Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек ардагерлері марапатталды

Ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек ардагерлері марапатталды

Еңбек күніне орай Ауыл шаруашылығы министрлігінде мерекелік шара өтті. Іс-шара барысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков сала қызметкерлерді ведомстволық наградалармен марапаттады.
Ауыл шаруашылығы саласының дамуына елеулі үлес қосқан аграрлық сала қызметкерлері «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
«Жасыл Аймақ» РМК Қызылжар орманшылығы орманшысының көмекшісі Абай Ағубаев салада 41 жыл қызмет етуде. Өз еңбек жолын 1973 жылы орман күзетшісі қызметінен бастаған. Абай Қостайұлы екінші буындағы орман өсіруші, Астана маңындағы жасыл аймағын құрушылардың бірі.
Сағынтай Жұмажанұлы, «КазАгроИнновация» АҚ «Агрогөнеркәсіп кешеніндегі экономикалық саясатты талдау орталығы» ЖШС жетекші сарапшысы. Қызмет жолын 1969 жылы «Рассвет» ауылында агроном-тұқым өсірушісінен бастап, Жаңаарқа ауданының бірінші орынбасарына дейін жеткен. Сондай-ақ, көп жылдар бойы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агротехникалық саясат басқармасын басқарған. «Агробизнес-2020» салалық бағдарламасын және «Астық нарығын тұрақтандыру» шебер-жоспарларын әзірлеуде белсенді ат салысқан.
Мейрамбек Мусин – Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясына қарасты Май ауданы аумақтық инспекциясының бас маманы ветеринарлық салаға 30 жыл арнаған.
Зоя Токмурзина «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжау әдістемелік орталығы» РМК фитопатология бөлімін басқарады. Саладағы қызмет өтілімі 35 жыл.
Іс-шара барысында «Мемлекеттік тіл және отбасы» конкурсының ақтық сыны өтті. Жеңімпаздарға диплом, алғыс хаттар мен сый сертификаттары тапсырылды.
Анықтама:
2014 жылдың II тоқсанында ауыл, орман және балық шаруашылығында 8,6 млн. адамнан аса қызмет етеді.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2013 ж. қорытындысы бойынша 2,4 трлн. теңгені құрады, бұл 2012 ж. деңгейінен 11,7% жоғары. Негізгі өсім – өсімдік шаруашылығындағы өндірістің ұлғаюымен (20,7%) байланысты. Мал шаруашылығы өнімінің көлемі 2013 жылы 2,4%-ге өсті.
2013 жылы ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі номиналды түрде 755,9 мың. теңгені құрады, бұл 2008 жылмен (360,1 мың. теңге) салыстырғанда 2 есе артық.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus