Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Астана базарларында көкөніс арзандады

Астана базарларында көкөніс арзандады

Астанада жартыжылдықтың қорытындысы бойынша кейбір азық-түліктің бағалары арзандады. Қалалық Статистика департаментінің хабарлауынша, үстіміздегі жылдың 15 шілдедегі мәліметі бойынша Астана базарларында бірқатар көкөністердің бағасы төмендеді, деп хабарлайды astana.kz сайты. 

«Қияр – 9,6%-ға, қызанақ – 8,9%-ға, қырыққабат – 3,9%-ға арзандаса, сәбіз 9,5%-ға, қызылша 3,4%-ға, пияз 3,2%-ға, картоп 1,2%-ға қымбаттады», – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, жұмыртқа 6,6%-ға, қарақұмық жармасы 2,5%-ға және тары бағасы 1,3%-ға төмендеген.

Департаменттің хабарлауынша, бірінші жартыжылдықта жоғары сұрыпты бидай ұнының бағасы 1,3%-ға, ұнтақ жармасы 1,6%-ға, қаймақ 1,0%-ға өскен.  

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus