Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар VIII АЭФ шеңберінде азық-түлік қауіпсіздігі проблемалары талқыланды

VIII АЭФ шеңберінде азық-түлік қауіпсіздігі проблемалары талқыланды

images (3)Азық-түлік қауіпсіздігі проблемаларын 8-ші Астана экономикалық форумы шеңберінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Панельдік сессиясының қатысушылары талқылады.
Біріккен ұлттар ұйымы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) әдістемесі бойынша азық-түлік қауіпсіздігінің 4 элементі бар: азық-түлік тәуелсіздігі, транспорттық-логистикалық және қойма инфрақұрылымының болуы, азық-түліктердің экономикалық қол жетімділігі, азық-түлік өнімінің қауіпсіздігі.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков атап өткендей, азық-түлік қауіпсіздігі іс жүзінде азық-түлік өндірісі ғана емес, жалпы экономиканың дамуының жағдайын білдіреді.
Бұл жағдайда Қазақстанның ауыл шаруашылығы оң үрдіске ие. Жалпы өнімнің ортақ көлемі соңғы 5 жылда 1,5 астам есеге өсті және 2014 жылдың қорытындысы бойынша 13,5 млрд. АҚШ долларын (2,5 трлн. теңгені) құрады.
Техникалық және технологиялық қайта жарақтануға, қаржылық ресурстардың қол жетімділігін арттыруға, агробизнесті тиімді жүргізуге бағытталған «Агробизнес-2020» бағдарламасы іске асырылуда. Қабылданып жатқан шаралар өнімнің өзіндік құнын төмендету, сапаны жақсарту және ауыл шаруашылығы тауарларының бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату мүкіндігін береді. АӨК өнімінің экспорты соңғы 5 жылда 1,5 есеге өсті және 2014 жылдың қорытындысы бойынша 2,6 млрд. АҚШ долларына жетті.
Біріккен ұлттар ұйымы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) бағалауы бойынша әлемде аштық көлемі қысқаруда. Алайда, ФАО 2012-2014 жылдардағы деректері бойынша әлем үшінші елдер мемлекеттерінде үнемі дұрыс тамақтанбаудан 805 млн. адам зардап шегуде.
Қазақстанда ішкі тұтынудағы азық-түліктің негізгі өнімдерін өндіру деңгейі 80% құрайды. Бүгінгі таңда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2020 жылға дейін еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету Концепциясының жобасын әзірлеуде.
Елдің жоғары азық-түлік деңгейіне жетіп, Қазақстан бүкіл әлемде азық-түлікпен қамтамасыз етудің деңгейін жоғарлатуда. 2011 жылы Қазақстан Ислам ынтымақтастығы ұйымы шеңберінде азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Ислам ұйымын құру туралы бастама жасады.
Панелдік сессияға ФАО бас директоры Жозе Грациану да Сильва, халықаралық ауыл шаруашылығы даму қорының вице-президенті (ИФАД) Мишель Мордасини, Беларусь Республикасының ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрінің орынбасары Людмила Нижевич, ҚР Ауыл шаруашылығы ғылым академиясының президенті Ғани Қалиев, ҚР Парламент Мәжілісінің аграрлық мәселелер комитетінің Төрағасы Ромин Мәдинов қатысты.
Панелдік сессияға қатысушылар республикада азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шараларды күшейтуді ұсынды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus