Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР АШМ-нің алқа отырысында 2015 жылдың жұмыстары қорытындыланды

ҚР АШМ-нің алқа отырысында 2015 жылдың жұмыстары қорытындыланды

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 18.02.2016ж.                                                                                                                                 Астана қ.

 

2015 жылы ауыл шаруашылығының ішкі жалпы көлемі 4,4%-ға ұлғайып, 2,7 трлн. теңгені құрады. Бұл өсім өсімдік 5,6% (1,5 трлн. теңге) және мал шаруашылығы 3,2%                 (1,2 трлн. теңге) өнімдерінің өндіріс көлемінің ұлғаю есебінен қамтамасыз етілді.

Азық-түлік өндірісіндегі негізгі капиталға инвестиция көлемі 28%-ға артып, 55,9 млрд. теңгені құрады. Десек те, ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі капиталға инвестиция көлемі 6,3%-ға төмендеп, 167,1 млрд. теңге болды.

Еліміздің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған бірқатар заңнамалық актілер қабылданды.

Ұсақ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің бірігуіне кедергі жасайтын барьерлерді жою үшін «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» жаңа заң қабылданды.

Сондай-ақ, органикалық өнім өндірісін дамытуға жағдай жасайтын «Органикалық өнім өндіру туралы» заң қабылданды.

Мұнымен бірге, тұқым шаруашылығы, асыл-тұқымды мал шаруашылығы, АӨК мемлекеттік реттеу саласында ілеспе Заңға толықтырулар енгізілді. Бұл АШТӨ-ге асыл-тұқымды өнім нарығына заңды және жеке тұлғаларға тең  мүмкіндікті қамтамасыз етіп, әкімшілік кедергілерді төмендету, асыл-тұқымды және селекциялық жұмыстарды өздігінен реттеуге беру және  сортты сынау үшін қажетті уақыт аралығын жоятын озық селекциялық жетістіктерді қолдануға рұқсат беру мүмкіндігін береді.

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгертулер енгізілді, атап айтқанда: ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншікке сауда арқылы берудің жаңа механизмдері; жеңілдетілген бағамен жеке меншікке жалға берілген ауыл шаруашылығы жерлерін қайта сатып алу; ауыл шаруашылығы өндірісінде қолданатын жерлердің мақсатты пайдалану түрін өзгерту талаптарын жою.

Ветеринария саласында ХЭБ-пен 9 облыс бойынша жануарлардың вакцинациясыз аусылдан таза аймақ ресми мәртебесі берілді. Бұл отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мал шаруашылығы өнімдерін Қазақстаннан тыс аймақтарға еш кедергісіз шығаруға мүмкіндік береді.

Аграрлық ғылымды реформалау шеңберінде «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғам құрылды. Орталықтың негізгі мақсаты жоғары тәжірибелі мамандарды даярлау, қайта даярлау негізінде аграрлық секторды инновациялық бағытта дамытуды қамтамасыз ету, АӨК-не тиімді шетелдік технологияларды трансферттеу, ғылыми зерттеулердің қорытындыларын әзірлеу және енгізу.

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі үстіміздегі жылдың маңызды оқиғасы болып айқындалды. Бұл еліміздің тең құқылы сауда-экономикалық серіктес ретінде мойындауының айқын дәлелі. Бұл ретте, ДСҰ-ға кіру кезінде көп талқыланған сұрақтардың бірі ауыл шаруашылығы саласы болатын. Нәтижесінде, Қазақстан жыл сайын өндірілетін жалпы өнімінің 8,5% деңгейінде тікелей субсидия түрінде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың шараларын қолдануға қол жеткізілді.

Салыстырмалы түрде, Ресей Федерациясы, Украина, Қырғызстан, Молдова, Хорватия, Грузия келіссөздер қорытындысы бойынша тек 5% көлемінде мемлекеттік қолдау көрсету құқығына иеленді.

Алдағы уақытта ауыл шаруашылығының негізгі мақсаты ішкі нарыққа қажетті көлемде ауыл шаруашылығы өнім өндірісінің тиімділігін қамтамасыз ету және сыртқы нарықта жетекші орындарға шығу мақсатында экспорттық ресурстарды қалыптастыру.

 

 

ҚР АШМ баспасөз қызметі

+7 (7172) 555-765

minagripress@gmail.com

www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus