Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар «Байсерке – Агро» ЖШС базасында Алматы облысы халқымен жер реформасы бойынша комиссия мүшелерінің отырысы өтті

«Байсерке – Агро» ЖШС базасында Алматы облысы халқымен жер реформасы бойынша комиссия мүшелерінің отырысы өтті

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
18.06.16 ж.                                                                                                                                                                                  Астана қ.

Бүгін «Байсерке – Агро» ЖШС базасында Алматы облысы халқымен жер реформасы бойынша комиссия мүшелерінің отырысы өтті.

Бүгінгі күнге дейін Комиссиямен үш отырыс және Ақмола облысының халқымен кездесу өткізілді. 

Алдынғы мәліметтерге сүйене кетсек, жер реформасы бойынша комиссия мүшелерінің негізгі міндеттері жер заңнамасының нормаларына қатысты ұсыныстарды қарау болып табылады.
Бұрынырақ, республикалық комиссияның екінші отырысында төрт жұмыс тобын (құқықтық, экономикалық, ақпараттық-түсіндіру  және ашықтықты қамтамасыз ету бойынша) құру жөнінде шешім қабылданды. Жұмыс топтарының басшыларымен топ ішінде жеке отырыстар өткізілді.

Халық арасында түсіндіру жұмысын кеңінен жүргізу мақсатында  ағымдағы жылдың 14 мамырынан бастап Call-центр (1434) қызмет етуде. Бүгінгі күнге дейін келіп түскен қоңыраулардың саны 9464 жетіп, оның ішінде жер телімдерін рәсімдеу, жалға алу, сату, сонымен қатар, ү.ж. 6 мамырында ҚР Президентімен бекітілген жарлығымен нормаларға моратории жүргізу мәселеріне қатысты қоңыраулар келіп түсуде.

Бұға қоса, арнайы ашылған «jerturaly.kz» сайтына сұрақтар мен ұсыныстар келіп түсуде. Бүгінгі күнге дейін 860 сауал келіп түсті. Барлық келіп түскен ұсыныстар тіркеуге алынып, комиссия мүшелерінің қарауына енгізілуде.

Анықтама:
«Байсерке-Агро» шаруашылығының негізгі даму бағыттары өсімдік шаруашылығы, азық дайындау, асыл тұқымды етті-сүтті мал шаруашылығы, асыл тұқымды жылқы және қой шаруашылығы.
Шаруашылықта 43323,3 га жер алқаптары, соның ішінде егістік 3366 га, жайылымдар 39822,1 га құрайды. Қазіргі таңда шаруашылықта 2218 ІҚМ, 9243 қой мен ешкі, 537 жылқы және 149 бас түйе өсіріледі.
«Байсерке-Агро» асыл тұқымды қазақтың ақбас тұқымы, асыл тұқымды голланд, қара-ала сиырлары мен биязы жүнді және еділбай қойларын өсірумен айналысады. Шаруашылықта 300 ге жуық адам еңбек етуде.
2011 жылдың тамызында қуаттылығы жылына 1 800 тонна сүт өнімдерін өндіретін зауыт іске қосылды. Сүт зауытында (Megatex) итальяндық құрылғы орнатылған, жобаның құны 1 374,3 млн. теңгені құрайды. Мұнда сүт, тетропакеттерде айран, қаймақ, ірімшік, йогурт және сары май өндіреді.
2011 жылдың желтоқсанында кәсіпорын қуаттылығы жылына 1250 тонна ет өнімдерін өндіретін зауытты іске қосты. Жобаның құндылығы 1 316,8 млн. теңгені құрады. Зауытта ірі кесекті вакуумдық қаптамадағы салқындатылған ет және шұжық бұйымдарын шығарады.
2013 жылы шаруашылық Канададан 634 бас асыл тұқымды голштин ІҚМ әкелді. 2014 жылдың аяғында  ЖШС қосымша 2800 бас ангус етті тұқымды ірі қара малын сатып алды.

 

ҚР АШМ баспасөз қызметі                                                  
+7 (7172) 55-57-65
E:  minagripress@gmail.com 
W: www.minagri.gov.kz

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика