Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Елімізде көктемгі егіс науқаны басталды

Елімізде көктемгі егіс науқаны басталды

Биыл 21 жарым млн. гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары себілмек. Дәнді дақылдар 15 млн. гектарға егілсе, оның 12 миллионына бидай себіледі.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Сапархан Омаров мәлімдеді.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізетін шаруаларды қаржыландыру мақсатында 60 млрд. теңге көлемінде жеңілдетілген несие бөлінді.

Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 20 млрд-қа артық. «Диқандар дизель отынынан да тапшылық көрмейді», – дейді мамандар. Көктемгі егіс науқанына арзан бағамен 370 мың тоннаға жуық жанармай жеткізілмек.

Егін бітік шықса, 7 млн. тонна бидай экспорттау жоспарланған. Былтыр 5 млн. тоннадай өнім шетелге сатылды. «Былтыр іске қосылған Қазақстан-Түрікменстан-Иран халықаралық теміржолы экспорт көлемін екі есе ұлғайтуға мүмкіндік береді», – дейді вице-министр.

Сапархан Омаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары

-2014 жылғы деңгеймен салыстырғанда, бидай алқабы 235 мың гектарға, күріш алқабы 8,5 мың гектарға қысқаруы күтіліп отыр. Соның арқасында дәнді-жемдік, бұршақты және жарма дақылдарының алқабы 104 мың гектарға ұлғаятын болады. Былтырғы алынған астықтан биылғы астықтың көлемі кем болмайды деп есептейміз.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus