Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар 27 мамырдағы жағдай бойынша жаздық дәнді дақылдарды себу 9244,9 мың га немесе жоспарланғанның 61,9% алқапта жүргізілді

27 мамырдағы жағдай бойынша жаздық дәнді дақылдарды себу 9244,9 мың га немесе жоспарланғанның 61,9% алқапта жүргізілді

Ү.ж. ауыл шарушылығы дақылдарын 21,8 млн. га алқапта орналастыру жоспарланып отыр. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 1,5% көп. Дәнді дақылдар 15,9 млн. га себіледі, майлы дақылдар – 2,0 млн. га, малазықтық дақылдар – 3,4 млн. га, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп – 410,0 мың га орналастырылады.
Қазіргі кезде оңтүстік аймақтың облыстарында жазғы дәнді дақылдарды, жүгері мен күріштен басқа, себу жұмыстары аяқталды, батыс және шығыс өңірлердің облыстарында жоспарланғанның 79% шамасында жүргізілді.
27 мамырдағы жағдай бойынша жаздық дәнді дақылдарды себу 9244,9 мың га немесе жоспарланғанның 61,9% алқапта жүргізілді. Бұл ретте барлық жаздық дақылдар бойынша егіс қарқыны былтырғы жылғы деңгейінде, ал майлы, көкөніс-бақша, көпжылдық шөп және картоп дақылдары бойынша былтырғы деңгейден жоғары.
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуін қарыжыландыруға «Казагро» Ұлттық холдингінің еншілес ұйымдары арқылы 40,0 млрд. теңге бюджеттік несие бөлінді, оның 14,0 млрд. теңгесі форвардты астық сатып алуды қаржыландыруға бағытталуда.
Ү.ж. 26 мамырдағы жағдай бойынша «КазАгро» Ұлттық Холдингі арқылы 16,4 млрд. теңге қаржыландырылды (82%), оның ішінде 9,4 млрд. теңгесі – форвардты астық сатып алу бойынша (67%). Екінші деңгейдегі банктер арқылы 19,7 млрд. теңгеге жуық қаржысы игерілді немесе 98%.
Өсімдік шаруашылығы саласын барлық бағыттар бойынша субсидиялауға 71,2 млрд. теңге бөлінетін болады, ал мемлекеттік ресурстарға көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы астық сатып алуға – 3,5 млрд. теңге.
26 мамырдағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 295,7 мың тонна арзандатылған дизель отының 1 литрін 95 теңге шамасындағы бағамен тиеп жөнелтілді, бұл көктемгі дала жұмыстарына бөлінгеннің 82%.
2014 жылдың 15 сәуіріндегі жағдай бойынша ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы шамамен 98% құрап отыр. 2013 жылы республиканың АШТӨ 6182 бірлік техникасы алынды (тракторлар – 2205, астық ору комбайндері – 1146, егін кешендері – 210, сепкіштер – 319, ору -317, қопсытқыштар – 70 және 1915 бұдан басқа техника).
Үстіміздегі жылы егін егу компаниясында жоғары өнімді 3 мыңнан аса бірлік егін егу кешендері қатыспақ. Бұл аз агротехникалық уақытта дәнді дақылдардың шамамен 60 % егуге мүмкіндік береді.
«Казгидромет» РММ мәліметі бойынша көктемдік-далалық жұмыстары барысында жердегі ылғалдың оптималдық қоры Солтүстік-Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарында, қанағаттанарлық – Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарында, оптималдыдан аз қор – Шығыс-Қазақстан облысында. Мамыр айында нормадан жоғары жауын-шашын мөлшері Солтүстік-Қазақстан және Қостанай облысының солтүстігінде болады деп болжанып отыр.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
Email: minagripress@gmail.com
Тел. + 7 7172 555 765
www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus