Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар «Бүкіл қазақстандық орман отырғызу күні» 1 млн. астам ағаш пен көшет отырғызу жоспарлануда

«Бүкіл қазақстандық орман отырғызу күні» 1 млн. астам ағаш пен көшет отырғызу жоспарлануда

Баспасөз хабарламасы
15.04.16 ж                                                                                                              Астана қ

«Бүкілқазақстандық орман отырғызу күні»
1 млн. астам ағаш пен көшет отырғызу жоспарлануда

Ағымдағы жылы «Бүкілқазақстандық орман отырғызу күні» акциясы 16 сәуірде өтеді. Акция аясында 1 млн.-нан астам ағаш пен көшет отырғызу жоспарланып отыр.
Аталмыш шараға табиғат қорғау мекемелері, мемлекеттік орман иеленушілер, республикалық және жеке меншік кәсіпорындар, сондай-ақ, еліміздің көптеген облыстарындағы жастар ұйымдары тартылатын болады.
Сондай-ақ, бұл күні «Жасыл белдеу» шеңберінде Астана қаласының 1400 га алаңында ағаш отырғызу жұмыстары басталады.

Анықтама: Елімізде үшінші жыл қатарынан сәуірдің үшінші сенбісінде «Бүкілқазақстандық орман отырғызу күні»  акциясы өткізіліп келеді. Елдімекендерді көгалдандыру бойынша, 2015 жылы аталмыш шараға 391 мың адам қатысып, миллионға жуық түп ағаш пен көшет отырғызылған болатын.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
minagripress@gmail.com
Контакты: +7(7172)555765

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика