Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Н. Назарбаев: Үкімет елдегі шағын несиелендіруді кеңейту бойынша шаралар қабылдауы керек

Н. Назарбаев: Үкімет елдегі шағын несиелендіруді кеңейту бойынша шаралар қабылдауы керек

743
Үкімет елдегі шағын несиелеуді кеңейту бойынша шаралар қабылдауы керек, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

«Бұқаралық кәсіпкерлік мәселесі – басым бағыттардың бірі, 6 жылдан бері БЖК-2020 бағдарламасы жұмыс істейді, оның аясында 270 млрд теңгеге ондаған мың ШОБ субъектісі қолданды. ЖҚЖК-2020 жүзеге асырылып жатыр, 5 жыл ішінде 450 млрд теңге бөлінді, биылғы жылы 218 млрд теңге бөлінді», – деді Елбасы.

Н.Назарбаев айтып өткендей, бүгінде бұл бағдарламалардың аясында жұмыспен қамту жүзеге асырылып жатыр, 722 мың адам жұмыспен қамтылды, 518 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

«Біз одан әрі бағдарламаларды дамытып, жетілдіру қажет. Бүгінде Үкіметке шағын несиелендіруді кеңейту бойынша шаралар қабылдауы керек», – деді Елбасы.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы өзін өзі жұмыспен қамтылғандардың 60 пайызы ауылда тұрады, осы орайда жұмыспен қамту бағдарламасы ауылдық жерде жұмыс ашу бойынша пилоттық жобаларды іске қосты, оған 10 млрд теңге бөлінді.

«Бұл пилоттық жобалар Ақтөбеде, Қызылордада, ОҚО мен Жамбыл,Алматыда жүзеге асырылады», – деді Елбасы.

Источник: https://primeminister.kz/kz/news/ekonomika/pravitelstvu-neobhodimo-prinyat-meri-po-dalneishemu-rasshireniu-mikrokreditovaniya-v-strane-prezident-rk-13022

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика