Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 49 млрд. теңгеге субсидияланады

Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 49 млрд. теңгеге субсидияланады

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі екінші деңгейдегі банктермен, қоғамдық ұйымдармен, ҰКП АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру мәселесін талқылау қорытындысы бойынша қаржы институттарына «ҚазАгро» Холдингпен орнатылған сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауын көздейтін қаржылай сауықтыруды іске асырудағы қосымша механизм әзірленді.
«Агробизнес-2020» бағдарламасы ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің лизингтік және несиелік міндеттемелердің қайтару мерзімін ұзарту және сыйақы мөлшерлемесін арзандатуды екінші деңгейлі банктердің АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыруын өз есебінен және «ҚазАгро» Холдингінен тартылған қаражат есебінен өткізуді қарастырады.
Субсидиялау мынадай шарттарда жүзеге асырылатын болады:
– қаржы институттарына қорландыру қаражаты «ҚазАгро» Холдингпен проценттік ставка теңгеде жылдық 10 % (он) кем емес орнатылады, оның 7 % (жеті) қаржылай сауықтыру жөніндегі комиссия шешімі негізінде мемлекетпен субсидияланатын болады;
– қаржы институттарына қорландыру қаражатын «ҚазАгро» Холдинг теңгеде жылдық 3 % (үш) орналастырады;
– қаржы институттары жылдық 7 % артық емес сыйақы мөлшерлемесімен және қайтару мерзімі 9 жылға дейін жаңа кредиттік келісім-шарт жасау арқылы АӨК субъектілерінің міндеттемелерін қайта қаржыландыруды жүзеге асырады.
Қосымша механизмді қарастыратын АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің ү. ж. 18 сәуірде № 379 Қаулысымен бекітілді.
Қағида бекітілген уақыттан бастап, бағдарлама Операторы «Қазагромаркетинг» АҚ-на қаржылай сауықтыру бойынша 203,9 млрд. теңге сомаға қаржылай сауықтыру шарасын жүргізу үшін «ҚазАгро» Холдингтен қорландыру қаражатын тартумен, жалпы негізгі берешек сомасы 254,5 млрд. теңгені құрайтын 247 АӨК субъектілерінен өтінім түскен.
Жалпы, қаржылай сауықтыру шеңберінде 2 жылда негізгі қарыз сомасы 167,6 млрд. теңгені құрайтын АӨК субъектілерінің 217 өтінімі мақұлданған. Осы ретте келісім-шарттың мерзімінің соңына дейін жоспарланып төленетін субсидияның жалпы сомасы 49 млрд. теңгені құрайды.
Жалпы, қаржылай сауықтыру шарасын қабылдау, қаржылай сауықтыруға мақұлданған АӨК субъектілерінің қаржылық көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді. Мысалға, АӨК субъектілерін сауықтыру бағдарламасына қатысуға мақұлданған жалпы өтімділік коэффициенті 1,1-ден 1,4-ке артты, ал орташа жылдық төлем гектарына 870,2 мың теңгеден 153,1 мың теңгеге төмендеген.
Мақұлданған АӨК субъектілерінің көп бөлігі өсімдік шаруашылығындағы қарыз алушыларға тиісті.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
Тел. + 7 7172 555 765
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus