Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның оңтүстігінде егін егу науқаны басталды

Қазақстанның оңтүстігінде егін егу науқаны басталды

2015 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 21,5 млн. га алқапқа орналастырылмақ. Көктемгі егіс алқабы 18,5 млн. га құрайды, дәнді дақылдар 15,2 млн. гектарға, оның ішінде бидай 12,2 млн. гектарға орналастырылады.
Өсімдік шаруашылығын әртатаптандыру бойынша жұмысты күшейту мақсатында Министрлік бірқатар шаралар қабылданды. Атап айтқанда, бидай өндірісін субсидиялау нормалары қысқартылды, осы, сондай-ақ қосымша бөлінген қаражат есебінен өзге басым дақылдарға көтеріңкі субсидия нормативтері белгіленді. Биыл бидай алқаптары 235 мың гектарға (2%), күріш – 8,5 мың га (9%) қысқартылуы күтілуде. Соның есебінен дәнді-жемдік, бұршақты және жарма дақылдарының алқабы 104 мың га (4%) ұлғаятын болады. Майлы дақылдарды 2,2 млн. га, жемшөп дақылдарын өткен жылғы деңгейден 349 мың га ұлғайта отырып, 3,7 млн. га жуық алқапта орналастыру көзделуде.
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуді қаржыландыру
Ағымдағы жылы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге шаруаларды одан әрі несиелендіруге 60 млрд. теңге көлемінде бюджеттік несие бөлінді, бұл былтырғы жылғы деңгейден 20 млрд. теңгеге артық. Бұл қаражат қарыз түрінде екінші деңгейлі банктер мен Азық-түлік келісім-шарт және Аграрлық несие корпорацияларына жолданды.
20 наурыздағы жағдай бойынша ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерге 15,7 млрд. теңге берілді, оның ішінде бюджеттік несие есебінен – 13,1 млрд. теңге, бюджеттен тыс көздер есебінен – 2,6 млрд. теңге. Азық-түлік келісім шарт корпорациясы жүзеге асыратын бидай мен арпаны форвардты сатып алуға 8,0 млрд. теңгеден астам сомаға өтінімдер қаржыландырылды.
Бұдан басқа өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялауға ағымдағы жылы 78,2 млрд. теңге бағытталады. Оның ішінде 34,7 млрд. теңге – басымды дақылдар өндірісін субсидиялауға, 27 млрд. теңге – минералды тыңайтқыштар мен гербицидтердің құнын арзандатуға, 6 млрд. теңге – ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша өтемақы мөлшерлемесін арзандатуға, 3,4 млрд. – көкөніс-жеміс дақылдарын және жүзімді отырғызуға және өсіруге.
Тұқыммен ЖЖМ-мен қамтамасыз ету
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының деректері бойынша 2015 жылғы өнімге 2,2 млн. тонна тұқым құйылған, бұл қажеттіліктің 94% құрайды. Бұл ретте Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 162,5 мың. тонна көлемінде дәнді дақылдар тұқымының тапшылығы болды. Аталмыш тапшылық облысішілік, облысаралық алмасу және бидайды форвардтық сатып алу бағдарламасы есебінен 100% толтырылды.
А.ж. 10 наурызға Казагрэкс филиалдарына 1,4 млн. тонна дәнді дақылдар тұқымы тексеруге түсіп, 1,3 млн. тоннасы немесе 89% тексерілді, оның 1,2 млн. тоннасы немесе тексерілгеннің 96% сапалы болып шықты.
2015 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қажетті дизель отынының көлемі 366 мың тонна мөлшерінде айқындалды. Ақпан-наурызға баға тоннасына 82 мың теңге деңгейінде бекітілді (салыстырып айтсақ, жанармай құю стансаларындағы нарықтық баға литріне 99 теңге болғанда бекітілген баға литріне 69 теңге шамасында болып отыр, операторлардың шығындарын ескергенде аймақтарда АШТӨ үшін дизель отынының орташа бағасы литріне 81 теңгені құрайды).
Қаңтар-наурызға 147 мың тонна дизель отынын жеткізу жоспарланған. Облыс операторлары 75 мың тонна дизель отынына (қаңтар-наурызға жоспарланғаннан 51%) төлем жасады, жеткізушілер 65 мың тонна дизель отынын (44%) тиеп жөнелтті.
2015 жылдың басына республикада 154 мың трактор, 90 мың дәнсепкіш, 334 мың топырақ өңдеу құралы, 5 мың бүріккіш, 3,4 мың заманауи жоғары өнімді себу кешені бар. Олардың дайындығы 86-93 пайыз шамасында бағаланып отыр. Жалпы республика бойынша ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы өткен жылдың деңгейінде.
ҚР Гидрометқызметінің деректеріне сай жалпы республика бойынша қар жамылғысының биіктігі Ақмола және Қостанай облыстарынан басқа облыстарда былтырғы жылмен салыстырғанда жоғары болуда. Нәтижесінде, пайдалы ылғал қоры көктемгі дала жұмыстарының басталар кезінде барлық аймақтарда топырақтың метрлік қабатында қанағаттандырарлық және оңтайлы.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus