Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Қазақстандағы егіс науқанын қаржыландыруға 60 млрд астам теңге бағытталды – «ҚазАгро»

Қазақстандағы егіс науқанын қаржыландыруға 60 млрд астам теңге бағытталды – «ҚазАгро»


АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның негізгі астық егетін облыстарында егу науқаны басталды, оңтүстік өңірлерде көктемгі егу жұмыстары жалғасуда, оларды жүргізуге «ҚазАгро» ұлттық холдингі қаржыландырудың барлық есебінен жалпы көлемі 61,2 млрд теңге бағыттау жоспарланған, олардың ішінде 40 млрд теңге – бюджеттік несие, деп хабарлады www.primeminister.kz холдингтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Осы жылдың көктемгі егіс жұмыстарын қолдауға «ҚазАгро» Ұлттық холдингі барлық қаржыландыру көздерінен жалпы көлемің 61,2 млрд. теңге бағыттауды көздеп отыр, оның 40 млрд. теңгесі – бюджеттік несие», – делінген хабарламада.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, холдингтен егін науқанына бөлінген қаражат 6,2 млн. га жерде агротехникалық шараларды өткізуге мүмкіндік береді. Холдингтің мәліметінше, бүгінгі күні «ҚазАгро» компаниясына ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 3 мыңнан астам өтінімдер келіп түсті, өтінімдердің жиынтық сомасы 28,9 млрд. теңгені құрайды. Бұл көрсеткіштің 2,5 мың өтінімі бүгінде мақұлданды. 14,5 млрд. теңгені құрайтын 1,6 мыңнан астам өтінімдер қаржыландырылды.

Көктемгі егіс жұмыстарын несиелендіруге келіп түскен ең көп өтінімдер – Қостанай облысы (962 өтінім), Ақмола облысы (694), Оңтүстік Қазақстан облысы (616), Солтүстік Қазақстан облысы (357) және Павлодар облысы (144)аймақтарды қамтиды .

Егін науқанын қаржыландыруды «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің құрамындағы үш даму институттары жүргізеді – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ. Бұдан бөлек АӨК субъектілерінің несие көздеріне қолжетімділігін арттыру үшін «ҚазАгро» Ұлттық холдингі республиканың агросаласындағы шаруашылықтарды қаржыландыруға бірқатар екінші деңгейлі банктерді қаржыландырды. Бұл мақсаттарға холдинг бюджеттік несиеден 20 млрд. теңге бөлді. Бүгінгі күні егін науқанына банктер 16,2 млрд. теңгеден астам сомаға қаржыландыру жұмыстарын жүргізді. Несиелендіру стандартты банктік рәсімдер бойынша жүзеге асырылады.

Қаржылық ресурстардан бөлек «ҚазАгро» ауылдықтардың машина-трактор паркін жаңалау сұрақтарын шешуде. Аграршыларға қажетті ауыл шаруашылық техникасына қол жеткізуді «ҚазАгроҚаржы» АҚ лизинг пен несиелендіру құралдары бойынша жүзеге асыруда.

Бүгінде компанияда 11,6 млрд. теңгені құрайтын 1 334 бірлік техникаға келіп түскен өтінімдер жұмыс үстінде. Қаржылық лизинг мәмілелері 7,1 млрд. теңге сомасына 745 бірлік техниканы иемденуге жасалды.

http://inform.kz/

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus