Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар Ауыл шаруашылығы министрі А.С. Мамытбековтің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауды түсіндіру бойынша 2014 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқасында сөйлейтін сөзі

Ауыл шаруашылығы министрі А.С. Мамытбековтің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауды түсіндіру бойынша 2014 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқасында сөйлейтін сөзі

Құрметті алқаға қатысушылар!

Мемлекет Басшысы ағымдағы жылдың 11 қарашасында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауын арнады. Бұл Жолдау шын мәнінде ерекше жолдау болды. Өйткені Елбасымыз әлемдік көшбасшылардың арасында бірінші болып әлемдік экономиканың құлдырауы, шикізат ресурстарына деген бағаның төмендеуі, бюджеттің кіріс бөлігіне түсімдердің азаюы сияқты жаһандық сын-қатерлерге стратегиялық сипатта жедел шешім қабылдаудың үлгісін көрсетті.
Әлемдік және өңірлік экономиканың дамуындағы көрініс тапқан тұрақсыздық белгілері баса назар аударуды қажет етеді.
Президенттің тапсырмасы бойынша осы бағыттағы жұмыс та басталды, атап айтқанда 2015 жылға арналған ресбубликалық бюджет алда тұрған қиыншылықтарды есепке ала отырып, қайта қаралды. Бұл ретте Үкімет екі мақсатқа қол жеткізуі тиіс.
Бірінші, экспорттық шикізат ресурстарына бағаның құлдырауы салдарынан бюджетке түсімдердің азаюы жағдайында бюджеттік шығыстардың қайтарымын арттыру.
Екінші, мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауын қамтамасыз ету.
Бұл ретте экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуда аса үлкен мультипликативті тиімділік беретін салалар елеулі түрде қолдауға ие болады.
Ұлттық қордан бөлінген қаражат есебінен инфрақұрылымдық жобаларды қосымша қаржыландыру арқылы экономикалық дамудың тұрақтылығын арттыруға қол жеткізуге болады, бұл өз кезегінде экономиканы одан әрі түлетудің негізі болады. Осы мақсаттарға арналған бірінші транш (1 трлн. теңге) 2014-2015 жылдары бөлінді, оның ішінде шағын және орта бизнесті қолдауға 100 млрд. теңге бағытталды.
Айта кету керек, Қазақстанның орта сыныптың мықты іргетасын қалайтын шағын және орта бизнесті дамытуға үнемі назар аударуы өзінің оң нәтижелерін береді.
Мемлекеттік қолаудың осы тәжірибесі де жалғасын табатын болады. Президент өз Жолдауында Ұлттық қордан 500 млрд. теңге көлемінде екінші траншты бөлуді тапсырды, ол кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға және тиісінше қазақстандықтарды жұмыспен қамту мен олардың әл-ауқатын арттыруға бағытталады.
Ұлттық қордан қаржыландырудың негізгі бағыттарын слайдтан көруге болады. Жаңа сыртқы тәуекелдер жағдайында Қазақстанның экономикасын дамыту үшін іскерлік белсенділік пен жұмыспен қамтуды ынталандыруға арналған жаңа бастамалар қажет. Мемлекет Басшысы «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатының өзегі болатын, жеті бағытты қамтитын Қазақстанның инфрақұрылымдық даму жоспарын ұсынды.
Бірінші, Мемлекет Басшысы Қазақстанның инфрақұрылымдық даму жоспарын іске асыру шеңберінде бірінші дәрежелі рөлді көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамытуға береді. Осы бағыт макроөңірлерді хабтар қағидаты бойынша қалыптастыру аясында жүзеге асырылатын болады. Бұл Орталықпен және макроөңірлерді «Орталық-Оңтүстік», «Орталық Шығыс» және «Орталық-Батыс» бағыттары бойынша магистаралды автомобиль, теміржол және әуе жолдарымен шұғыла қағидаты бойынша өзара байланыстырады.
Соңғы жылдары Еуразия құрлығында халықаралық экономикалық байланыстардың жаһандану процесінің тереңдеуіне және Шығыс Азия мен Еуропа арасындағы жүк тасу ағымының өсуіне байланысты Ұлы жібек жолын қайта жаңғырту – кешенді еуразиялық трансқұрлықтық көпірді салу өзекті болып отыр. Бұдан басқа елдің шығысында логистикалық хаб және батысында теңіз инфрақұрылымын құру мәселесіне ерекше көңіл бөлінетін болады. Қазіргі Жолдау, оның ішінде Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру Қазақстан үшін индустриалдық инфрақұрылымдарды дамыту арқылы экономикада құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл экономиканы дамытудың екінші маңызды бағытында айқындалды.
Үшінші – энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев өткен 5 жылда Қазақстанда индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде энергетикалық инфрақұрылымдарды дамытуда үлкен жұмыстар жүргізілгенін атап өтті.
Осы бағытты одан әрі дамыту мақсатында Мемлекет басшысы жоғары вольтты желілер салуды тапсырды. Анықтамалық: «Екібастұз – Семей – Өскемен» және «Семей – Ақтоғай – Талдықорған – Алматы» Бұл қазақстандық электр станцияларының елдің барлық өңірлерін теңдестірілген энергиямен қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.
Төртінші, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен су және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту. Осы саладағы бар мәселелерді шешуге Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бағытталды. Бұдан басқа қазіргі Жолдауында Мемлекет басшысы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында инфрақұрылымды дамытуға қатысуға ниет білдірген әлеуетті инвесторлардың бар екеніне назар аударды. Осыған байланысты тиісті шаралар айқындалды.
Бесінші, тұрғын үй құрылысы – халықтың өмір сүру деңгейін дамытудың маңызды көрсеткіштерінің бірі. Қолда бар тетіктер мен құралдар Қазақстандағы тұрғын үй проблемаларын толық шешуге мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Жолдауында қалыптасқан жағдайда агломерациялар қалыптастыруда тұрғындар ағынына, еңбек нарығы мен қалалардың инфрақұрылымына, соның ішінде, тұрғын үй қорына қысымның күшеюін туғызатын осы мәселеге, әсіресе жалға берілетін тұрғын үй құрылысына көзқарасты қайта қараған жөн екендігін атап өтті.
Алтыншы, әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанда әлеуметтік мемлекеттің мықты іргетасы қаланды. Әлеуметтік саланы реформалаудың бірқатар параметрлері бойынша Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерін басып оза отырып, өз серіктестерінен алға кетті. Объективті түрде Қазақстан орташа еуропалық елдердің әлеуметтік дамуының сапалы деңгейіне барынша жақындады. Қазақстандықтардың өмір сүру стандарттары ұдайы өсуде.
Сонымен қатар, республикада бірқатар мәселелер бар, оның ішінде өзінің барабар шешімін талап ететін жұмыспен қамту саласында да проблемалар бар. Осыған байланысты Жолдауда Мемлекет басшысы мектеп және мектепке дейінгі білім беру саласындағы бірқатар проблемалық мәселелерді шешуге, жоғары оқу орындарының метериалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударды, сондай-ақ «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясат шеңберінде іске асырылатын тапсырма берді.
Жетінші, шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау. Тәуелсіздік жылдары ішінде шағын және орта бизнесті дамыту және елімізде бизнес-ахуалды жақсарту бойынша бұрын-соңды болмаған шарттар жүзеге асырылды. Мемлекет басшысы Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстандағы бизнеске көрсетілген көмек бірегей, ешқандай елде кәіпкерлікті қолдау үшін осыншама жағдай жасалмайды. Біздің елде шағын және орта бизнесті дамыту бірінші мәселе болып отыр деп атап көрсетті.
Қазіргі Жолдауында Президент осы бағытқа тағы да баса назар аударды және шағын және орта бизнесті экономикалық өсімнің драйвері ретінде дамыту бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды, сондай-ақ шағын және орта бизнестің үлесін 2050 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің 50 пайызына ұлғайту және шағын және орта бизнес үшін 2015-2017 жылдары жалпы сомасы 155 миллиард теңге несие желілерін Азия Даму банкі, Еуропа Қайта құру және Даму банкі, Дүниежүзілік банк есебінен тиімді пайдалану қажеттілігі бойынша бірқатар міндеттер қойды.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда да көптеген жұмыстар атқару қажет.
Мемлекет басшысы жаңа Жолдауында әсіресе тамақ өнеркәсібін дамытуды атай отырып, басталған бағдарды жалғастырудың қажеттілігін атап көрсетті. Тиісті шаралар Жолдауда айқындалған Инфрақұрылымдық даму жоспарында көзделетін болады. Сонымен, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын қайта жаңғырту шеңберінде Министрлік халықты ауыз сумен қамтамасыз ету, Шығыс Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстарының пайдаланылмайтын суармалы жерлерін қалпына келтіру мақсатында топтық су құбырларын салуға және жаңартуға жыл сайын қаржы бөлуді жоспарлап отыр.
Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау үшін ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы шикізатына және қаржы қызметтеріне қол жеткізу міндеттерін шешуге, саладағы өндірістік инфрақұрылымдық кедергілерді (коммуналдық, көліктік қызметтер, ыдыстар мен орамаларға шыққан шығындар және басқалары) төмендетуге, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің тетігі есебінен, отандық азық-түлік тауарларын өткізуді кеңейтуге, тағам өнімдерін тұтыну мәдениетін және тамақ индустриясы саласында техникалық реттеуді дамытуға, экспорт/импортты саудалық реттеуді жетілдіруге, сондай-ақ білікті кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның тиісті іс-шараларын іске асыру көзделді. Іс-шаралардың «Тағам өнімдері» бөлімін қаржылай қаражаттармен нығайту үшін Министрлік Индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасына тиісті өзгерістерді енгізуді жоспарлап отыр.
Бұдан басқа, шағын және орта бизнеске, сондай-ақ тамақ өнеркәсібі саласындағы ірі кәсіпкерлікке жеңілдікпен кредит беру үшін қаржы қаражаттарын (тамақ және химия өнеркәсібіндегі, машина жасаудағы, сондай-ақ, қызмет көрсетулер саласындағы жобаларға жеңілдікпен кредит беру бағытталған 100 млрд. теңгеден) бөлу мәселесін пысықтау жоспарланып отыр.
Алдымызда нақты міндетер тұр. Біздің міндетіміз бизнеспен бірлесіп оларды орындау.
Ұзақ мерзімді перспективада алдыға қойылған міндеттерді іске асыру бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешеннің және еліміздің экономикасының басқа да салаларының дамуына мультипликативті эффект береді.
Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus