Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар «Егінжай» бағдарламасы бойынша көктемгі-дала жұмыстарын несиелендіру басталды

«Егінжай» бағдарламасы бойынша көктемгі-дала жұмыстарын несиелендіру басталды

«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниясы – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры – «Егінжай» бағдарламасы бойынша агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне көктемгі дала жұмыстарына несиелерді бере бастады. 
Бағдарлама 2010 жылы ашылып, шағын жер телімдері бар фермерлік шаруашылықтар, шаруа қожалықтары, жеке азаматтарды қолдауға бағытталған. Үш жылдың ішінде Ауыл шаруаышылығын қаржылай қолдау қоры 2,7 млрд. теңгеге 1 мыңнан астам жобаны өз қаражатынан қаржыландырды. Сонымен қатар, тартылған қаражаттан мақта өсіретін ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне «Ырыс» шағын несие ұйымы» арқылы 1 млрд. теңге бөлінді.
 
АӨК субъектілерін қолдау келесі талаптармен жүзеге асырылуда: несиенің сомасы – 6 млн. теңгеге дейін, жылдық сыйақы үстемесі – 9,5%, тиімді сыйақы үстемесі – 10,2% дейін. Несиені қайтару екі астықты сатудан кейін қарастырылған, бұл ауыл шаруашылық тауар өндірушілері үшін өте маңызды жеңілдік. 
 
Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы шаруалар жақын арада егістік науқанды бастауға дайын. Қордың Оңтүстік Қазақстан филиалы «Егінжай» бағдарламасы бойынша наурыздың бірінші күндері 8,5 млн. теңгеге 2 жобаны қаржыландырып, тағы 2 өтінімді қарастыруда. Ағымдағы жылы облыста көктемгі-дала және күзгі жиын-терім жұмыстарына 50 млн. теңге бағытталады деп жоспарланды. 
 
Жалпы 2014 жылы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры тарапынан көктемгі-дала және күзгі жиын-терім жұмыстарына 1,6 млрд. теңге бөлінеді деп жоспарланған. 
 
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы – «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін мамандандырылған қаржы-несиелік ұйымы болып табылады. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің  банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар. Қордың негізгі міндеті – қаржылық қызметтер мен ресурстарға ауыл тұрғындарының қол жетімділігін арттыру.
 
14.03.2014
www.kazagro.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus