мың га кем), көкөнісбақша дақылдары және картоп – 389,9 мың га (9,7 тыс. га кем), мал азығы дақылдары – 3,1 млн. га (265,0 мың га артық). ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстардың әкімдіктерімен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге дизель отынына деген қажеттілік шамамен 360 мың тоннаны құрап отырғанын анықтады. Министрлік 2013 жылы көктемгі егіс жұмыстарын өткізуге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизельдік отын литрын 78 теңге көлемінде ұсынып отыр немесе МӨЗ-нан тоннасына 93975 мың теңге. Жалпы аймақтарда операторлардың тасымалдау және шығындар есебімен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынының орташа бағасы шамамен литрына 90 теңгені құрап отыр. Бұл көрсеткіш нарықтық бағадан 10-12 %-ға (102 теңге/литр) төмен екенін айтып кеткен жөн.

Шетелдерден тағы да мал сатып алына ма?

– Үкіметтің «Сиыр етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын жүзеге асыру аясында жеке кәсіпкерлер шетелден асыл тұқымды малды әкеліп жатыр. Ағымдағы жылы өзге мемлекеттерден шамамен 14 000-дай ірі қара мал сатып алу жоспарлануда. Малды әкеліп жатқан жеке бизнес, ол Министрлік те, КазАгро да емес. Бұл жерде айта кететін жәйт: малдың сырттан әкеліп жатқаны мәжбүрлі шара. Өйткені тауарлы малымыздың генетикасын арттыру үшін еліміздегі бар асыл тұқымды малымыздың саны жетіспейді.

Елбасы дағдарыс кезінде Ұлттық қордан 10 млрд. доллар алынып, ел экономикасына салғанымен оның мерзімінде қайтарылмағанын ескертті. Үкімет басшысының орынбасары Қ.Келімбетовтың айтуынша мұның 1 млрд. доллары «Қазагроға» берілген екен. Бұл қаржы қайда, қорға нақты қашан құйылады?

– Қайтаратын мезгілі әлі жеткен жоқ, белгіленген мерзім – 2024 жыл. Ұлттық қордың қаржысы 15 жылға берілген. Қызығы 2009 жылы «Қазагроға» 120 млрд теңге түскен кезде тура сол күні доллардың курсы 120-дан 150-ге дейін өсіп кетті. Сонда бір түнде 200 миллион долларды «қосып» алынды. Қомақты соманың барлығы инвестициялық бағдарлама бойынша жұмсалуы керек. Алайда, бір жылда миллиардтаған теңге салатын жобаны қайдан табасыз? Шындығында қазір оның жартысынан астамы инвестициялық жобаларға кірді. Қалғанын өзгелер секілді депозитке салып қойып, қаржының үстінде отыруға да болатын еді. Аталмыш қаражат қайта айналмалы капиталға салынып, алдымен көктемгі егіс жұмыстарына таратылды да, қыста аздаған өсімімен қайтара жиналды. Екінішіден, 2009 жылы 5 миллион тонна, 2011 жылы тағы да 5 миллион тонна бидай нарықтағы құнынан жоғары бағаға қабылданды. Егер сол кезде он миллион тонна бидай сатып алынбаса демпинг болатын еді, баға мүлде түсіп кетіп шаруалар банкротқа ұшырайтыны анық. Бүгінде сол астық қайтадын сатылып, қаржы орнына келіп жатыр. Қаржы осылайша екі рет айналып, берілген 120 млрд теңге есебінен ауыл шаруашылық саласына құйылған қаржы шамамен 250 млрд теңгеге дейін көбейтілді. Уақыты мен кестесіне сәйкес бұл қаражат Ұлттық қорға қайтадан қайтарылады.

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus