Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Қазақстанға органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруге 1 млрд теңге бөлінеді

Қазақстанға органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруге 1 млрд теңге бөлінеді

7470e8c872bd80216decfb0fca4a914e_XL
Биыл Біріккен ұлттар ұйымына кіретін Бүкіләлемдік азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы Қазақстанға 1 миллиард теңгенің техникалық көмегін ұсынбақ.

Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Гүлмира Исаева Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз жиынында мәлім етті. Ол қаржы елімізде органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға және шаруалардың тәжірибе алуына жаратылады. Айта кеткен жөн, жақында Қазақстанда бұл ұйымның байланыс пен әріптестік бюросы ашылды. Қазір ұйымға 190 мемлекет мүше. Олардың ортақ мақсаты – азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Гүлмира Исаева, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:
– Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының жергілікті кеңсесі біздің елде басымдыққа ие жобаларды жүзеге асыруға көмектеседі. Яғни шетелдік мамандар органикалық өнімдерді өсіру жүйесін үйретіп, оны сертификаттау тәсілдерін көрсетеді. Біз үшін бұл өте маңызды қадам. Себебі халықаралық стандарттарды зерттеу арқылы болашақта біздің шаруалар өзінің органикалық өнімдерін жоғары бағамен шетелге экспорттай алады.


Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/120364-nimderin-shy-aru-a-1-mlrd-te-ge-b-linedi

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика