Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Нұрсұлтан Назарбаев: Аграрлық сектор ҚР экономикасының одан әрі дамуының негізгі басымдығына айналуы тиіс

Нұрсұлтан Назарбаев: Аграрлық сектор ҚР экономикасының одан әрі дамуының негізгі басымдығына айналуы тиіс

1470
Аграрлық сектор Қазақстан экономикасының одан әрі дамуының негізгі басымдығына айналуы тиіс. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы барысында мәлім етті.

«Бүгін мен жаңа жағдайлардағы біздің экономикалық стратегиямыздың негізгі бағыттары мен басымдықтарын атап өтсем деп едім. Біріншіден, экономикалық өсімнің жаңа көздері қажет. Шикізат құны жоғары болған кезең аяқталды, бұл біз үшін енді мұнай-газ секторы мен металлургия негізгі өсім көздері бола алмайтынын білдіреді, олар тек қазіргі деңгейге қолдау бола алады. Келесі бағыттар біз үшін тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ете алады, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіптік кешеннің үдемелі дамуы, индустриалдық бағдарламаның одан әрі жүзеге асырылуы, кәсіпкерлікті дамыту, азаматтарымыз үшін қолжетімді баспана салу, елдің транзиттік әлеуетін ескерумен көлік инфрақұрылымын дамыту», – деді Н. Назарбаев.

Президент 2015 жылдың және 2016 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша аграрлық сектор мен өңдеу өнеркәсібі экономикалық өсім көздеріне айналғанын атап өтті.

«Маған баяндалғандай, биыл аграрлық секторда жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілу күтілуде, ең төменгі көрсеткіштің өзінде күтілетін жалпы түсім 18 млн. тоннадан кем болмайды деп болжануда. Сондықтан, жаңа жағдайларда біздің стратегиямыздың негізгі басымдығы аграрлық секторға берілуі тиіс. Ол біз үшін негізгі өсім көзіне айнала алады. Бұл туралы барлық халықаралық сарапшылар бұрыннан айтып жүр. Бұл тек экономикалық қана емес, әлеуметтік те мәселе, өйткені біздің азаматтарымыздың 47% ауылдық жерлерде тұрып жатыр», – деді Н. Назарбаев.

Источник: https://primeminister.kz/kz/news/ekonomika/pervim-prioritetom-dalneishego-razvitiya-ekonomiki-rk-dolzhen-stat-agrarnii-sektor-n-nazarbaev-13015

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus