Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Орталық коммуникациялар қызметінің арнайы брифингісінде Елбасы тапсырмаларының орындалуы туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице министрі Мүслім Өмірияев сөз сөйледі

Орталық коммуникациялар қызметінің арнайы брифингісінде Елбасы тапсырмаларының орындалуы туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице министрі Мүслім Өмірияев сөз сөйледі

Орталық коммуникациялар қызметінің арнайы брифингісінде Елбасы тапсырмаларының орындалуы туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице министрі Мүслім Өмірияев сөз сөйледі.
Вице-министр ү.ж. 11 қазанда өткен кеңейтілген Үкімет отырысында Мемлекет басшысымен көңіл аударылған Министрлік қызметінің бағыттары жайлы, атап айтқанда: тұрақтандыру қорлары, еттің экспорты, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуші кәсіпорындардың өндірістік қуаттылығын жүктеу, сондай-ақ, мемлекеттік субсидиялар туралы хабарлады.
Тұрақтандыру қорларын қалыптастыру кезінде кейбір өңірлерде Үкімет қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне енгізілмеген өнімдер сатып алынған, оларға Алматы және Астана қалалары, Жамбыл облысы жатады. Оған қоса уақытылы сатып алынбауы есебінен өнімдер ұзақ уақыт сақталып, олардың бағасының қымбаттауы байқалған.
Сондай-ақ, бөлінген қаражаттың бір бөлігін екінші деңгейлі банктерге депозитке салып қою жағдайлары да бар. Тұрақтандыру қорларын қалыптастыру мен пайдалану ережелерінде уақытша пайдаланылмаған қаражатты, азық-түлікті сақтау, тасымалдау және басқа әкімшілік шығындарды өтеу үшін депозитке орналастыру мүмкіндігі көзделген.
Бұл ретте тұрақтандыру қорлары қызметін талдау оң нәтижелерді көрсетуде: облыстардың көбінде 2011-2012 жылдары бұрынғы жылдармен салыстырғанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмен болды.
Мұны ескере, қазіргі кезде азық-түлік өнімдерінің тұрақтандыру қорларын қалыптастыру мен пайдалану тәртібін жетілдіру жоспарлануда.
Отандық ет өнімінің көлемін ұлғайту және өзіндік құнын төмендету мақсатында қазіргі уақытта ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасы жүзеге асуда. Бағдарлама бордақылау алаңдарын қажетті бордақылау контингентімен қамтамасыз ету үшін тауарлық табынды қалыптастыруға бағытталған. Бағдарлама 2012 жылдан бастап жүзеге асқанын ескерсек, атқарылған жұмыстардың алғашқы нәтижелерін қазіргі уақытта ғана алудамыз.
60 000 мың тонна сиыр етінің экспорты ол 120 000 малға арналған сыйымдылықпен арнайы бордақылау алаңдарында семіртілген 250 кг салмағы бар 240 000 бас бұқа. 240 000 бұқа алу үшін тұқымды түрлендіру үрдісіне қатыстырылған шаруа және фермерлік қожалықтарда 600 000 бас аналық қара мал болуы қажет. Мұнымен орташа бұзаулардың шығуы 80% құрайды, оның жартысы бұқалар. 31 қазандағы жағдай бойынша көрсетілген мал категориясының саны жоспардың 63% немесе 375 000 басты құрайды. 2014-2015 жылдары көрсеткішке қолжеткізіледі.
2012 жылдан бастап селекциялық және тұқымдық жұмыстарды жүргізуге аналық мал басын субсидиялау механизмі енгізілді. Бұл ішкі нарықта бұрын сойысқа кеткен ІҚМ аналық мал басына деген сұраныстың өсуіне алып келіп, нарықта етке өткізілуі тиісті мал басының тапшылығы пайда болды. Десекте, көрсетілген уақытта фермерлік шаруашылықтарда ІҚМ аналық мал басы 25%-ға ұлғайтылды.
Бұдан басқа, «Агробизнес-2020» бағдарламасында қаржының қолжетімділігін арттыру, жаңа техника мен жабдықтарды сатып алуға инвестициялық субсидиялар беру, займдарды кепілдендіру жолдарымен өнімнің өзіндік құнын азайту шаралары көзделген.
Мұнымен, мал шаруашылығын дамытуға республикалық бюджеттен бөлінген қаражат көлемі 2014 жылдан бастап 35% -ға көбейтілмек.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласын қолдау және өндірістік қуаттылықтың жүктелуін арттыру үшін «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында саланы техникалық және технологиялық жарақтандыру, қаржылық ресурстардың қолжетімділігін арттыру, аграрлық бизнесті жүргізуге жағдай жасауға бағытталған шаралар кешені көзделген.
Қайта өңдеу саласын дамыту аясында шебер-жоспар әзірленді. Оның мақсаты қайта өңдеу кәсіпорындарын модернизациялау мен қайта құру, сүт пен етті дайындау орындарын құру. Мұның нәтижесінде қайта өңдеу кәсіпорындардың қуаттылығын жүктеуге, тиісінше, азық-түлік өнімдерінің өндірісін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде шебер-жоспар мүдделі тараптардың ескертулерімен пысықталуда.
Қолданыстағы мемлекеттік қолдаумен бағдарламада қайта өңдеуші кәсіпорындардың шикізат сатып алуға кеткен шығындарының бір бөлігін өтеуді көздейтін жаңа механизм көзделген. Бұл шара қант қызылшасынан ақ қант өндіруге және сүттен сарымай, ірімшік және құрғақ сүт өндіруге арналған. Осы мақсатқа 52,5 млрд.теңге көзделген.
Саланы қолдауға 2020 жылғы дейін 140 млрд.теңге бөлу көзделген, ол отандық тауар өндірушілерді қолдау деңгейін Ресей мен Белорусиядағы қолдаумен теңестіруге мүмкіндік береді.
Одан басқа, Ауыл шаруашылығы министрлігімен қайта өңдеу саласын дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған іс шаралар кешені әзірленіп, Үкіметтін қарауына енгізілді.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
8 (7172) 555-765
info_mcx@mail.ru
www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus