Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Астық дақылдарының ауруларымен күресу үшін республикалық бюджеттен 2,7 млрд. теңге қарастырылған

Астық дақылдарының ауруларымен күресу үшін республикалық бюджеттен 2,7 млрд. теңге қарастырылған

«Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің ақпараты бойынша 2014 жылы Қазақстанда аса қауіпті зиянды организмдердің таралуы 7,5 млн. гектар алаңда, оның ішінде астық дақылдарының (тот, септориоз) аурулары 2,2 млн. гектар алаңда таралуы болжамдануда.
Жыл сайын аса қауіпті зиянды организмдермен күресу үшін республикалық бюджеттен шамамен 4-5 млрд. теңге бөлінеді. Үстіміздегі жылы астық дақылдарының ауруларына қарсы химиялық өңдеулер жүргізуге 2,7 млрд. теңге қарастырылды. Оның 1,7 млрд. теңгесі фунгицидтерді сатып алуға, сондай-ақ пестицидтердің қорын құруға және химиялық өңдеу жөніндегі қызмет көрсетулерді сатып алуға бағытталды. 2014 жылғы 28 шілдедегі жағдай бойынша астық дақылдарының ауруларымен күресу үшін сатып алынған фунгицидтер бөлінді және өңірлерге жеткізілді. Егістіктерді аурулардан қорғау үшін 87 бірлік бүріккіш техникалар жұмылдырылды, оның ішінде ұшақтар – 41 бірлік және аэрозольді генераторлар – 46 бірлік.
Астық дақылдарының ауруларына қарсы өңделетін егістіктің алаңы 2,2 млн. гектарды құрайды. Химиялық өңдеуге жататын егістіктердің алаңы нақты қамтамасыз етілген 1,7 млн. гектар алаңнан аспайды, бұл болжамдалған көлемнің 76 %.
2014 жылғы 29 шілдедегі жағдай бойынша аурулармен зарарданған аумақ 3 млн. гектардан асады, оның 1,9 млн. гектары химиялық өңдеуге жатады. Бүгінгі күні республикалық бюджеттің есебінен 681,7 мың гектар және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері есебінен 247,3 мың гектар өңделді. Астық дақылдарының аса қауіпті аураларына қарсы тексерулер және өңдеулер жалғасуда.
Анықтама:
Қоңыр тат. Барлық жерде таралған, бірақта Қазақстанның Солтүстік, Батыс, Солтүстік-Шығысының орманды-жазық және жазық аймақтарында шаруашылық маңызы бар. Өнімділіктің азаюы аурулардың шығуы мерзіміне тәуелді және 3-5%-дан 10-15%-ға дейін ауытқиды. Саңырауқұлақтардың дамуына 18-23° С температура өте қолайлы болады және 4-6 сағат бойы шық түсуі немесе қысқа мерзімдік ақ жауынның болуы.
Септориоз. Қазақстанның орманды-жазық, жазық және басқа да аймақтарында таралған. Астықтың өнімділігінің кемуі 20-30% және одан жоғары болады.

ҚР АШМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus