Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа отырысында өткен жылы атқарған қызметі қортындыланды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа отырысында өткен жылы атқарған қызметі қортындыланды

Ауыл шаруашылығы дәнді дақылдарының жалпы егіс көлемі 21,5 млн. га құрады, оның ішінде дәнді дақылдар 15,3 млн. га, сондай-ақ бидай – 12,4 млн. га орналастырылды. Соңғы көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 699 мың га кемісе, майлы дақылдар алқабы керісінше артып 2,3 млн. га құрады.
2012 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыстар әкімдіктері, «КазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және «Казагроинновация» АҚ арасында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша меморандумдарға қой қойылғандығын еске саламыз. Өткен жылдың қорытындысы бойынша республикада қант қызылшасы мен картопты санамағанда барлық дәнді дақылдар бойынша меморандумдағы индикативті көрсеткіштерге қол жеткізілді. Осылайша, бидайға арналған егіс алқаптары 2,4 млн. га қысқарды. Қабылданған шаралар бидайға деген сұраныс пен ұсыныс көлемін таразылауға, баға демпингінің пайда болуына жол бермеу, егіс айналымын енгізіп, шемшөп, майлы, азықтық және көкөніс-бақша дақылдарының көлемдерін арттыруға мүмкіндік берді.
Күрделі табиғи жағдайға қарамастан дәнді дақылдар оруға тиесілі 14855,3 мың. га (99,1%) жиналды. Бастапқы салмақта 18,9 млн. тонна астық (орташа өнімділік – 12,7 ц/га), бастырылды, оның ішінде бидай шамамен 14,5 млн. тонна құрады. 2,1 млн. тонна 2015 жылы астыққа деген жазғы дақылдар тұқымының қажеттілігі есебінен 1,8 млн. тонна себілді. 2015 жылғы астыққа тұқым тапшылығы мәселесін шешу үшін «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ қараша айында бидайды форвардтық сатып алуын жариялады. Осылайша, шаруалар тұқым сатып алуға ӘКК кепілдігімен қаражат алып, келесі жылы жиналған астықтан қайтара алады.
Қазіргі таңда еліміз бойынша астық сақтау қоймалардың қуаттылығы 25,1 млн. тонна. Ү.ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада 13,2 млн. тонна астық бар. Барлық астық сақтау қоймалары 52,6 %-ға жүктелген.
Жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының саны ұлғайды. 2013 жылмен салыстырғанда ет өндірісі (сойыс салмағы) 3,2%-ға өсіп, 898,9 мың тоннаны құрады, сиыр сүті – 2,6 %-ға өсіп 5020,1 мың тоннаны, ал тауық жұмыртқасы – 10,1%-ға өсіп 4272,5 млн. дананы құрады. Жағымды динамика саланың барлық өндірісі мен шаруа қожалықтарында байқалуда. Қазақстан соңғы 5 жылда алғаш рет ірі қара мал етінің экспортын 14 есеге ұлғайтып, шамамен12 мың тонна ет және ет өнімін эскорттады.
Мемлекеттік қолдау шаралары бойынша, өткен жылы мал шаруашылығының дамуына жергілікті бюджеттен бөлінген қосымша қаражат есебінен 49,8 млрд. теңге қарастырылды. «Алтын асык» қой шаруашылығы және «Құлан» жылқы шаруашылығы бойынша несиелік бағдарламалары арқасында фермерлік шаруашылықтарымен 83,8 мың қой және 11,6 мың жылқы алынды. «Ырыс» бағдарламасы шеңберінде 1800 мал басы бар 19 сүтті-тауарлы фермалар қаржыландырылды.
2014 жылдың басынан бастап жануарлардың аса қауіпті 194 ауруы тіркелді, оның 166 ошағы жойылып, жергілікті атқарушы органдардың шешімімен жабылды. Қалған 28 ошақта ветеринарлық-карантиндік шаралар өткізілуде. Өткен жылдың сәйкесінше уақытымен салыстырғанда ауыл шаруашылығы жануарларының ауру ошақтары 9%-ға азайды (2013 жылы – 211 ошақ).
2012 жылы Халықаралық эпизоотикалық бюромен келісілген Қазақстанның ветеринарлық қызметін модернизациялау стратегиясына сай аусылмен күресудің Жоспары әзірленді. 2016 жылы Қазақстан аусыл бойынша таза аймақ мәртебесін алуды жоспарлап отыр.
АӨК ғылыми қамтамасыз етуді қаржыландыруға республикалық бюджеттен 5,3 млрд. теңге бөлінді. Ғалымдардың еңбегінің нәтижесінде мемлекеттік сорттық сынауға ауыл шаруашылығы дақылдарының 110 сорты мен будандары жасалып, берілді. Қой, түйе, жылқы және ІҚМ жаңа типтері шығарылды. Бұдан басқа мал шаруашылығы үшін емдік дәрі-дәрмектер мен вакциналардың 11 атауы әзірленді. Дәнді дақылдар алқаптарында отандық селекциялы сорттардың үлесі 47,5% құрады.
2014 жылы орманды қайта қалпына келтіру және өсіру 80,4 тыс.га алқапта жүргізілді. Арал теңізі аумағында экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында 10,6 мың га аумақта сексеуіл отырғызылды. Ал 2008 жылдан бастап Аралдың құрғаған түбінің аумағында 56,5 мың га орман алқаптары отырғызылды.
Қазақстандағы киіктердің саны 256,7 мыңға жетіп, 2005 жылмен салыстырғанда 6,4 есе артты. Сондай-ақ, арқар, қарақұйрық, құлан, бұғылардың саны өсуде.
Мемлекет қазынасына табиғатты пайдаланушылардан 523,0 млн. теңге көлемінде төлем түсті. Өткен жылы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарымен су қоймаларына 168,4 млн. дана бекіре, ақсақа, тұқы және өсімдік көректі балықтары жіберілді.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында 2,5 трлн. теңгені құрады, бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,8%-ға артық.
Алқа отырысының қорытындысы бойынша көктемдік-далалық жұмыстарды уақытылы әзірлеп, өткізу, «Агробизнес-2020» бағдарламасын жүзеге асыру, сондай-ақ, ет экспортын ұлғайтып, егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша жұмыстарды жалғастыру тапсырылды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172)55-57-65
e-mail: minagripress@gmail.com
www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus