Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Нұрсұлтан Назарбаев: 2016 жылдың соңына дейін АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу қажет

Нұрсұлтан Назарбаев: 2016 жылдың соңына дейін АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу қажет

5f2fef894

2016 жылдың соңына дейін АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу қажет. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы кезінде мәлім етті.

«ИИД МБ тәрізді, «Агробизнес-2020» бағдарламасы негізінде биылғы жылдың соңына дейін АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу қажет. Бұл бағдарламаның басымдықтары, біріншіден, аса қажетті өнім түрлеріне баса назар аударумен өндірісті әртараптандыру және өнім көлемін арттыру: ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен оларды экспорттау болады. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін қолжетімді, бірінші кезекте олар үшін тиімді болатын ұзақ мерзімді несиелендіру жүйесімен қамтамасыз ету керек», – деді Президент Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде.

Президент кооперацияны белсенді дамытып, жеке қосалқы шаруашылықтарды тауарлық өндіріске тарту қажеттігін айтты, себебі, жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тең жартысы аталмыш шаруашылықтарда өндіріледі. Мемлекет басшысының айтуынша, олардың мүмкіндіктерін сервистік-дайындау кооперативтерін, өнімді алғашқы өңдеу, сақтау және өткізу үшін инфрақұрылым құру арқылы жұмылдыру қажет.

Сонымен қатар Н. Назарбаев суармалы жерлер мен су ресурстары мәселесін де қозғап өтті.

«Алдағы бес жылда кемінде 610 мың га суармалы жерді айналымға енгізу міндеті қойылып отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдер ауыл шаруашылығы жерлерінің тиімді пайдаланылуына қатаң бақылау жүргізуі тиіс. Бұл жерлерді апатты су қоймаларын жөндеу және жаңа су қоймаларын салу есебінен қажетті су көлемімен қамтамасыз ету керек», – деді Н. Назарбаев.

Источник: https://primeminister.kz/kz/news/ekonomika/do-kontsa-2016-goda-neobhodimo-podgotovit-gosudarstvennuu-programmu-razvitiya-apk-n-nazarbaev-13017

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus