Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Минералды тыңайтқыштардың бағасын арзандату үшін 14,5 млрд. теңге бөлінді

Минералды тыңайтқыштардың бағасын арзандату үшін 14,5 млрд. теңге бөлінді

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

24.05.16 ж.                                                 Астана қ.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов бірінші жұмыс сапарын негізгі астық егетін өңірлерден бастады.

Министр Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесіп, «Еңбек» ЖШС-нің алқаптарын аралады.
Облыс әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармаларымен ұсынылған алдын-ала деректер бойынша ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 21,6 млн. га алқапта орналастыру жоспарлануда, бұл 2015 жылдың деңгейінен 0,4 млн.га көбірек.

Республикадағы көктемгі егіс аумағы 18,4 млн.га деңгейде болжануда. Ағымдағы жылдың 24 мамырдағы жағдай бойынша республикада дәнді дақылдар  7,4 млн. га, майлы дақылдар – 1,4 млн. га, көпжылдық өсімдіктер – 254,4 мың. га, көкөніс-бақша дақылдары – 196,0 мың.га, картоп – 159,4 мың. га, қант қызылшасы – 10,8 мың.га және мақта өсімдігі – 100,7 мың. га алқапта егілді.

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуді қаржыландыруға екінші деңгейлі банктер мен «Казагро» холдингінің еншілес ұйымдары арқылы 60 млрд. теңге бюджеттік несие бөлінді. Осы жылдың 20 мамырына дейін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 36 млрд. теңге, «Азық-түлік келісім шарт» АҚ арқылы форвардтық астық сатып алуға – 9,8 млрд. теңге  және ЕДБ арқылы – 1,4 млрд.теңге көлемінде қаржыландыру іске асырылды.

Бұған қоса, 2014 жылдан бастап ауылшаруашылығы техникасын сатып алған кезде несие және лизингтік мөлшерлеме 7 % көлемінде қаржыланады. Ағымдағы жылы осы мақсатқа 7 млрд. теңге бөлінді.

2016 жылдың 19 мамырдағы жағдай бойынша көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін отандық тауар өндірушілер дизель отынымен  236,1 мың. тонна көлемінде немесе 64%-ға қамтамасыз етілді.

Жер реформасына қатысты сұрақтарды түсіндіру үшін Министр облыстың Қоғамдық кеңес өкілдерімен кездесті. Министр  арнайы құрылған республикалық жұмыс комиссиясымен әзірленген ұсыныстарды бұқара арасында жан-жақты түсіндірудің маңыздылығын атап өтті.

 

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172)55-57-65
E: minagripress@gmail.com  
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus